"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет52/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

»
 

деп еді. Бұл ойлы сөз, орынды уайым. 
Сондықтан да тіл мамандары Сапар ағаның қолда барында бар 
қорын, бойында сақталған асылын алып қалуға тырысу жөн. 
Баяғыда Владимир Маяковский: «Где были пишущие, когда 
живой Хлебников живым ходил по
России?» –
деп өкінген
-
ді. 
Әрине, ең игілі ісіміз жасы ұлғайған ағаларымыздың бойында 
барын осы тірі күнінде, аяғын тік басып жүргенде зерттеуміз 
керек. Артынан өкіну қажет болмас. Бұған әлі онша кеш емес.
Сапекең әлі жас, бұған кеше ғана жазған өлеңдері
206
 


куә бола алады. Сапар ағамыз адал махаббаттың да пернесін 
басады, ішегін толғана шертеді:
Дүниеде көп жар сүйсем де,
Теңгермен бірін өзіңе.
Лебіңмен жанып, күйсем де
Шыдармын, сенші сөзіме!
Осымен сырды тоқтаттым,
Көп айтсам кетер шашылып.
Бір сен деп арнап тіл қаттым,
Айтпаушы ем, көптен ашылып,—
дейді.
Адамға тән, ақынға
жарасымды сезімдердің ешқайсысы да 
Сапекеңе жат емес. «Махаббат алдында жас та, кәрі де бас 
иеді»,–
деген ғой Александр Сергеевич Пушкин. Дүние жүзіне 
белгілі ұлы ақын Вольфганг Гете де 73 жасында Беттинаға ғашық 
болған.
Сапекең кірмеген қалтарыс жоқ, тақырыбы
сан
-
алуан, арнасы 
кең, Сапарғали өз ұлтының асыл қазынасына өте көп үңілген, бар 
өмірін соған сарп еткен қаламгер. Сөзді өзіне берелік:
Көз жіберіп кезер болсам өткенін,
Көрем талай асқарлы тау өткелін.
Тайғақ кешу, тар жолында елімнің
Білем, меруерт, маржан төгіп кеткенін,—
дейді.
Туған халқының ұшан теңіз ауыз әдебиетін, тіл қорын емірене 
сүйген патриот ақын үңіле зерттей келіп, ойын әділ қорытады. 
Мұнысы рухани байлықпен қоса, Қарағанды, Жезқазған, 
Қаражал, тағы да басқа өндіріс орындарында жер қойынын 
ақтарғанда тапқан асыл бұйымдарды да меңзеп тұрады.
Ақын аға кейде «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам 
баласын» дегендей, еңбексіз жүрген, сөз куған жандарды да 
кіналап түйреп өтеді.
Ертеңгің де бүгінгің ғой,
Несі медеу несиең?
Өрісі жоқ кұр қайыршы ой
207
 


Қымбат болмақ несімен?
Ертең берер асылыңды
Бүгін неге сүрлейсің?
Өз бойыңнан
көрмей мінді
Жатты неге кірлейсің? —
деп шенеп, зекиді.
Аздан кейін мейірімді
аға жанашырлық тілеуқорлық айтады:
Іштен ер боп кім туады?
Ер болам деп кім өсер?
Жұмбақ адам болашағы,
Күрессіз оны кім шешер?
Сол күресте ер ететін
Ақыл, қайрат, заманың.
Өрің
қия сен жететін,
Таймасыншы табаның?—
дейді.
Ойын әр салада өзінше жеткізген, өзіндік дербес орны бар 
ақын аға, тілі бай, жаны жақсылыққа жақын аға Сапекең.
«Арманым орыс халқының өрелі ойларын ертерек біле 
алмадым. Батыс мәдениетіне, әдебиетіне кешеуілдеп келдім», –
дейді Сапарғали. Таласқымыз келмейді, аға сыйлап өскен елдің 
баласымыз ғой, алайда ескерте кетелікші, ол Фридрих Шиллерді 
де, А. С. Пушкинді де, М. Ю. Лермонтовты да , Тарас 
Шевченконы да қазақ тіліне аударып, еліне сыбаға тартқан адам.
Сапар аға тек көргенін ғана жырлап қоймайды, ол қиял 
пырағына да мініп, көмескі, күңгірт сүрлеудің өзін топшылай 
алады:
Апасы ақ Баянның ару Таңсық,
Туған қыз тұрған кезде өмір қаңсып,
Шынардың шыбығындай ширатылып,
Қос өрім өстің өксіп суда шалшық.
Оқ тиген ақ бөкеннің лағындай,
Еңсеңді езіп еді заман жаншып.
Ардақты бүгін атың арманың жоқ

Батпақтан батыр заман алған аршып,—
деп тебіренеді.
208 


«Әлі келген алып та жығады, шалып та жығады». Ойдың өзі 
қайқайдағы қиыр дүниені де сүйреп алып кеп, көркейген жаңа 
өмірмен астастырады. Қалауын тапса –
қар жанады, еріксіз 
сенесің. Шебер тілдің тегеуріні осылай болуы заңды.
Талабы таудай, ақырын жүріп, анық басатын алдымыздағы 
үлгілі, зерделі ағамыз –
Сапекең.
Енді бір күрделі сала бар. Жастың қартаюы заңды; ал қарттың 
жасаруы өте ауыр. Сапар аға осы ережені де бұзып, жасара 
білген жүйрік. Бұл кісінің жасөспірімдерді тәрбиелеуде еңбегі 
зор, өзінің аталық орнын, тәрбиеші екенін біліп, елімізде 
кенжелеп туған балалар әдебиетін жасауда зор еңбек еткен 
қаламгеріміз –
осы Сапарғали.
Әр адам өз жасына сай сөз сөйлей 
алады. Бірақ өзін ұмытып, қажеттікті түсініп, жасөспірім балаша 
сөйлеу, соларша толғану, олардың ой
-
санасын кеңейту үлкен 
еңбекті, жалықпайтын ұстаздықты талап етеді.
«Құмырсқаның да сауыры
болады» дейді қазақ елі. Сондай
-
ақ 
бүгінгі күні балалар әдебиетінің, балдырған жастардың тәлім
-
тәрбиесін 
мойнына 
арқалаған 
ағамыз, 
қазіргі 
балалар 
әдебиетінде бетке ұстарымыз, ақсақалымыз –
Сапар аға. Белгілі 
мағанада Сапарғали –
қазақ елінің Маршагы дер едік. Әдебиеті 
кемеліне келген орыс халқында сан
-
алуан суреткер бар. 
Біреулері адамзаттың ішіне кіріп, соның жан құбылысын 
ақтаруға шебер. Кейбіреуі халықтың байырғы тіліне жүйрік. 
Енді біреулері құстың тілін біледі, табиғатқа жан бітіретіндері 
де болады. Мысалы, Л. Н. Толстой, А. М. Горький тәрізді алып

тар Купринге, Пришвинге осы жағынан келіп табынады. Бұлар өз 
бөлтегінде
орасан жүйрік, ешкімге жеткізбейді. А.
П. Чеховтың 
қысқа әңгімелерін Л.Н. Толстойдың романдарымен тірі жан 
салыстырмайды. Әрбіреуі өзінше жойдасыз биік шыңдар.
Сапарғали Бегалин роман жазбаған адам. Бірақ
209
 


сол қысқа
-
қысқа әңгімелерін оқып отырғанда, халық тілінің кең 
арнасын көреміз,
айшықты ерекшелігі осында. Сапар аға ескі 
ауыл өмірінің уызын көп емген

ойы
-
қырын жетік біледі. Қазіргі 
күнде ескі синтексис, халықтың байырғы тұнық, мөлдір тілі 
таңсық болып барады. Ескі жорға тілге жаңаша пішін беретін 
ақсақалымыз Сапарғали деп білеміз.
«Жеткіншек» жинағын (1960), «Мектеп түлектерін» (1961), 
«Бала Шоқан» атты еңбектерін оқып шыққанда, осы ойға еріксіз 
тиянақтадық. Балалар үшін жазылған ірілі
-
уақты талай 
кітаптарын шолып шыққандағы қорытындымыз осы болды.
«Жеткіншек» жинағына беташарды ақын
-
жазушымыз, белді 
азаматымыз Әбу Сәрсенбаев жазған екен. Сонда: «Бұл кітап 
сенің өмірің! Құрметті жас оқырмандар, сендердің алдарыңа 
сұлу миықты, әкелеріңдей байсалды, ағаларыңдай
жалынды, 
өздеріңдей қызыл галстукті....Сендерге әрі ата, әрі құрдас –
құрметті пионер, қадірмен жазушы Сапарғалидың әңгімелер 
жинағы ұсынылып отыр»,

деп басталады. Әрі қарай өз 
жүрегіндегі жылы лебіздерін аянбай ақтарады.
Бұл кітаптар туралы талай
-
талай рецензиялар шығып, 
халқымызға таныстырылған болатын. Әсіресе бала Шоқанның 
бейнесі, оның кедей баласымен жанқияр достығы қатты ұнайды. 
Шоқан демократ еді деп тамсанудан көрі, осындай «уақ 
көріністер» арқылы бейнелеу қызықтырады, сондықтан да өзіне 
тән ерекше дыбысы, кең тынысы бар, өзінше толғануы, айрықша 
талғамы бар дара жазушы Сапарғали –
қазақ совет балалары 
әдебиетінің атасы, көш басшысы.
Сапар ағаның біраз еңбектері орыс тіліне, тағы басқа тілдерге 
аударылып, тарап кеткені мәлім.
Айтар 
сөз 
көп, 
уақыт 
аз. 
Сапекең 
адал, 
Сапекең 
адамгершіліктің сом тұлғасы.
«Ұзын ойын қысқа қайыру дарынның туған сіңлісі», –
деп 
Чехов айтқандай, Сапар аға үнемі тұжырып, келте
210
 


қайыратын жазушы. Ол казақ еліндегі балалар, жас

өспірімдер 
әдебиетінің өнегелі де өрнекті ақсақалы. Сапеке, еңбегіңіз 
жемісті болсын! Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол, шежіре ағ а, 
шешен 
ақын! 
Кейінгі 
үрім
-
бұтаққа 
берер 
сыбағаңыз 
таусылмасын!
Алтынмын деп жарқылдаған
Жалған жезден жаман жоқ.
Асылмын деп барқылдаған
Айғайға орын қалған жоқ
,

деп, өзіңіз де айтқан екенсіз!
Құр айғайдың заманы өтті, еңбектің, істің дәуірі туып отыр. 
Еңбек иесіне ажалдың да әлі келмейді. Дегелеңнің дүлдүлі 
барлығып қалмай, ескі шабыстан талмай жүйтки беріңіз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет