"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет49/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

7

195
 


асу тұрғанда, оның жыршысы да жасай беретініне кәміл сенеміз.
Ғабең қаламынан шыққан «Миллионер» повесіндегі Ахмет 
ұста өз кезінен өте жоғары тұрған бейне, келешекте –
коммунизм орнағанда орнын табатын тұлға. Ол:
«Ауданға 
барам! Құтылам малдан... Сенің біріңе колхоз ертең мыңын 
береді...»

дейді. Бұған әйелі –
Зылиқа қарсы болады: «Малсыз 
күнім 
жоқ... 
Қорамды 
қаңыратып, 
қолымды 
алдыма 
сыйғызбайын деп пе ең?» –
дегенде,
Ахаң қарқ
-
қарқ күліп: «Көн 
қатса қалпына барады» деген осы. Ендеше, малмен қоса кет 
фермаға», –
деп тойтарады.
Ахмет ертерек туған, ол

болашақтың, қала мен ауыл 
арасының айырмасы жойылған кездің, бірлескен тіршілікке 
жетіп –
«төртеу түгел болғанда төбедегі келетін» мезгілдің 
жаршысы. Біздің қазақ совет әдебиетіндегі алғаш көрінген 
Ахмет ұста: «колхозбен менің келіспейтінім жоқ», –
деп үзілді
-
кесілді пікірін білдіреді. Ахаң ол уақытта жалғыз бой көрсетсе, 
қазір сол сықылды азаматтар тобына сан жетпейді.
«Қарағанды» романындағы Мейрам –
партия қызметінде 
жүрген өзекті жас. Ол бұрын Щербаковтан үйренсе, кейін 
ұстазынан оза тартқан қайсар бейне. Құрғақ сөздің иесі емес, 
істің адамы. Ардақ тәрізді әйелі де өзіне сай.
«Дауылдан кейін» атты романында ұшырасатын Аман мен 
Шәкен тартысы да бізді қызықтырады, өйткені осы күрес 
екеуіне де оңайға
түспейді. Мұндай кектескен кезеңді бәріміздің 
де көзіміз көрген болатын.
Бір кезде еңбекші таптың басына қамшы ойнатқан болыс 
Малқар Аманның
алдында бетегеден биік, жусаннан аласа 
отырады. «Басына бозторғайдың қонса бақыт, самұрық саясында 
етер қызмет»

дегеннің кері.
Ғабеңнің бар еңбегін тізе беру оқырмандарды жалықтырар, 
алайда енді бір айтарымыз бар, ол –
«Көз көргенде» болсын, 
«Жиырма бес» атты туындысында болсын –
бәрінде де өз 
қолтаңбасы
196
 


сайрап тұрады демекпіз. Ғабиден Мұстафин бұлаң құйрыққа 
салып, бұра тартып, бұлдыратып адастырмайды.
Ғабең жетпіс жасқа жеткенше өз маңдайына біткен совет 
заманына еңбегін сіңірді. Тұстас тұрғыластарының сан
-
алуан 
бейнелерін жасады.
Түрлі түсті кейіпкерлерді айқын көрсетіп, жаңғырған
жаңа 
заманының болмыс
-
бейнесін айшықтап берді. Ғабиден ағаның 
қарақшы, ұрылары да біріне
-
бірі ұқсамайды. Таудың үңгірінде 
тығылған бес қарақшының басшысы Ахмет тұтқынға түскен
Жамалға өзін де, ерген жолдастарын да таныстыра келіп:
« 

Әуелі бақты алды. Бақтан кейін жерді алды. Екеуінің 
артынан мал кетті. Малмен қоса қатын
-
бала, ел кетті. Сонсоң 
мен тағы болып тауға шықтым, қасқыр болып қойға шаптым...

Бір болыс ел Ахмет демей, «Аха» дейтін еді...–деп аз
ғана 
отырды да:

Анау отырған Айбас, қандыбалақ ұры. «Ахаң» күнімде 
аулымның жел жағынан өтсе, жиренетін едім. Енді немді 
қызғанайын, қасыма қосып алдым. Мынау кісі қанын ұрттаған 
Жақып қашқын. Өзім қашқын болған соң, бұдан да қашқаным 
жоқ.
Өзіңе тақау отырған мысық мұрт –
колхозды борсықтай 
сорған Елемес... Анау жіпсік көз –
түрмеден қашқан адам, атын 
Жолдыаяқ деп өзіміз қойдық, –
деп сөзін бітірді».
Бұлардың қылмыстары да, қылықтары да бөлек
-
бөлек екенін 
әрі қарай дәлелдеудің өзі артық.

Біздің елімізде сан
алуан ығай мен сығай жазушыларымыз 
бұрын да болған, қазірде де бар. «Өткеннің ұжданы да, 
келешектің кемеңгері де дарын» дегенде, ойымызда Ғабең 
тұрды. Өйткені осы табыстардың бәріне оқу арқылы емес, тоқу 
арқылы, тек дарынның көмегімен жеткенін білеміз... Өнерпаз
197
 


Ғабиденнің осы қасиеті ұстазы Горькийге ұқсас.
Ғабиден Мұстафин —
дербес жазушылық қызметімен ғана 
шұғылданған жан емес, ол сонымен қатар әлеумет қайраткері. 
Ғабең шахтер, Ғабең ісмер ұста. Ғабең Қарағандының мыс 
қазанында қайнап, пісіп шыққан жұмыскер, Ғабеңнің өмірбаяны 
«Қарағанды» романында толық айтылған. Ішінде бірге жүріп, 
әбден қанып жазғандықтан, ол туындының шоқтығы да биік.
Қоғам баспалдағының ең төменгі сатысынан көтеріліп, СССР 
Жоғарғы Советінің, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты 
дәрежесіне шейін жеткен қажырлы қайсар, нар мінезді Ғабең! 
Ол Қазақстан Жазушылар одағын да басқарып, адал еңбек 
сіңірді. Ғабең –
кіршіксіз коммунист. Жазушы еңбектерін сарқа 
біліп, сапыра зерттеуден туған «тоқсан ауыз сөздің тобықтай 
түйіні» еді бұл. Біздің тілегіміз –
Ғабең жүз қырқалы қарақшыға
жеткенше, шабысынан таңбасын, шабытынан қайтпасын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет