Шалқып жатқан малы үшін,
Бері таман ауып ем...—
деп, Шортанбай «бала зарында» өз өмірін баяндайды.
Ал енді сол Шортанбай келген кезде Сарыарқада ша
-
руашылық
жағдай қандай еді? Мәдениет сатысы, әдет
-
ғұрып, салт
-
сана қандай еді?
Ауыл
-
ауылға бөлініп, ру намысын жыртып, көшіп
-
қонып жүрген кез.
Ауылды ақсақал билейтін, ру басшысы–ауқатты бай билейтін, аймақты
хан билейтін мезгіл. «Хан өтірік айтпайды...», «у ішсең руыңмен...» «түбі
бірге түтпейді...» деп ханды қолпаштап, ру бірлестігін дәріптеп, кедей
мен байдың ынтымағын көздейтін мезгіл.
Сауда
-
саттық араласпаған, орта ғасырлық ескі өмірдің қаймағы
бұзылмаған, мұсылман діні де мықты орын теппеген, феодалды
-
патриархалды ауыл еді. «Қырғыз (қазақ) ұлыстары Мұхамет
дінінде жоқ,
ескі заман дінін қолданатын түріктерге таяу. Мұсылман діні бұларға әлі
сіңбеген, мұсылман дінінің ішкі мәнісін жетік білмейді»
–дейді академик
В. В. Радлов 1870
-
жылы шыққан «Түрік ұлыстарындағы халық
әдебиетінің үлгілері» деген кітабында.
Міне, Шортанбай Сарыарқаға осы кезде келді. XIX ғасырдың бірінші
жартысында, хандық дәуірінде, Кенесарының қылышынан қан тамып
тұрған кезде келді. Сол кезде Шортанбай ақын Жамантай, Құсбек дейтін
төрелерді шырғалап, солардың жыршысы болды.
Ендеше, Шортанбай феодализм заманында туып, сол дәуірдің
ыстығына күйіп, суығына тоңған адам.
Достарыңызбен бөлісу: