"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет60/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

БАЛДЬІРҒАН БӨБЕКТЕРІМЕ
«Асау тұлпардай қиырсыз жерге
кұлаш керіп, бақыт, махаббат іздеген
жастар –
сендерге арналды бұл ән

дер!.. Жаңғыртыңдар, жаңартыңдар
ескі дүниені! Қайратты ер жастар!
Сендерге арналды бұл әндер!..»

Сәкен.
 
Бір кезде мен де өздеріңдей жас болдым. Қазір егде тартқанда 
өткен дәуреннің күңгірт елесі есіме түседі де, сендердің 
өмірлеріңе қызыға қараймын, қуанып отырамын.
Шырақтарым
-
ау, менің заманымда, қазақтың көшпелі 
аулында мектеп болған жоқ еді. Шамшырақтай жанған электр 
шамы бар; отыруға, жазуға, оқуға ыңғайлы парта қойылған, 
қалам, сия, қағаз, кітап жайылған жылы, кең, сәулетті үйлерді 
көрмедік. Отыздай адам бір қара
-
қоңыр кигіз үйге күн шыға 
жиналады, әркім өз үйінен сүйретіп әкелген тулақтарының үстіне 
жүгініп отырады. Жиырмадағы жігіттер мен алты
-
жеті жасар 
бөбектер қатар түзейді. Қолдарына ұстаған кітаптары да әртүрлі, 
айғайламай ішінен оқитын бір адам болмайды. Молда малдасын 
құрып, құдайға жазып, төрде мүлгиді, үйдің іші балық 
үлестіргендей. Айғай салып даурықпаған баланы көк шыбықпен 
осып жібереді. Молданың ұйқысы да ашылады, балалар да сергіп
сала береді. Оның айтқанын таңертеңнен кешке дейін 
жаттаймыз, сарнай береміз, түсте бір сағаттай үзіліс болады. Күн 
батар алдында «молдекең» кішкентай балаларды үлкендеріне 
арқалатып қойып, арқасына көк шыбықпен дүре соғады. Сонда 
молдамыз Есеншора көбінесе кедейлеу адамдардың балаларын 
батыл сабайды.
251 


Молдекеңнің сылтауы салмақты: күндіз дыбысын
шығарып, 
оқымаса да ыңылдап отырса бір жөн, ондай «әдепті» баланы 
дүреге жыға алмайды...
Біздің «оқуханамызда» демалыс жұма күні; бейсенбіде түске 
дейін ғана оқимыз. Осы бір жарым күн ішінде балалар молдаға 
«сыйлық» апарады

ол сыйлықтар «бейсенбілік», «жұмалық» 
аталады. Сол сияқты «сыйлық» апара алмаған сорлылар ғана көк 
шыбықтың көкесіне көрісіп, әкесін таны п жүреді, міні, таяқ 
жеудің негізгі себебі, заты, осында болмаса не қылсын?!
Кітаптарымыздың бәрі де араб, фарсы, шағатай, түрік, татар 
тілдерінде жазылған, қазақша бір кітап көрмейміз; оларда не 
айтылып, не қойып жатқанын балалар түгіл, молдекеңнің өзі де 
түсінбесе керек
-
ау! Біз де «қарасын» қақсап жаттай береміз. 
Енді, шырақтарым, сендерге түсінікті болу үшін мыса л 
келтірейін: Есеншора молда бізге «Шүрт –
салат» деген кітаптан: 
«мән –
бір мән, тәрәкә қойса, ульфажри –
таң намазын» деп сабақ 
берді. Біз солай жаттадық, артынан байқасақ, кітапта: «мән, 
тәрәкә, ульфажри» бар екен де, «бір мән» (бір мен) «қойса», «таң 
намазын» жоқ екен, бұлар әлгі араб сөздерінің аудармасы боп 
шықты. Қазақша айтсақ: «мен таң намазын оқымай қойсам..

