Балқытып мұз жүректі сүйдірген күй;
Тасытып тас емшекті тандыр болған,
Бота боп нар інгенді идірген күй.
Қажытып қам көңілді жылатқан күй,
Бекітіп жылағанды жұбатқан күй,
Пәлен деп бір ауыз сөз айтпаса да,
Әркімнің өз көңіліне тіл қатқан күй.
Кейде күй қыран болып қылаңдаған
Алдыңнан қызыл алтай бұлаңдаған.
Саңқылдап домбырадан бір құмар күй,
Сағынып сар балақты жұмарлаған.
Күңреніп «Асан қайғы» күй толғанды,
Алатау, Алтай, Арқа, Кырды, Сырды
Желмая желе жортып жерді шалды.
Аралап қоныс таппай күй зарланды.
Осылайша еліге, екпіндете сөйлей келіп, алғыр ақын «Күйші»
жігітке бет бұрды.
«Соқ жігіт! Соқ
-
соқ, жігіт! Күйіңді тарт!
Лапылдат! Жандыр, күйдір! Құмарт! Құмарт!
Толғауы тоқсан күйдің бір
-
ақ күй бар,
Сылқылдат! Бастыр! Бастыр! Кадалт
-
Кадалт,—
деп, Ілияс күймен бірге ұшып
-
қонып, күйшімен бірге
,
құшырланады
,
лапылдайды.
Мұның алдында 1928
-
жылы ақын Сәбит
Мұқанов:
Домбырада бір күй бар «Көкей кескен»,
«Көкей кескен», ұға алсаң, шықпайды естен»,
Бір кезде сол «Көкейді» алмас қанжар,
Жылы қанын ағызып шаншып тескен.
Көкей өлген, көш көшкен, тұрмыс көшкен,
«Көкей кескен» тұрмыспен бірге көшкен...
деп
«
Сұлушашта» тебіренген еді.
Біздің ардагер ағаларымыз –
еліміздің мақтанышы ақын
-
жазушыларымыз ән мен күйді емешесі құрып, осылай жырлаған
екен.Сол қарсаңда сахнаға қазақ совет филологиясының атасы
246
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов шыға келді. Күйдің күшіне
табынып, тамылжытып өлең жазған ақындардан өзгеше келді.
Ғалым аға төтенше килікті. «Қазақ музыкасындағы күй жанрының
пайда болуы» жәйлі ғылыми еңбек жазды. Күйге байланысты
терминдерді тегін ашты. Қазақ елінің күй жанрын басқа түркі
тілдерімен салыстырды. Ағасы Абай ақынның еленбеген
ерекшелігін әйгілеп, жеріне жеткізе айтты, өзінің сыбағалы
орнын көрсетіп, жоғары бағалады. Ел сүйетін күйді ол да сүйді.
Домбыра шегінде, қобыз қылында жүрген ән мен күйді жіліктеп,
ғылыми зерттелетін ірі саланың бір екенін алғаш рет түсіндіріп
өтті.
Ана тілі ғылымын тереңдете жасаған екінші кемеңгер ғалым
Құдайберген Жұбанов ғылым
-
білім әлемінде сегіз қырлы
-
бір
сырлы еді. Жалғау
-
жұрнақтың арасында қатып қалған хас дүмше
емес еді. Ол философия, тарих, мәдениет тарихы, әдебиет, әуез,
сахна, мүсін, сәулет өнерлерінің тарихы мен табиғаты –
осының
күллісін білетін энциклопедист, шежіре еді. Ол ана тілі мен орыс
тіліне жетік еді. Ол көп жұрттың тілін білетін полиглот (көп тілді
адам) еді.
Құдайберген Абайды жан
-
жақты зерттеді. Абайдың Пушкинді
қалай аударғанын баяндады.
Осындай ірі, өте өзекті ағаларымыз болған, оларды
сол өскелең
мезгіл, совет дәуірі маңдайымызға берген
-
ді. Құдайберген
Жұбановтай кісілерден үлгі
-
өнеге үйрендік, біздің бақытымыз
осы болар.
Көне мұраны жаңғыртып, көрнекті совет дәуіріне сай етіп пішіп
шығарған Ахмет Қуанұлы Жұбанов, оған ілгеріде өткен өзекті
ағалары тәлім
-
тәрбие берген
-
ді.
Өз замандасымыз Ахметтің еңбегін бағалай білуіміз, бөгде
сыйлайтын Ахметті
қадірлей білуіміз елімізге мерей. Ол
–
еңбекқор, үлкен
композитор, өз саласында сауырын сипатпайтын
ерен жүйрік азаматымыз еді!
Ол Қазақ Совет республикасының өнер саласындағы өзекті
қайраткері, өнегелі ұстазы, топтан озған жүйрік
-
желмаясы болып
еді.
247
Өткендегі еліміздің
көне мұрасын
біздің Ахмет өз заманына, көрнекті
совет
дәуіріне сай етіп пішіп шығарды. «Замана бұлбұлдарын» әлемнің
аспанында сайратты. Осы бір көлемді де күрделі еңбегі 1963
-
жылы шыға
келгенде, өзімізді біраз тербетті. Қазақ елінің ән
-
күй ардагерлерін, шаршы
топтан
суырылып озған өнер иелерін алдымызға тартты. Әрбір, әннің
түпкі тарихын, тыңдаушыны қозғайтын әсерін, замана құбылыстарының
ырғақты лебізін әйгілеп ашты. Біржан сал, Ақан сері, Мұхит. Абай,
Құлтума, Мәди, Ыбырай, Майра, Әсет, Нартайлар домбырасын, қобызын
қолтығына қысып, сырнайын, сыбызғысын қолына ұстап, сахнаға шықты.
Бұдан «Маған бүгін қазақ даласы
ән салып тұрғандай болып көрінеді», –
деген қарт Г. Потаниннің сөзі есімізге түседі.
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың зорлығы бойында емес, ойында екенін
байқадық. «...Жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі
ішінен бір халық әнінің тақырыбы есіңе сан
-
алуан уақиғаларды түсіреді.
Ол –
табиғаттың өз туындысы, халық өмірінің үлкен қазынасы екендігі де
осы қасиетінде, сол әндерде халық өмірінің сәулесі болуында...»
–
дейді.
Замана бұлбұлдарын Ахмет ылғи салыстыра, астастыра баяндайды.
«Мен көрдім ұзын қайын құлағанын» дейтін Абай өлеңіне Біржан ән
шығарады. Мұнда әншінің (Біржанның
–
С. Т.) өнершеңдік дәстүрі
сақталған. Абай музыкасындағы ән бірден үлкен дыбысты секіру арқылы
басталмай, баспалдақтап, төменнен жоғары қарай өрлеп шығады. Ой
-
қиялы
арқылы ұзын қайыңның тамырынан бастап басына шейін көз
жіберіп, біраз тамашалап тұрғандай. Өте жұмсақ, ойлы, философиялы
астары бар шығарма. Ән сөзінің мәнін, сырын Біржан өзінше ашады,
өзінше музыка тілімен талқылайды. Мұнда өзінің бұрынғы музыкалық
қазынасына Абай аулына барғаннан қосылған жаңа арна бар екені
сезіледі. Дарынды композитор, жазба поэзиясының ой
-
қырын ақтарып,
үңіліп, ішкі
-
сыртқы қасиеттерін... жан байлығы,
248
өнерпаздық күші арқылы.. музыкалық жағынан меңгере алады...»
–
деп түбегейлі пікір айтады Ахаң. Абай мен Біржан дарынының
үндестігін дәлелдейді. Қыранды қырағы алыстан көреді.
Ал енді Ахметтің осы табыстарға жетуіне не нәрсе себеп болды?
–
десек, біз
бұл сұрауға іркілмей жауап береміз. Біріншіден,
біздің Ахмет бақытты мезгілде –
совет дәуірінде өсе білді.
Екіншіден, шыққан ұясы, тәрбиелеген ата
-
анасы қойдың тұяғын,
сиырдың мүйізін, жылқының құлағын санамаған; өнерді, ән
-
күйді
ғана сыйлаған, әуезелеген жандар екен. Ахаң «ұяда не көрсе –
ұшқанда соны ілген». Қуан ауылының төңірегіндегі басқа
байшікеш ауылдар –
мал бақпайтын
жын
-
ойнақтың ордасы,
тоғышар ауыл деседі екен. Үшіншіден, ол ерте оқып көзі
ашылған жас талап. Ол «Уркачевское одноклассное русско
-
киргизское училищені» 1916 жылы он жасар күнінде бітіріп
шыққан. Төртіншіден, алдында тұрған ардагер ағалары
болды,
солардан үлгі
-
өнеге үйренді. Сол үлгі Ахметтің бойына ерте
дарыды. Бесіншіден, Ахмет өзі дарынды, өнерлі, зерделі, зирек,
ерінбейтін еңбекшіл адам болды. Осының күллісі себеп болып,
Ахаң казақ совет
музыка өнерінің де, ғылымының да ұлы атасы
болып шықты. Ахаң өзі де асқан күйші еді. Ендеше, бар гәп осы
күйде екен:
Ұлы өмірді сүйдіргендей,
Ыстықтығы күйдіргендей
Күйде лепті жалын бар;
Делебені қоздыратын,
Қозғау салып оздыратын
Күйде күшті арын бар!
Күйдің сырын ақын жыры қандай әдемі ашқан!
«...Ғажайып үні бүгін осыншалық өзгеше боп шыққан жаны
жаралы өнерпаздың үнімен паш етілді. Бұл саздың сұлулығы,
биіктігі күмбездей!.. Көкпеңбек түпсіз биік аспанда қалықтаған
аққудың әппақ қанаты күн шұғылысына малына алтындай
249
жарқырамас па еді?.. Қасиетті құс ақ қанатын қақпастан қалқып,
баяу ғана сұңқылдап толқып, тамаша бір үн салмаушы ма еді?..
Өмірінде бір
-
ақ рет те болса естігенің бар ма?.. Қиялды қозғаған
сұлу көрік есіңнен кеткені бар ма?!.
Қазіргі Әйгерімнің Абаймен соңғы рет қоштасып айтқан
күйлері сол тәрізді болатын. Осымен Әйгерімнің ең соңғы жыры
айтылды. Бір шақта Абайды өзгеше еліттіріп балқытқан ғажайып
күйдің ең соңғы үні осымен өшті.
Әйгерімнің күйі, күйікті жаны,
қайта оянбас, қайрылмас өнері
осы Абай қабырының басында Абаймен бірге өшті де жоқтыққа
кетті. «Абаймен бірге құшағым кетті»
–
десе, Абаймен бірге
бұның кеудесіндегі күйді сүйген күйініш сөнді. Көмейінде
сылдыраған күміс күйлі әсем үн сөнді...»
–
деп, мұңды күйдің
азалы пернесін шертті ақын Мұхтар аға.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең –
менше сүй!,—
деген Абай ойын ақын Мұхаң жете ұққан, жеткізе суреттеген.
Күн артынан күн туар,
Бір күн дамыл еткізбес,
Ой артынан ой туар,
Желге мінсең жеткізбес,—
дегендей, күй туралы толғанғанда, сөз де таусылмас, күйді
көксеген көңіл де тынбас
-
ау, сірә! Күйге ынтық емес жүрек бар
ма:
Күй –
халықтың жинап терген,
Ұрпағына сыйлап берген.
Алтын менен күмісі,
Ойды ырғақпен
ұмыттырар,
Шаршағанда тынықтырар
Күй –
халықтың тынысы, –
деп жырлайды қарт ақын Кенжеғали Райбаев.
250
Ақын рас айтады: қазақсыз күй жоқ, күйсіз қазақ
жоқ. Күй
қазақтың жан
-
жүрегінен туған. Сондықтан да қазақ халқы үшін
күй өзгеше ыстық, тәтті, рахат, тыныс!
Достарыңызбен бөлісу: |