күнәға батып, дозаққа барам», –
деген болып шығатын тәрізді.
Міне, шырақтарым, өзім осылайша Есеншорадан алты жыл 
оқып, хат танымай шықтым
-
ау! Оған, әрине, сендер сенбеулерің 
де кәдік. Алайда куәлерім бар: олар Сәбең, Ғабеңдер. Бұл кісілер 
ескі оқудың азабын менен де көбірек тартқан болар...
Туған шешем Рақия Алсай тайпасының Ақбура руынан шыққан 
Қоңырбай деген кісінің сегізінші қызы; енді қыз
таппау үшін, 
осы кенжеміз болсын деп, әке
-
шешесі атын Сарқыт қойған. Әкем 
Омар Тоқаның Тілен ұруынан шыққан Талжанның тұңғышы. 
Сарқыт пен Омар екеуінен сегіз ұл, екі қыз туыпты, сол сегіз 
ұлдың кенжесі –
мен. Атымды «Сәйдільғараб» қойыпты; мұның 
мәнісі
252 


арабтың «мырзасы», «қожасы» деген сөз екен, ата
-
ананың ойында 
ақау жоқ, менің «дәу» болуымды тілеген, бірақ ескі ел 
ғұрыпынша көп баланың кішісі болу –
иттің күшігі болумен тең. 
«Әуеден шұға жауса, құлға ұлтарақ та темейді...»
1918 жылқы жылы біздің ел жұтады. Кездеме мүлде жоқ, көйлек 
орнына киетініміз тоқтышақтың илеген терісі болды, міне, мен 
осы жарғақ киген жас бала кезімде 1921 жылы Ақмолаға жеттім. 
Көп ұзамай, Орынбордан туған ағам Әшім Омаров келді. Бұл кісі 
ерте оқыған,
орысшаға жүйрік, жасы жиырма үште. 1920 жылғы 4 
октябрьде Орынборда өткен бірінші създің делегаты, Сәкен 
Сейфуллинмен аталас ағайын, оның үстіне Сәкен екеуі әрі туған 
бөле, әрі туған
бажа. Қазақстан өкіметінің алғашқы мүшелерінің 
бірі де –
осы Омардың Әшімі.
Ақмолаға келісімен, Әшімді Ақмола уездік атқару комитетінің 
төрағасы, 
революцияшыл 
«Тройканың» 
төрағасы 
етіп 
тағайындады.
Онда совет заңы (конституция) шыққан жоқ, революцияшыл 
ұждан ғана заң. Азық
-
түлік салығы (продналог), күш
-
көлік 
салығы (гужналог) күнде жиналады.
Осылардың бірде
-
бірін түсінсем бұйырмасын! 
Артынан 
байқасам, азамат соғысы ішкі Россияда әлі аяқталмаған кез екен, 
жаңа құрылған жас Совет өкіметіне, оның данышпан көсемі 
Владимир Ильич Ленинге қарсы жаулар тұс
-
тұс жағынан андаған 
мезгілде,
сол арпалысқа төтеп беру үшін, қазақ елінен де азық
-
түлік, күш, көлік жиналып жатқан аласапыран дәуір екен. Сол 
мезгілді көзіммен көріп, енді егде тартқанда сендерге жеткізіп 
отырғаныма қатты қуанам.
Әлі есімде, бір күні Степная көшесінің бұрышында бір қа ра
-
сұр 
кісі келіп, Әшіммен амандасты: екеуіде салт атты. Біраз сөйлесіп 
тұрды. Әлдене уақыт өткен соң: «Иә, бәрі де дұрыс қой, 
Хайридден, бірақ қазіргі өскелең ой
-
сана марксизм идеясы, бұл 
бағытты ұлы көсеміміз Владимир Ильич Ленин бастайды; өзім 
осы 
253 


жолдамын қазақтай бұратана аз ұлтқа теңдік көп елден бұрын 
керек» деп, ойын келте қайырды да жүріп берді. Өзім құдайдай 
табынған оқымысты Әшім ағамның осы сөзі жүрегімде мәңгі 
қалды. Ленин атын тұңғыш естуім де осы арада. Содан былай 
Ленинді көруге қатты ынтықтым, бірақ ол мақсатқа қолым 
жетпеді. Орындалмаған көп арманымның бірі де, ең үлкені де 
осы!
Өзім орыс тілін 1926 жылы Қызылжарда А. С. Пушкиннің 
«Капитан қызын» оқыған соң біле бастадым. Артынала орыс 
әдебиетін оқуға құныға
кірістім: И. С. Тургеневтің жеті 
романын қысқа мерзімде оқып бітірдім, олар «Отцы и дети», 
«Рудин», «Накануне», «Дворянское гнездо», «Дым», «Новь», 
«Записки охотника» атты асыл туындылар еді.
Өз басым орыс жазушыларының ішінде А. М. Горький мен Ф. 
М. Достоевскийді жанымдай жақсы көрдім. Бұрын себебін 
білмеуші едім, енді байқасам, 1927 жылы Ф. М. Достоевскийдің
«Униженные и оскорбленные» атты романын оқыдым. Соның 
бірінші бетінде Шоқан Уәлиханов пен Ф. М. Достоевский екеуі 
түскен суретті көрдім. Елімнің ерен ойлы ардагер ұлы 
Шоқанның досы Федор Михайлович Достоевскийді жақсы 
көрмеу қолымнан келмесе керек
-
ті.
1927 жылы А. М. Горькийдің «Суайт саршымшық пен 
шымшыл тоқылдақ туралы» әңгімесін казақ тілі не аудара 
бастадым. 1929 жылы ол әңгіме «Жаңа әдебиет» (осы күнгі 
«Жұлдыз») журналына әрең басылды.
Журналдың редакторы осы күнгі классигіміз Ғабит ағаның 
жәрдемін өмірі ұмыта алмаспын. Оның үстіне «ұра берсең 
шайтан да
өледі» демекші, соңынан қалмасаң, қажымай ұмтыла 
берсең және шын қызығып жақсы көрсең, іс боп шы ғады екен.
Қазақ жазушыларынан Абайды, Сәкенді, Сәбитті, Мұхтарды, 
Ілиясты, Бейімбетті, Ғабитті, Ғабиденді, Жақанды, тағы 
басқаларын сарқа оқыдым. Осылармен бірге орыстың ірі 
ойшылары: И. А. Қрыловты, А. С. Пушкинді,
254 


М. Ю. Лермонтовты, Ф. М. Достоевскийді, И. С. Тургеневті, Л. 
Н. Толстойды, А. М. Горькийді, тағы тағыларын түбегейлей 
оқыдым. Соларды қадағалап оқуды, негіздерін тануды өздеріңе 
де ұсынар едім.
Өмір телегей теңіз, оның түбін де, шетін де табу оңайға тимес, 
алайда Шығыс, Батыс әдебиеттерін де ұмыт қалдырмау жөн.
Алғаш кездескен коммунисім Сәкен Сейфуллин еді. Ол маған 
ескі ауыл арасындағы үздіксіз дау, өнімсіз сайлау, тартыс
-
таласқа, ырың
-
жырыңға, жікке араласпайтын, жалпы халыққа 
бірдей шын коммунист басшы есебінде к өрінді. Онды отызға 
бөлшектемейтін азамат еді, міне маған осындай қылықтары 
ұнады.
Комсомолдардың ішіндегі табандысы –
Ақмола жатағының 
баласы Жұмабай Орманбаевты көрдім. Оның ізін қуып шыққан 
Кәрім Мыңбаев болды.
Анам Сарқыттан тап бүгін қайта туып, қазір
7-
8 жасар 
өздеріңдей балдырған болсам, дүниені аудара қарап, ақтара 
төңкеріп, тағы да оқыр едім
-
ау! Білгенімнен білмегенім мол, 
әттең, сендердей болып, кішкене күнімненақ үлгілі мектепті 
көрмедім ғой! Ғылыми білім жолына кешеулеп келіп, мешеулеп 
қалғанымды анық түсінем.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Түспеді ержеткен соң уысыма,
Қолымды мезгілінеи кеш сермедім,

деп данышпан ақын бабаларың Абай шынын жасырмай айтып, 
келер ұрпаққа, сендерге мұңын шаққан еді ғой. «Бүгін істейтін 
ісіңді ертеңге қалдырма» десе керек
-
ау, сірә! Балалар
-
ау, менде 
тіпті айып жоқ, бәріне заманым айыпты. Сендердей болып 
мезгілінде туа алмаған өз обалым –
өзіме, сонда да өкінбеймін, 
келешекке сенем, менің кем
-
кетігімді сендер толтырады деп 
білем. Осы бақытты замандарыңды пайдаланбай, уақыттарыңды 
ойынға жұмсап, құралақан
 
қалсаңдар, өз обалдарың сендердің де 
өздеріңе болар.
255 


Асық
ойнаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет