4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Ғылым пәндік өлшемде болатындықтан философ Орақ Жолмырзаұлы Алиев ғылымның жалпы пәндік моделін құрастырды. О.Ж. А лиев - «Тұран» білім беру корпорациясының вице президенті, э.ғ.д., професоор, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің философиялық-экономикалық ғылыми кеңесінің тұрақты мүшесі. Ғалым «Теориялық экономика:жалпыпәндік модель» атты монографиясында ғылымның жалпыпәндік теориясы негізінде жинақталған ғылыми пән ретіндегі теориялық экономиканың тұжырымдамалық жалпыпәндік моделін ұсынған. Теориялық экономиканың субьектілер, обьектілер, пәндік анықтылығы, қызметтері мен нәтижелерінің типологиясы жасалған.
Бұл ұсынылған ғылыми пәннің жалпы теориясы замануи ғылымның жалпы териясын жасауға пәндік парадигма негіз бола алады. Аталмыш модель қазіргі уақыттағы ғылыми және оқу пәнін тұжырымдамалық-әдіснамалық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеке ғылыми пәндердің, ғылымдар жүйесінің нақты жағдайын бағалауға көмектеседі.
О.Ж. Алиев ғылыми пәннің тұтас ұғымдық құрылымын (зерттеудің философиялық деңгейі) және ғылыми пәннің интегральды моделін (зерттеудің ғылымтанулық деңгейі) жасаған. Осы модель негізінде педагогиканың философиялық және әдіснамалық негіздері, педагогикалық зерттеудің ғылыми, ұғымдық және өлшемдік аппараты нақтыланды.
Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасуында профессор Р.Г. Лембергтің алатын орны айрықша. Ол дидактиканың дамуына қомақты үлес қосты.
Р аиса Григорьевна Лемберг (1883-1975) - қазақстандық көрнекті педагог, ғалым, профессор, Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, көп жылдар бойы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика кафедрасын басқарған. Раиса Григорьевна Лемберг 1883 жылы 21 ақпанда Ленинград қаласында дүниеге келді. 1899 жылы Одесса қаласында әйелдер гимназиясын алтын медальмен бітіргеннен кейін Петербург қаласына келеді. Онда университетке түсіп, бірнеше апта оқиды. Содан соң оқуды тастап, революциялық іске араласады, сол үшін ол Ресейден жер аударылады. 1900 жылы Германияға барып, Берлин университетінің жаратылыстану-дәрігерлік факультетіне оқуга туседі. Көп ұзамай өзінің ұшқыр ойы, ғылымға деген ерекше икемділігімен профессорлардың көзіне түсе бастады. Лембергті тек ғылым ғана қызықтырып қоймай, ол студенттердің революциялық қозғалыстарына, ереуілдеріне, шерулеріне қатысады.
Өзінің педагогикалық жұмысымен қатар марксизм ілімінің негізін салушылардың еңбегін терең оқып-үйренумен шұғылданады. Кейбір философиялық, қоғамдық-саяси мәнді еңбектерді неміс тілінен орыс тіліне аудара бастайды.
Кеңес үкіметінің алғашқы күндерінде-ақ Р.Г.Лемберг жаңа кеңестік мектеп үшін күреседі. Жаңа өмір үшін курескен Р.Г.Лемберг Одесса қаласында РСДРП-ның тапсырмасын орындау кезінде 1904 жылы ұсталып, абақтыға жабылады. Одан 1905 жылы босатылып, Берлин қаласындағы университеттегі оқуын аяқтауға оралады, бірақ ол ойы орындалмай, революциялық ici үшін Р.Г. Лембергті неміс жерінен кетуге мәжбүр етеді. Сондықтан ол Ленинградқа келіп, мектепте жұмыс істейді.
1924 жылы А.И.Герцен атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында профессордың қызметін атқарады. Осында "Мектептен тыс жүргізілетін ағарту жұмыстары", "Бастауыш оқытудың әдістемесі", "Педагогика", "Педагогика тарихы" деген курстардан дәріс оқиды. 1931 жылы педагогика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады.
1938 жылдан бастап Р.Г.Лемберг өз өмірінің 40 жылын Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика кафедрасында өткізді. Р.Г.Лемберг Қазақстанға келгеннен кейін қазақ халқының тілін, қазақ мәдениетін білуге ерекше мән берді. Алғашқы ғылыми жұмысында Абайдың педагогикалық мұрасын зерттеумен шұғылданды.
1940 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты педагогика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Осы жұмысты ол 1963 жылға дейін атқарды. Осы қызметін ол ғылым жолындағы шәкірттерінің бipi Р.Ж. Иржановаға тапсырған болатын-ды. Ол өзінің бүкіл ұзақ ғұмырын болашақ мұғалім кадрларын даярлауға арнап, жемісті еңбек eттi және кеңестік педагогика ғылымын дамытуға өлшеусіз үлес қосты.
Оның қаламынан шыкқан 100-ге тарта ғылыми еңбек жарық көрді. Бұл еңбектер педагогика ғылымы мен халық ағарту ісінің өзекті мәселелеріне арналды.
Р.Г.Лембергтің ғылыми еңбектерінің ішінде төмендегідей монографиялық еңбектері мен кітаптарын ерекше атауға болады. "Кеңес мектебіндегі сабақ", "Кеңес мектебіндегі оқыту әдістері", "Дидактикалық очерктер", "Сабақ жүргізу туралы мәселе", "Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру жолдары туралы", "Танымдық оқу процесінің құрылымы туралы", "Оқыту мен тәрбиелеудің бip тұтастығы", «Оқушы білімін есепке алу және оны бағалау", "Қазақстанда педагогика ғылымының дамуы", "Сабақта оқушылардың білімі мен ептілігін бекіту", "Бастауыш мектептегі сабақ" және т.б.
Р.Г.Лембергтің еңбектерінің ішінде "Дидактикалық очерктері" екі рет баспадан басылып шықты. Оның дидактиканың өзекті мәселелеріне арналған бірнеше мақалалары "Советская педагогика", "Халық мұғалімі", институттың "Ғылыми хабаршысында" жарық көрді. Р.Г. Лембергтің "Дидактикалық очерктері'' (1964) атты еңбегінде сабақтың жаңа құрылымына жан-жақты психологиялық-педагогикалық талдау жасалады. Ғалым сабақта оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін арттырудың тиімді жолдары мен әдістерін қарастырады. Лембергтің ұсыныстары мектептерде оқу қызметі тәжірибесінде тиімді қолданылды. Р.Г. Лемберг өзінің «Дидактикалық очерктер» еңбегінде пәнаралық байланыс идеясын оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырудың маңызды шарты ретінде дәлелдейді.
Р.Г. Лембергтің "Советская педагогика" журналында дидактиканың өзекті мәселелері жөніндегі мақалаларының кейбіреулері шет ел басылымдарында (ГДР, Польша, Румыния) қайта басылып шыққан болатын-ды.
Лембергтің кітаптары мен ғылыми еңбектері кеңес және шетел педагогтарының тарапынан өте жоғары бағаланды. Раиса Григорьевна ауқымды ғылыми-теориялық жұмысты кунделікті практикалық қызметімен орынды ұштастыра білді. Оның педагогикадан, педагогика тарихынан оқыған лекциялары әр уақытта да лекторлық және педагогикалық шеберліктің үлгісі болып табылады.
Р.Г. Лемберг Қазақстанда, Орта Азия республикалары мен Ресейде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау iciнe ерекше үлес қосты. Р.Г.Лембергтің ғылыми жетекшілігімен 3 ғылым докторы және 40-тан астам ғылым кандидаттарын даярлады. Олардың ішінде ғылым докторлары, профессорлар — Қ.Б.Бержанов, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, Т.С.Сабыров, педагогика ғылымдарының кандидаттары Х.Б. Бектенов, Р.Д.Иржанова, Б.Р.Айтмамбетова, И.М.Кузьменко, Д.Сейдуалиевті және көптеген шәкірттерін ерекше атауға болады.
Ғылыми-педагогикалық қызметтің саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін Р.Г. Лемберг Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды, Қазақ ССР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер атағы берілді.
Р.Г. Лемберг туралы арнайы кітаптар да жазылуда (Роботова А.С., Романчук К.В. Педагогика- как судьба. Очерки жизни и деятельности Раисы Григорьевны Лемберг: Документы, воспоминания. Публицистика и педагогические произведения /Под общей редакцией Г.А. Бордовского, В.А7 – Спб, 2010).
Педагогика тарихына өзіндік үлес қосқан белгілі ғалымдардың қатарында Төлеген Тәжібаевтың орны ерекше.
Академик Т. Тәжібаев (1910-1964) – Қазақ мемлекеттік университетінің үшінші ректоры (1948-1953), Қазақ ҚСР-інің Халық ағарту Комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары (1941-1944), республиканың сыртқы істер министрі (1944-1948), Қазақ ҚСР-інің Министрліктер Кеңесі төрағасының орынбасары (1953—1957). Төлеген Тәжібаев – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда психология және педагогика ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына белсене атсалысқан, мазмұнды мұрасын қалдырған ғұлама ғалым, елімізде тұңғыш рет педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының академигі.
Академик Т. Тәжібаевтың мұрасын Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, Қ.Б. Сейталиев Р.Х. Аймағамбетова және тағы басқа танымал ғалымдар өздерінің кандидаттық пен докторлық диссертациялары негізінде жазылған ғылыми еңбектерінде теориялық тұрғыдан талдап, болашақ зерттеушілерге тарихи-педагогикалық ізденістің қисынын ұсынуда. Дегенмен де, ғылымның классикалық еместен кейінгі дәуірінде Т. Тәжібаевтың зерттеулерін жаңаша ойластырып, оларды әдіснамалық талдау нысаны деңгейінде қарастыру қажет. Себебі, ғылымға келіп жатқан жас буын педагогика тарихын бір рет айтылып, әрі жазылып кеткен, қазір соны қайталаудың қажеттілігі қаншалықты маңызды деген пікірде. Бірақ өткенді шынайы пайымдап, оны әрі қарай қазақ елінің мәңгілігін өміршең етуге қызмет жасату үшін тарихи-педагогикалық мұраны ғылымның философиясы мен педагогикасы қағидалары арқылы түсінуге ұмтылысқа аға ұрпақ жетекші болғаны абзал. Оның үстіне, әрбір зерттелетін тақырыптың өз тарихы, өз генезисі, эволюциясы бар. Бұларды терең қарастырмайынша, ізденіс қарқынды жүргізілмейді, әрі түрлі кедергілерге кезігуі мүмкін.
Т. Тәжібаевтың ғылыми еңбектері негізінен психология мен педагогиканың тарихын зерттеуге арналған. Ол 1939 жылы «К.Д. Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» деген тақырыпта педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады. Демек, ғалымның диссертациясы пәнаралық әдіснама тұрғысынан орындалып, жиырмасыншы ғасырда педагогикалық психология ғылымының негізін салушылардың алғашқы легінде тұр деген сөз. Сондай-ақ, педагогика тарихындағы жеке персоналийларды зерттеудің үлгісін көрсеткені де ақиқат. Қазіргі уақытта зерттеушілер жеке ғұламалардың педагогикалық көзқарастарын және оларды білім беру үдерісінде пайдалану жолдарымен бірге зерделеуде. Әйтсе де, әуелі сол ойшылдардың қалдырған еңбектерін тарихи-педагогикалық зерттеу талаптарына сәйкес толық талдап барып, ондағы өзекті, бүгінгі күнгі тәжірибеге қажетті тұстарын іріктеп ала отырып, пайдаға жаратудың өзі де ғылыми шеберлік деп түсінеміз.
Т. Тәжібаев 1962 жылы Ленинград педагогикалық институтында «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда халық ағарту ісі, мектеп пен педагогикалық пікірдің дамуы» тақырыбында педагогика ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Докторлық диссертациясына оның «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда халық ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы» (1958 ж), «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда халық ағарту ісі мен мектеп» (1962 ж), «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында педагогикалық ой-пікірдің дамуы» (1965 ж) атты бірнеше монографиялық еңбектері негіз болды. Академиктің еңбектеріне жүргізілген талдау нәтижесінде оның сол кезде өз зерттеулерін тарихи-педагогикалық зерттеудің әдіснамасын ғылыми болжамдықпен қолдана алғанын аңғардық. Сондықтан, зерттеушіге қажет болатын Т. Тәжібаевтың зерттеулерінде қолданылған әдіснамалық ұстанымдар мен тұғырлардың жүйесі ғылыми пайымдауды қажет етеді.
1961-1964 жылдары – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Оның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы ХІХ ғасырдың ІІ жартысында педагогикалық ой-пікірдің даму тарихына, жалпы психология мен педагогика мәселелеріне арналды. Шын мәнінде бұл жұмыстар республикада психология ғылымының дамуына себеп болды. Т. Тәжібаев алғаш рет Абай құнанбаевтың, Шоқан Уәлихановтың, Ы. Алтынсаринның философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарына талдау жасады.
Төлеген Тәжібаев өз кезеңінде қазақ тілінің рөлін көтеру қажеттігін негіздеген интеллигенция өкілі болды. Бұл ретте кеңес психологиясының негізін салушы Л.С. Выготскийдің идеяларына сүйенді. Ол педагогиканың әдіснамалық негіздерін де нақты қағидалармен байытты. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік педагогиканың ұстанымдары – оның теориялық негіздерінің маңызды құрамдас бөліктері, өзінің мазмұнында олар тұлғаның әлеуметтік ортада әлеуметтенуін зерттеуге және әлеуметтік-педагогикалық үдерісте қолдануға қажет ережелер, талаптар жинағы десек болады. Аталмыш ұстанымдар ХХ ғасырдағы педагогиканың мазмұнынан да табылатын еді.
Сондықтан, академик Төлеген Тәжібаевтың Қазақстанның ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту ісі мен мектеп жайындағы екі монографиялық еңбегінде, педагогикалық психология саласында К.Д. Ушинский мен қазақтың ағартушы демократы, педагог Ы. Алтынсарин шығармашылығы және психология ғылымының салалары бойынша жүргізілген зерттеулерінде, 1962 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында педагогикалық ой-пікірдің дамуы» атты еңбегінде мектепке дейін отбасы мен ата-аналар тәрбиесінің қазақ балаларына ықпалы неғұрлым өнегелі әрі табысты болатынын Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірлерден алынған мысалдармен дәйектей отырып, сол себепті баланың сезімталдығы мен ақыл-ойының өсуі әлдеқайда шапшаң деген пікір айтады. Демек, академик баланың ақыл-ой саласында әлеуметтенуін мұқият зерттеп барып, осындай қорытындыларды ұсынып отыр.
Сондай-ақ, Қазақстанда оқу-ағарту ісі мен білім берудің жай-жапсарын отбасы мен ауыл өңірінен басталатыны жөніндегі пікірлерін Төлеген Тәжібаев өзінің «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен педагогикалық ой-пікір дамуы», «Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен мектеп», «Қазақстанда қазақ балаларының ауыл мектептері мен тәрбиеленуі» деген ғылыми еңбектері мен зерттеулерінде арнайы зерделеген. Академик Төлеген Тәжібаевтың еңбектеріне жасалған қысқаша талдаудың өзінен біз ғалым сол кездің өзінде әлеуметтік педагогиканың табиғатқа сәйкестілік, мәдениетке сәйкестілік, гуманизм, әлеуметтілік сияқты ұстанымдарын әдіснамалық, теориялық және тәжірибелік деңгейде шебер қолданып, осы ұстанымдар жүйесін педагогика мен психология ғылымдарына енгізуге ат салысқанын аңғарамыз.
Кәсіби педагогиканың теориялық-әдіснамалық тұжырымдамасын, инженер маман даярлау жүйесін ҚР ҰҒА академигі Ажес Петрович Сейтешев пен оның шәкірттері ұсынды. А.П. Сейтешев ТМД елдерінде кәсіптік білім берудің негізін салушы ретінде мойындалған. Оның ғылыми мектебі кәсіптік білім беру технологиялары, мамандардың қалыптасуының теориялары мен ұстанымдары бағытында жұмыс жасады (В.В. Егоров, Ы. Наби, Б. Абдыкаримов и др.).
А.П. Сейтешев болашақ инженер-педагогтардың кәсібилігін қалыптастыруды зерттеудің әдіснамалық тұғырларын сипаттай отырып, инженер-педагогтардың кәсібилігін қалыптастыруда ізгілік, антропологиялық, креативтік, аксиологиялық, акмеологиялық мәдени, технологиялық, тұлғалық-бағдарлы амалдарды қолдану тиімді болады деп есептейді.
А.П. Сейтешевтің зерттеулерінің нәтижелері:
- кәсіби педагогиканың теориялық тұжырымдамасы мен әдіснамасы;
- мектеп оқушыларын өндірістік мамандықтарға бағдарлаудың әдіснамалық ұстанымдары;
- оқушы тұлғасында кәсіптік бағыттылықты тәрбиелеу жүйесінің тұжырымдамасы мен моделі;
- үздіксіз кәсіптік білім берудің әдіснамасы мен ғылыми тұжырымдамасы;
- «инженер-педагог» маманның моделі және ауыл шаруашылығы саласы жоғары оқу орнында болашақ инженер-педагогтің тұтас тұлғасын кезеңдік қалыптастырудың тұжырымдамасы;
- жоғары оқу орнындағы тәрбие жүйесін қайта құрудың жаңа тұжырымдамасы.
Кәсіптік педагогиканың негізін салушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сінірген қайраткер Ажес Петрович Сейтешев 1929 жылы қазан айының 9-ші жұлдызында бұрынғы Гурьев облысы, Еспол ауданында (қaзipгi Атырау облысы, Индер ауданы) дүниеге келді. Әке-шешесінен 3 жасында жетім қалған Ажес 1932 жылы Өрлік елді мекеніндегі балалар үйіне тапсырылады да, сонда 1938 жылға дейін тәрбиеленеді.
Гурьев қаласына өз бетімен келіп, жастайынан жетімдіктің, жоқшылықтың тауқыметін тартады. Соғыс жылдарында Гурьев қаласында әр түрлі мекемелерде слесарьлық қызмет атқарады. Соғыс аяқталғаннан кейін 1946 жылы қаладағы қолөнер училищесіне оқуға түсіп, оны 1948 жылы токарь мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. Сол жылы жолдамамен Ташкент қаласындағы индустриялық педагогикалық техникумға оқуға түседі. Техникумда оқып жүргенінде армия қатарына алынып, 1953 жылға дейін әскери борышын өтейді. Әскери борышын өтегеннен кейін техникумда оқуын жалғастырады. Қырғызстанның Фрунзе қаласына мамандығы бойынша жолдама алады.
Фрунзе қаласындағы 3-ші техникалық училищеде өндірістік оқу шеберінің қызметін атқара жүріп, кешкі политехникалық институтқа оқуға түсіп, оны 1962 жылы үздік дипломмен бітіріп, осы училищеде оқу-өндіріс жөніндегі директордың орынбасары және директоры қызметін атқарады. Кәсіптік-техникалық училищеде жұмыс атқарған кезінде ол 380 жас жұмысшы кадрларын даярлады, оның түлектерінің 6ipi Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды. 1969 жылдан 1974 жылға дейін Қырғыз педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1975 жылдан 1980 жылдарға дейін жоғарыда аталған институттың кәсіптік-техникалық педагогика бөлімін басқарды. 1980 жылдан бастап, Қазақтың ауылшаруашылық институтында инженерлік-педагогикалық факультетінде еңбек етті.
А.П.Сейтешев кәсіптік-техникалық училищелерде оқушының жеке тұлғасын кезеңмен қалыптастырудың теориялық тұжырымдамасы негізінде Қырғызстан және Қазақстан мектептерінде оқу-тәрбие үрдісін интенсификациялау бойынша 20 жылдан астам тәжірибе жұмысын жүргізді.
1964 жылы кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғаса, 1973 жылы болашақ жас жұмысшаларды даярлаудың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғады.
Қазақтың ауылшаруашылық институтының кәсіптік педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессоры, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Профессор Ажес Петрович Сейтешев бұрынғы Орта Азия және Қазақстанда, қала берді Ресейде кәсіптік-техникалық педагогика саласындағы көрнекті маман, ғалым болды. Оның 42 монографиялық еңбегі, 24 оқулығы, 80 кітабы, мыңнан астам ғылыми-әдістемелік мақалалары жарық көрді. А.П.Сейтешев көп жылдар болашақ жас жұмысшы тұлғасын қалыптастырудың тұтас үрдісін зерттеу мәселесімен айналысты. Осы тақырыпта бірнеше монографиялық еңбектері мен кітаптары жарияланды. А.П.Сейтешев Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі және бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі секілді ғылыми атақтарга ие. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:
1. А.П.Сейтешевтің ғылыми жұмысы кәсіби педагогиканың жан-жақты мәселелерін қамтиды, жоғары мектеп педагогикасының мәселелері, кәсіптік оқытудың психологиялық мәселелері, жастарды кәсіби даярлау жүйесінің ғылыми тұжырымдамасы мен әдіснамасын жасау; кәсіптік бағдар беру жүйесін құрудың әдіснамалық қағидалары; кәсіби педагогикада жобалау зерттеулерінің негізгі бағыттары (жастарды кәсіптік даярлау жүйесінде педагогикалық жобалаудың әдіснамалық негіздері).
2. А.П.Сейтешевтің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі басты бағыты - болашақ жас жұмысшының жеке тұлғасын тұтас үдерісте қалыптастырудың ғылыми тұжырымдамасын жасау.
А.П.Сейтешевтің «Оқушылардың техникалық қызығушылығын дамыту», «Кәсіптік-техникалық училищенің оқушылары мен жас жұмысшылардың кәсіптік бағыттылығын тәрбиелеу жолдары», «Оқушыларды жұмысшы мамандығына бағдарлаудың педагогикалық негіздері», «Болашақ жас жұмысшының жеке тұлғасын қалыптастыру жолдары» және т.б. еңбектері мектеп муғалімдері, кәсіптік-техникалық училищелердің шеберлері мен оқытушылары үшін қолдан-қолға түспейтін кітаптары болып есептеледі.
Ол халықаралық, республикалық аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға белсене қатысып отырды, Фрунзе, Ташкент, Киев, Харьков, Минск, Москва, Свердловск, Алматы, Шымкент және т.б. қалаларда өткен халықаралық конференцияларда ғылыми баяндамалар жасады.
А.П.Сейтешев докторлық диссертациясын елімізде кәсіптік педагогикалық негізін салушы, белгілі ғалым, Кеңестер Одағының батыры, КСРО Педагогикалық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, С.Я.Батышевтің ғылыми жетекшілігімен қорғаған болатын.
Этнопсихология және этнопедагогика ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі.
Қазақстанда орта кәсіптік-техникалық білім беру, тәрбиесі қиын балалар мәселелерін алғашқылардың бірі болып профессор Г.А. Умановтың ғылыми мектебі зерттеді. Г.А. Умановтың ғылыми мектебінде тұлғаны әлеуметтендіру, (В.В. Трифонов, Г.Ж. Меңлібекова және т.б.); тәрбиесі қиын балалармен жұмыс (Л.К . Керімов және т.б.), білім беруді ақпараттандыру (Г.К. Нұрғалиева және басқалар); жоғары педагогикалық білім беру мазмұнын дамыту және мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамыту (Ш.Т. Таубаева, А.Д. Қайдарова, В.В. Шахгулари және басқалар) мәселелрі терең зерттелді.
Григорий Абрамович Уманов — Абай атындағы Қазақтың Ұлттық Педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген кайраткер.
Григорий Абрамович — Әл-Фараби атындағы қазақтың Ұлттық университетінің тарих факультетінің түлегі. Университетті 1954 жылы бітірген Григорий Абрамович еңбек жолын Алматы медицина училищесінде тарих пәнінің мұғaлімі болып жұмыс істеуден бастайды. Кейіннен Алматы қаласындағы еңбек колониялары мектептерінде ұстаздық қызмет атқарады, кейін сол мектептің директоры болып жұмыс істейді.
Григорий Абрамович Уманов сол кездің өзінде «қиын» балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Бұл зерттеу жұмыстарының негізінде 60-жылдардың бас кезінде "СССР-де кәмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептері'' атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты.
Г.А Уманов 1975 жылдан бастап Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Оның кафедраға келуімен кафедра қызметкерлерінің ғылыми мүмкіншіліктері мен іскерлік диапазоны ұлғая тусті.
Г.А. Уманов педагогика кафедрасын 22 жыл басқарды, оның басшылық жасаған кезінде кафедрада 90 кандидаттық, 25 докторлық диссертация қорғалды. Педагогика кафедрасы Қазақстандағы педагогика саласында ғылыми мектептер қалыптастырды және танымал ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлап шығарды. Педагогика кафедрасында оның іскерлік-кәсіби сапаларымен қатар, ұйымдастырушылық қабілеті мен ғалым ретінде касиеттері қалыптасты. Кафедраны басқаруда ол профессор Р.Г.Лембергтің және доцент Райхан Иржанованың дәстурін одан әpi жалғастырды.
Кафедраны басқарған кезінде Григорий Абрамович кафедра мүшелерімен бірге біршама жаңашылдық істерді іске асырды. Сондай жаңашылдық істердің қатарына 1988 жылы қала мектептерінің базасында ғылыми-оқу-әдістемелік кешендерді құру идеясын жатқызуға болады. Ғылыми-оқу-әдістемелік кешендердің базасында студенттердің тәжірибесі icкe асырылды, аспиранттардың, мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кафедра оқытушыларының зерттеу нәтижелері сынақтан өткізілді. Мектептің педагогикалық ұжымымен байланыстың екіжақты пайдасы болды. Ол — бipнeшe ғылыми еңбектердің авторы. Атап айтқанда, "Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мәселелері" (1968), "Кәсіптік-техникалық училищедегі тәрбие жұмысының жүйесі'' (1969) атты монографиялары жарық көрді.
1970 жылы Г.А. Уманов "Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Г.А.Уманов — Қазақстанда ғана белгілі ғалым емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де танымал. Ол республикада педагогика ғылымын дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Көп жылдар кандидаттық және докторлық кеңестердің төрағасы және мүшeci болды. Г.А.Уманов аспиранттардың, ізденушілердің кандидаттық және докторлық диссертацияларына ғылыми жетекшілік eттi.
Григорий Абрамовичтің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарына Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім берудің қалыптасу және даму тенденциясының тарихы, шет елдерде білім берудің және педагогикалық кадрларды даярлаудың даму тарихы, орта және жоғары мектеп дидактикасының ғылыми негіздері, сонымен қатар "қиын" жасөспірімдерді тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі жатады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері Григорий Абрамовичтің жарық қөрген 120 еңбегінде көpiнic тапты.
Григорий Абрамович Уманов халықаралық деңгейде таяу шетелдермен қатар, алыс шетелдермен ғылыми-педагогикалық байланыста жұмыс жасады. Педагогика ғылымын дамытудағы ерекше еңбегі және белсенді шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысы үшін Григорий Абрамович "Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі", "СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгілерімен, Н.К.Крупская және Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдармен және "Қазақ ССР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер" құрметті атағымен марапатталды.
Қазақстанда профессор Н.Д. Хмельдің тұтас педагогикалық үдеріс теориясын зерделеген ғылыми мектебінің орны ерекше.
Надежда Дмитриевна Хмель Украинаның Полтава облысы Варваровка селосында 1928 жылы дүниеге келді. Оның тағдыры сонау алғашқы сәттерден Ұлы Отан соғысының отты жылдарымен тұспа тұс келді. Соғыс әкесінен айырды. Анасына қолғабыс тигізу, өзінен кейінгі екі сіңілісіне қарайласу жас қыздың иығына түсті.
1946 жылы Н.Д.Хмель Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетіне оқуға түcті. Институтты үздік бітіргеннен кейін Алматы қаласында 35 мектепте химия мен биологиядан сабақ берді. Кейіннен Қазақстан ЛKCM Орталық комитетінің нұсқаушысы, мектептің оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарып, кейін аспирантураға оқуға түсті. 1962 жылдан 2008 жылға дейін Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының педагогика кафедрасының профессоры болып жұмыс icтeді.
Дидактика саласында белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз. Н.Д.Хмель 1965 жылы көрнекті ғалым, профессор Р.Г. Лембергтің ғылыми жетекшілігімен "Жоғары сынып оқушыларының жан-жақты қызығушылығын қалыптастырудағы жұмыстар" тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал 1986 жылы "Мұғалімді кәсіби даярлаудың теориялық негіздері" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
Әр түрлі жылдарда оның көптеген еңбектері жарық көрді. "Жоғары сынып оқушыларының мәдени қызығулары" (1964 жыл), "Студенттердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыру" (1969 ж), "Педагогикалық мәдениет және педагогикалық шеберлік" (1974ж), "Педагогикалық үдеріс - мұғалімнің қызметінің нысаны" (1979 ж), "Мұғалімді кәсіптік даярлаудың теориялық негіздері" (1998 ж), "Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерінен магистранттарға арналған арнаулы курстың бағдарламасы, "Теория и технология реализации целостного педагогического процесса" (учебное пособие, 2002), "Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық үдеріс" (2002). Бұл еңбектердің барлығы да Надежда Дмитриевнаның мұғалім қызметін жетілдірудің теориялық және практикалық негіздері туралы ізденістері болып табылады.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.Д.Хмельдің ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттары - мектеп пен жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық урдісінің ерекшеліктері мен оны icкe асыруға педагогтің даярлығының мазмұны арасындағы өзара байланысын анықтау. Бұл мәселе және оның жекеленген қырлары Н.Д.Хмельдің басшылығымен орындалған жұмыстарда өз шешімін тапты. Бүгінде олар жалғасын тауып, мұғалімді кәсіби даярлаудың әртүрлі аспектілеріне байланысты тақырыптарға арналған 70-тан астам кандидаттық және докторлық диссертациялар және ондаған зерттелініп жатқан жұмыстардың мазмұнында қарастырылып отыр. Зерттеу міндеттерін шешуге шығармашылықпен қарау және ғылыми-педагогикалық жұртшылықтың тарапынан өз бағасын алуы 1976 жылы профессор Н.Д.Хмельдің жетекшілігімен кафедрада "Жоғары педагогикалық оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми негіздері'' атты зертхананы ұйымдастыруға негіз болды.
Н.Д.Хмельдің 5 монография, 150 ден астам ғылыми еңбегі жарық көрді. Көп жылдар диссертациялық кеңестің ғалым-хатшысы, докторлық кеңестің мүшeci, кейін төрайымы болды.
Республикада педагогика ғылымын дамытудағы қызметі мен белсенді шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен марапатталды.
Біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасының дамуына ХХ ғасырдың екінші жартысында Н.Д. Хмельдің ғылыми мектебі зор үлес қосты. Оның эволюцияны зерттеудегі арнайы әдіснамасының негізіне тарихи-генетикалық ұстаным алынған. Оны жүзеге асуы уақыттың өзгеруі кезіндегі тарихи–педагогикалық үдеріс дамуын, арнайы кезеңдерін түсінуді қарастырады. Н.Д. Хмельдің ғылыми тұжырымдамасын орта және жоғары мектеп педагогикасын, болашақ мұғалімдердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесін зерттеудің әдіснамалық базасы ретінде қарастыруға болады.
Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасының дамуына ХХ ғасырдың екінші жартысында профессор Н.Д. Хмельдің ғылыми мектебі үлкен үлес қосты. Ғылыми мектептердің дамуына арнайы әдіснамалық негізінде тарихи-генетикалық ұстаным жатыр. «Ғылыми мектеп», «ғылыми-педагогикалық мектеп» ұғымының анықтамасына Ростов мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары Е.В. Бондаревская, В.В. Сериков берген түсініктемені қабылдауға болады. Ғалымдардың пікірінше, ғылыми мектеп құру үшін ғалымның идеясы, оның зерттеу бағдарламасы, ғылыми және педагогикалық жұмыстың өзгеше стилі, ақпараттық байланыстар және т.б. болулары шарт. Қазір Қазақстанда Н.Д. Хмель, Н.Н. Хан, М.С. Сарыбеков, К.С. Успанов, С.Т. Каргин және т.б. ғылыми-педагогикалық мектептері жұмыс жасауда.
Тұтас педагогикалық үдерістің теориясын жасаған қазақстандық ғалым Н.Д. Хмельдің ғылыми-педагогикалық мектебінің зерттеулері төмендегідей бағытты қамтиды: тұлғалық (педагогтің тұлғалық сапа көрсеткіштері); кәсіби бағыттылық (педагогтің кәсіби өсуі); педагогтің дидактикалық даярлығы; педагогті кәсіби даярлаудағы әртүрлі іс-әрекеттер рөлі; тұтас педагогикалық үдерісте оқу мен оқудан тыс уақыттардың бірлігі; басқарушылық; диагностикалық; педагогтің өз білімі мен біліктілігін жетілдіруі.
Н.Д. Хмельдің ғылыми тұжырымдамасы орта және жоғары мектеп педагогикасының, білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жүйесі педагогикасының, педагогика саласындағы зерттеудің әдіснамалық базасы болып табылады.
Н.Д. Хмель модельдеуді біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асырудың маңызды бөлігі деп есептейді, яғни: «зерттеуші ұстаз үшін модельдеу зерттелінетін құбылыстың идеалдық моделін қайта жасаудың тәсілі болады. Практик ұстаз үшін модельдеу іс-әрекетінің мақсатына сәйкес оның жағдайын ұстаз өзгерткісі келетін белгілі бір педагогикалық құбылысты немесе үдерісті тұтасымен ойша (алдын-ала) қайта құру тәсілі болады. Басқаша айтқанда, модельдеу ұстаз үшін педагогикалық теория мен нақтылы практикалық іс-әрекет арасындағы бөлік болады».
Профессордың ғылыми мектебінің тағы бір жетістігі студенттерді, магистранттарды, докторанттарды даярлаудың теориясы мен практикасына байланысты болды. Республикада 1996 жылы эксперименттік режимде басталған магистрлік бағдарламаны жүзеге асыруға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор бастаған ғылыми мектеп мүшелері белсене қатысты.
Ұлттық білім мазмұны, ұлттық тәрбие әдістері жалпы ғылымда, оның ішінде педагогика ғылымында саралануда. 1990 жылдан бері, 35 докторлық, 250 кандидаттық диссертация этнопедагогика саласында қорғалды. Бұл – баға жетпес құндылық. Бұл салада профессорлар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С.А. Ұзақбаева, К.Ж. Қожахметова жетекшілік етіп келе жатқан ғылыми мектептер қалыптасуда.
Ғылымда бағыт көп. Әрбір ғалым өзінің танымдық, өмірлік, кәсіби және менталдық тәжірибесіне, интеллектуалдық әлеуетіне сәйкес белгілі бір ғылыми бағытта еңбек етеді. Ғылымды жаңа білім жасап шығаратын өндіріс деп ұғынсақ, ғылыми бағыт соның идеясын, теориясын, ұстанымдарын түсінуге негіз болады. Өйткені, ол бағытта нақты ғылымнан қор жинақталып, реттеліп, жүйеленеді. Осы бар қорға сүйене отырып, ғылыми бағытқа келген жаңа ғылыми қызметкер әуелі ғылыми бағыттың бағдарламасымен, жасаған еңбектерімен танысады, ой түйеді, қай бағытта зерттеу керектігін аңғарады. Осындай жаңа ғылыми бағыттың бірі – этнопедагогика мәселелері. 1974 жылы Г.Н. Волковтың еңбегі жарық көргенге дейін көбіне халықтық тәрбие мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға назар аударылды. Қазақстан Республикасында соңғы жиырма бес жылда теориялық қағидалар зерделеніп, эмпирикалық материалдар тәп-тәуір жинақталды десек болады. Ал осылардың ғылыми тұжырымдамаларға, ұстанымдарға ұласуы әзірге баяу өрістеуде.
Жаңа ғылыми білім, яғни этнопедагогиканың пайда болуы бірқатар әдіснамалық мәселелерді туындатады. Осы уақытқа дейін дайындалған «Қазақтың тәлім-тәрбиесі», «Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер антологиясы» (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы» (С. Қалиев, К. Аюбай), диссертациялық зерттеулер, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген философия, педагогика, психология бағыттарындағы зерттеулер нәтижелері ғылыми ізденіске өте қажет. Ғылымтанудағы, әсіресе педагогикалық ғылымтанудағы қағидаларға сүйенсек, зерттеушілер этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснамасы мен теорияларының, ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің еңбегінде, қай түрде бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік алып отыр. Осы материалдардың жинақталуымен тұспа-тұс жүйелі ғылымдардың жетік меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері зерделене бастады.
Этнопедагогикалық зерттеулердің эмпирикалық және ғылыми практикалық базасын профессорлар Қ.Б. Жарықбаев пен С.Қ. Қалиев жасады.
П едагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев Қазақтың Ұлттық университетінің көрнекті тұлғасына айналды. Оның педагогикалық және психологиялық тарихи ойлары Қазақстанда, Орта Азияда, Ресей аймағында да іргелі еңбектері арқылы таныла бастады. Қ.Б. Жарықбаев – Қазақстан Республикасы ғылым мен техника қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰУ-інің этнопедагогика және этнопсихология Орталығының тұрақты жетекшісі және негізін қалаушысы. Қ.Б. Жарықбаев 1980 жылы психология кафедрасының педагогика кафедрасынан бөлініп шығуына да бастамашы болып, жетекшілік етті.
Қ.Б. Жарықбаев 2000-2009 жыл аралығында ҚазҰУ-дың этнопсихологиялық және педагогикалық психология кафедрасында қызмет етті. Қазіргі уақытта қайта ұйымдастырылған жалпы және қолданбалы психология кафедрасында профессорлық қызметін атқаруда. Оның 6 монография, 54 оқулық пен оқу құралдары және 800-ден астам ғылыми еңбектері бар. Қ.Б. Жарықбаев мынадай теориялық курстар бойынша дәрістер жүргізуде: «Қазақ психологиясының тарихы», «Педагогикалық психология», «Жоғары мектептегі психология» және т.б.
Профессор Қ.Б. Жарықбаев психология кафедрасында өзінің білімі мен тәжірибесін жастардың, студенттердің жан-жақты дамуына өзіндік үлесін қосып, бар күш-жігерін жұмсап келеді. Ол – психология бойынша көптеген оқулықтар және оқу құралдарының, сонымен қатар психология терминдерінің қазақ тіліндегі сөздіктерінің авторы. Этнопсихология және этнопедагогика ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі.
П рофессор Қ.Б. Жарықбаевтың әріптесі педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Қ. Қалиев этнопедагогиканың эмпирикалық базасын жасап шығарды.
Қазақ этнопедагогикасының көшбасшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті педагог-ғалым Серғазы Қалиұлы 1929 жылы 25 маусымда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында дүниеге келген. 1945-46 оқу жылында Абай ауданы Қарауыл селосында Абай атындағы орта мектептің 9-сыныбын бiтipiп, Семейдегі Н.К.Крупская атындағы педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түседі.
1949 жылы институтты ойдағыдай бiтipiп, Семей облысы Аякөз ауданы Сергиополь орта мектебіне әдебиет пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. Ал 1951-1957 жылдары Аякөз аудандық жастар комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңсе атқару комитеті төрагасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1957-1966 жылдары Аякөз қаласындагы темір жол қазақ мектебінде директор болып қызмет істеді.
1966-1984 жылдар аралығында Қазақ темір жол оқу бөлімінде мектеп нұсқаушысы, бөлім бастығының орынбасары, он жыл оқу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
Аспирантураны сырттай оқып бітірген С.Қалиұлы оқу-ағарту саласының басқару қызметтерін атқара жүріп, 1971 жылы Қырғыз мемлекеттік университетінде "F.Mүcipeпoв творчествосын орта мектепте оқытудың жолдары" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал соңғы 25 жыл бойы үздіксіз ғылыми еңбекпен айналысып, Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін ойдағыдай атқарды.
Серғазы Қалиұлы үш жүзден астам ғылыми еңбектердің авторы. Оның ішінде қазақ этнопедагогика теориясы мен тарихы, оқытудың әдістемесіне байланысты 50-ге тарта кітап, оқулықтар мен оқу құралдары, 300-дей ғылыми мақалалары бар.
Жарияланған еңбектерінің ішінде «F.Mүcipeпoв шығармаларын орта мектепте оқыту» (1974), "Tүpкciб және оқу ағарту ici" (1980), "Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көpiнici" (1986), "Мұхтар Әуезовтың педагогикалық және психологиялық көзқарастары" (1987), "Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен мектептер тарихының анықтамасы" (I, II кітап, 1986, 1990), "XV-XIX г.г. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар" (1990), "Еуропа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ойлары" (1992), "Қазақтың салт-дәстүрлері және ағартушы - демократтары" (авторлар бірлестігінде, 1994), "Қазақтың салт-дәстүрлері" атты оқулығы (1995), "Қазақ тәлім-тәрбиесі" (Қ.Жарықбаевпен бipre, 1995) педагогикалық жоғары oқy орындарының студенттеріне арналган оқулықтары "Антология педагогической мысли Казахстана" (Қ.Б.Жарықбаевпен бipre, Алматы, Рауан, 1995), "Қазақтың тәлімдік ой-пікip антологиясы" (Қ. Жарықбаевпен 6ipre) 2 том, 1998, "Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері" (2003) атты оқулықтары мен монографиялық еңбектерін ерекше атауға болады.
С.Қалиұлы 1996 жылы «Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері» атты тақырыпта педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғады. С.Қалиұлының бұл диссертациялық жұмысын қазақтың педагогика ғылымының алтын қорына қосылган сүбелі еңбек ретінде бағалауға болады. С.Қалиұлының профессор Қ. Жарықбаевпен бipiгiп жазган "Қазақ тәлім тәрбиесі" (1995), "Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері және тарихы" (2003) оқу құралдары оқырманның қолдынан түспейтін еңбектерге айналды.
С. Қалиұлының каламынан туған 37 монография, оқулықтар мен іргелі еңбектер және кітапшалармен катар, 20-дан астам әр түрлі бағдарламалар мен оқу әдістемелік құралдарды және оқу кестелерінің өзi ғылыми диапазоны жан-жақты ауқымды ғалым екендігін аңғартса керек. Ол - Қазақстанда халық педагогикасын теориялық және практикалық тұрғыдан алғаш зерттеушілердің бipi. Қазақ халқының ұлттық өнеріне ден қойып, зерттеуші орыс, батыс ғалымдары мен қазақ ағартушыларының этнопедагогикалық мұраларына талдау жасады.
1986 жылы жарық көрген "Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көpiнici" атты тұңғыш еңбек жазып, тұрмыс-салт жырлары мен лиро-эпостық жырлардағы халықтың даналығын зерттеп, талдау жасаған болатын-ды. Ол өзінің осы еңбегінде жастарды адамгершілік қасиеттерге, еңбек сүйгіштікке, өнерге тәрбиелеудегі ата-ананың, ауыл аймақтың, коршаған ортаның рөлінің ерекше екендігін нақты деректермен дәлелдеген. Этнопедагогиканың өзекті мәселелері бойынша 1991 жылы республикалық, ал 1991— 2001 жылдары Шымкент, Қызылорда, Жетісай, Торғай, Атырау, Семей, Ақтөбе, Жезқазған, Жамбыл калаларында аймақтық, облыстық конференцияларға қатынасып, ғылыми баяндамалар жасап, пікір алысты. Сондай-ақ, соңгы 10 жыл ішінде этнопедагогиканың проблемалары бойынша Мәскеу, Баку, Ташкент, Бішкек, Улан-Батор калаларындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндамалар жасады.
С. Қалиұлының басшылығымен 1994—98 жылдары "Қазақтың тәлімдік ой-пiкіp атологиясының" орысша-қазақша екі томдығы жарық көрді. Бұл еңбекте VI ғ. көне Орхон-Енисей жазуындағы тәлімдік үлгілерінен бастап, әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағуни, А.Иассауи, С.Саран, К.Жалаири сияқты орта ғасыр ойшылдарының, XV—XVIII ғ.ғ. хандық дәуірдегі ақын-жыраулардың тәлімдік ой-пікірлеріне, XIX ғ. Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылардың озық ойларына жан-жақты талдау жасалған.
С. Қалиұлы 1993 жылы «Қазақ салт-дәстүрі және демократ ағартушылары" атты еңбегінде қазақ ағартушыларының еңбектеріне жан-жақты талдау жасайды. Ағартушылардың қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы кұнды педагогикалық ойларын ғылыми тұрғыдан талдап қарастырған. С.Қалиев 1994 жылы Қ.Аюбаевпен бірлесіп "Орыс, батыс ғалымдары қазақ мәдениеті туралы" деген еңбекті жазып, оқырман көпшілікке ұсынды. Шетел ғалымдары Марко Поло, Иоганн Шильтбергер, П.С.Паллас, Генрих Клапорт, А.Вамберн, Э.Вульфсон, Р.Каруц, А.Левшин, А.Янушкевич, Залесский, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин т.б. XIII—XIX ғ.ғ. қазақ даласында саяхатта болып, халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, бала тәрбиесіне қатысты құнды ой- пікірлерді қалдырған болатын-ды.
С. Қалиұлының оқу-ағарту iciн жетік бiлуі, еңбек жолын ауыл мұғалімінен бастауы, оқу ағарту iciн ұйымдастырудағы белсенді қайраткерлік, ұйымдастырушылық icтepi, педагогикалық теорияларды педагогикалық тәжірибемен шебер ұйымдастыруы кейінгі жастарға үлгі болуға тұрарлық мәселелер.
Оған бip дәлел С.Қалиұлы ұзақ жылдар бойы педагогика және тәрбие мәселелерінің өзекті проблемаларын баспасөз беттерінде көтере жүріп, жоғары оқу орындарында этнопедагогика кафедраларын, ал Білім академиясында этнопедагогика және тәрбие лабораторияларын ашуға мұрындық болды.
Көрнекті ғалым С.Қалиұлы өзінің ғылыми жұмыстарын шәкірт даярлау iciмeн де тығыз ұштастыруда. Серғазы Қалиұлының ғылыми жетекшілігімен соңгы жылдары 16 кандидаттық диссертация қорғалып, бірнеше шәкірті ғылым докторы атағын алды, соңғы жылдары оның ресми оппоненттігімен 8 ғылым докторы, 30-ға тарта ғылым кандидаттары қорғаудан өттi.
Ғалымның оқу-ағарту, ғылым саласындағы ұзақ жылдық жемісті еңбегі елеусіз қалған емес. Ғалым қанжығасындағы "Еңбектегі үздік еңбегі үшін", "Еңбек ардагері', "Егемендіктің 10 жылдығы", "Ы.Алтынсарин атындағы медальдары" мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Құрмет грамотасы", "КСРО және Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің озаты" белгілері мен марапаттары соның айғағы.
Этнопедагогикалық зерттеулер таным үдерісінің түрі ретінде ұлттық тәрбиелік-білімдік дәстүрлерді мақсатты және жүйелі зерделеу арқылы халықтың педагогикалық мәдениеті туралы шынайы білімдерді қалыптастырады.
Этнопедагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістерін зерттеуде профессор К.Ж. Қожахметованың үлесі баршылық.
Қ ожахметова Клара Жантуриевна 1951 жыл Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданындағы Ащысай кентінде дүниеге келген. Профессор, педагогика ғылымдарының докторы К.Ж. Қожахметова - Қазақстанда және шетелде этнопедагогика саласындағы танымал ғалым. Ол этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық жүйесін жасады, салыстырмалы этнопедагогиканың негізін салды, жастарға көпмәдени, рухани-адамгершілік білім беру мәселелерін жан-жақты қарастырды, отандық тәрбие жүйесінің моделін құрастырудың гендерлік мәселелерін зерделеді.
Ғылымтанудағы, әсіресе педагогикалық ғылымтанудағы қағидаларға сүйенсек, зерттеушілер этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснамасы мен теорияларының, ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің еңбегінде, қай түрде бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік алып отыр. Осы материалдардың жинақталуымен тұспа-тұс Клара Жантөреқызы жүйелі ғылымдарды жетік меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін зерделеуден бастады.
Кез келген жаңа пәнді құру ғылымтану қағидаларының логикасына сүйенетінін басшылыққа ала отырып, профессор К.Ж.Қожахметова ең әуелі ғылыми пәннің моделіне сай этнопедагогика ғылым ретінде жүйелеп алды да, пәнаралық әдіснама деңгейіне көтеріліп, педагогикалық ғылымтану мен педагогикалық деректану жетістіктерінің негізінде, этнопедагогикалық мәнін анықтау мақсатында Т.И.Огородниковтың «Этнопедагогика – педагогиканы этнография және фольклористикамен байланыстырушы ғылым саласы» дегенге сүйенді. Сөйтіп, этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдар жүйесінде қарастырады, этнопедагогиканы этнография, педагогика, фольклористика ғылымдарының түйіскен саласы екендігін нақтылай түсті. Жаңа ғылыми білім ретінде этнопедагогиканың пайда болуы, оның жеке ғылыми пән ретінде қарастырылуының заңды екендігі, этнопедагогиканың пәні, құрылымы және қызметтері, оның педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі орны туралы мәселелерді шешуді қажет етеді. «Этнопедагогика педагогиканың бір саласы бола отырып, өзінің жеке пәніне ие бола ала ма?» деген сұрақтар да туындап отырса керек. Әрине, бұл күрделі. Сондықтан да профессор этнопедагогиканың дербес ғылыми пән екенін, оның өзіне тән зерттеу пәнінің бар екенін дәлелдеуді жөн деп тапты.
Этнопедагогиканың зерттеу пәні – этнопедагогикалық болмыс, оның этнопедагогикалық зерттеулер-дегі көрінісі деп тұжырымдады. Сондай-ақ, ғалым этнопедагогиканың педагогика ғылымдары жүйесіндегі алатын орнын және оның басқа ғылымдармен байланысын нақтылауға ұмтылды, сол сияқты оның құрылымын анықтау үшін педагогикалық пәндер арасындағы байланыстар типін қарастырды. Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздерін жасауға қажет этнофилософия, этнопсихология, этномәдениеттану, этнография сияқты ғылым салаларының білімдерінің ғылымаралық кірігу ұстанымдары арқылы үйлесімді ықпалдасуының тетіктерінің қызметтері сараланды. Аталмыш ғылым салалары этнопедагогиканың пәндік, нысандық белгілеріне ерекшелеуге тікелей қатысты. Этнопедагогиканың әдіснамасын жүйелеу үшін педагогиканың әдіснамалық қағидаларының ғылыми әлеуетін жіктеп, этнопедагогиканың қызметін, заңдарын, заңдылықтарын, теорияларын, категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ажыратып нақты көрсетті.
Өзінің ізденістерінде академик Г.Н.Волковтың қағидаларына, ғылыми жетекшісі профессор С.А.Ұзақбаеваның халықтық тәрбиенің терең философиялық, тарихи, әлеуметтік бастауларын талдауларына сүйене отырып, этнопедагогиканың тарихи этнопедагогика, аймақтық этнопедагогика, талдау этнопедагогикасы, ойын этнопедагогикасы, мектепке дейінгі этнопедагогика, афористикалық этнопедагогика, отбасы этнопедагогикасы, этнопедагогикалық антропология, этнопедагогикалық білім беру, этноәлеуметтік педагогика, салыстырмалы этнопедагогика, субэтникалық педагогика, этномәдени білім беру педагогикасы сияқты салаларын айқындады. Бұл талдауы этнопедагогикалық зерттеулерді жүйелеуге де көмегін тигізді деген пікірдеміз.
Сондай-ақ, профессор этнопедагогика саласында эмпирикалық, тәжірибелік деңгейдегі зерттеулердің бағыттарын құптай келе, әдіснамалық зерттеулердің қажеттігін үнемі зерттеушілер есіне салып отырады. Этнопедагогиканың мақсаттары, міндеттері, нысанасы, пәні, пәні, қызметі, әдістері, ұстанымдары, заңдары заңдылықтары, теориялары, тұжырымдары, зерттеу көздері, ұғымдары, терминдері, категориялары бүгін де, болашақта да өз зерттеулерін күтуде. Оның ішінде, педагогикалық әдіснамалық зерттеулер этнопедагогикадағы ғылыми танымды жетілдіруге бағытталуын баса көрсетіп, этнопедагогиканың әдіснамасының дамуының түпкілікті бағыттарына көңіл аударуды талап етеді.
Педагогика ғылымында қарапайым ұғымдар да орын алып келгені сөзсіз. Қарапайым дейтініміз, оның ғылыми негізсіз болжамдануын көрсетеді. Халықтық педагогика деген термин көптен айтылып, жазылып, ғылыми зерттеу тақырыбынан да көрініс тапқан тұстар аз емес. Ал егер халықтың педагогика ғылыми және оқу пәні болса, оның әдіснамасы қайсы, пәні, нысаны қайда, заңдылықтары, ұстанымдары қандай негізде жасалған? Міне, көптеген сұрақтарға жауап табу қажет. Демек, халықтық педагогика емес, халықтық тәрбие тәжірибесі ғой. «Педагогика» деген сөз ғылыми пәнмен, оқу пәнімен қатар айтылса дұрыс болар еді. Біз этнопедагогика саласындағы профессор К.Ж.Қожахметованың ғылыми жетекшілігімен дайындалған 4 докторлық, 19 кандидаттық диссертацияларды 6 топқа бөліп қарастырдық:
1. Қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері. Этнопедагогиканы жеке оқу пәні ретінде құрудың әдіснамалық мәселелері.
2. Салыстырмалы этнопедагогикалық зерттеулердің мәні, мазмұны. Тарихи-мәдени шығармашылық мұраның этнопедагогикалық әлеуеті.
3. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылықтарын және этностық мәдениетін қалыптастыру үдерістері.
4. Мектептің тәрбие жүйесін дамыту мәселелері. Мектеп басқару теориясы мен әдістемесі. Мұғалім біліктілігін жетілдіру тетіктері.
5. Білім беру ұйымдарында этнос субъектісін қалыптастырудың әдіснамасы. Көптілді және көпмәдени білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері.
6. Оқушылар мен студенттердің технологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориясы мен технологиясының этнопедагогикалық негіздері.
Өздеріңіз көріп отырғандай, ғылыми нәтижелер қомақты, зерттеулер әдіснамалық, теориялық деңгейде жүргізілген және нәтижелердің білім беру ұйымдарында енгізілу дәрежесі жоғары, интеллектуалдық әлеуеті биік. Осылай дейтініміз, осы бағыттардағы жүздеген зерттеулер ғылыми ізденістердің логикасын, әдіснамалық тұғырларын, зерттеу әдістерін тәжірибелерінде пайдалануда. Бұл ғылыми мектептің зерттеулерімен этнопедагогиканың әдіснамасы зерделеніп, этнопедагогика ғылыми және оқу пәні ретінде тез қалыптасып бітпейді, әлі де бұл мәселенің зерттелетін тұстары баршылық. Сонымен бірге, ғылыми мектеп зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, этнопедагогикадан оқулықтар, оқу құралдарын даярлау үстінде. Ғылыми мектеп алыс және жақын шетелдермен тығыз байланыс орнатқан. Ғылыми мектептің Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы «Білім беру жүйесіндегі Этнопедагогика – Этнопедагогика в системе образования» журналы республиканың білім беру саласына, ғылыми қызметкерлерге белгілі, танымал. Журнал бетінде академик Г.Н.Волковтың ғылыми тұжырымдары, оның шәкірттерінің пайымдаулары, болжамдары, белгілі этнопедагогтардың ой-пікірлері және олар туралы мазмұнды, мәнді мақалалар өз оқушыларын тәнті етуде.
Профессор К.Ж.Қожахметованың ғылыми мектебінің ізденістік ахуалының ерекше тұстары: профессордың мектеп мүшелерінің білім беру практикасында тәжірибені жинақтап, талдай білу деңгейінің жоғары болуын және тақырып аумағындағы әдебиетті мәнді талдай білуін талап етуі және осы жұмысқа зерттеушілерді ұйымдастыра білуі, зерттеудің объективті, шындық педагогикалық болмыстан алынуы, зерттеу ісінің шеберлігіне ерінбей үйретуі, ғылыми мінбелерде өз ойларын айтуға, ғылыми дискуссияларға қатысуға бағыттауы, тақырып саласында мемлекеттік іс-шараларға қатысуын қадағалауы, сын-ескртпелерді үнемі ойландырып жауап іздетуі, тақырыптың болашағын іздестіруі өз айналасындағы шәкірттерін бір ұжымның мүшелері етіп баптауы кімге де болса үлгі деп білеміз.
Ғылыми мектеп даму баспалдақтарын, қиындықтарын, қарсы пікірлерді талдап бағамдауды, сынаққа төтеп беруді өз басынан өткізді. Ғылыми ойлар талқылап, талдап, мақұлданып барып, көңілге қонбақ. Өйткені этнопедагогика - әлеуметтік-гуманитарлық ғылым, әзірге ғылымда гуманитарлық әдіснама енді ғана өз ойларын нақтылап, гуманитарлық сараптама (экспертиза) жасауға да жаңадан қалыптасып келеді.
Бұл жолда профессор Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қазақ аруы» атты арнайы курстың мазмұнын ашып, оны интеллектуалдық тәрбие мектебіне айналдыруға аянбай атсалысуда. Ғылыми мектеп аясында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілуде. Этнопедагогика саласындағы тұжырымдамалар мен теориялар болашақ ұлттың интеллектуалдық әлеуетінің негізіне алынады. Себебі, этникалық мәдениет, этнопедагогика этномәдени білімнің қайнар бұлағы болып табылады. Ғылыми мектеп мүшелері этнопедагогиканың оқыту әдістемесін іздестіруде. Оған дәлел -аталмыш журналдағы рухани кемелдену сабақтары, тренингтер, конференциялар, глоссарий және тағы басқа тәжірибелер, ойлар, пікірлер. Ұлттық білім мазмұнын, ұлттық тәрбие мазмұнын этнопедагогикаға негіздеп жасау жолдары іздестірілуде. Демек, профессор К.Ж.Қожахметованың жетекшілігімен этнопедагогиканың әдіснамасы, теориясы, әдістемесі, технологиясы тұтасымен толыққанды зерделенуде. Әрине, бұл ғылыми мектеп жалпы ғылымның, педагогиканың, этнопедагогиканың интеллектуалдық әлеуетін ғылым философия мен әдіснамасының ең соңғы жетістіктері арқылы зерделеп, ұлттық білім мен тәрбиені биікке көтермек.
Қ азақ этнопедагогикасының негізін қалаушылардың бірі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Т. Табылдиев.
Қазақстан егеменді республикасының қалыптасуы кафедра ұжымының оқу-тәрбие үдерісіндегі қазақ халқы этнопедагогикасы дәстүрлерін зерттеу мен қолдануға жаңа серпін берді. Бұл бағытта педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Т. Табылдиевтің қосқан үлесі зор. Ол беделді ғалымдардың қатарында, қазақ этнопедагогикасын дамыту, оның идеяларын өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне енгізуге, педагогикалық кадрларды дайындауға үлес қосты.
Ә.Т. Табылдиевтің «Қазақтың халықтық педагогикасы және тәрбиесі» монографиясы мен өзге де ғылыми еңбектері республикада қазақ этнопедагогикасының ғылыми бағыт және оқу пәні ретінде дамуына арналған. Ол 7 монография мен 5 оқулық жазды, соның ішінде «Ұлттық тәрбие иірімдері», «Қазақ этнопедагогикасы», «Қазақ этнопедагогикасың оқытудың әдістемесі», «Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесі» еңбектерінің маңызы зор.
1998 жылы оның басшылығымен «Қазақ этнопедгогикасын оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері» тақырыбы бойынша әдіснамалық семинар-кеңес ұйымдастырылып өткізілді. Онда ол кафедра әрекетіндегі этнопедагогикалық компоненттің көрінуі, педагогика кафедрасының жалпы және этникалық педагогика кафедрасы болып өзгертілуін ұсынды. Бұл ұсынысты кафедраның барлық мүшелері қабылдап, университеттің Ғылыми кеңесі алдында кафедра атауын өзгерту шешімі ұсынылды.
2002 жылы өзінің «Қазақ этнопедагогикасы пәнін оқытудың әдістемесі» оқу құралы үшін ҚР БжҒМ-ң Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері болды. Әдібай Табылдыұлы – КСРО және Қазақ ССР халыққа білім беру озаты.
К өбесов Ауданбек - педагогика ғылымдарының докторы, профессор
1932 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Қызыл таң ауылында дүниеге келген.
1952 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің «математика» мамандығын үздік бітіріп шықты.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде профессор (1977 ж.), математиканы оқытудың әдістеме кафедра меңгерушісі (1977-1982 жж) және жоғары математика және оқу әдістеме кафедрасының профессор қызметтерін атқарады (1994 ж.).
1963 жылы Мәскеуде КСРО ҒА тарих, жаратылыстану және техника институтының арнайы Ғылым кеңесінде кандидаттық диссертациясын, ал докторлық диссертациясын Ташкент қаласындағы Низами атындағы педагогикалық институтының диссертациялық кеңесінде қорғады (1990 ж.).
Іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, соның ішінде негізінен ғылым тарихы, педагогика, математиканы оқытудағы әдістеме мәселелерімен айналысты. 300-ден аса ғылыми және танымал ғылыми жұмыстардың авторы. 200-ге жуық еңбегі әл-Фарабидың зерттеулері мен танымал ғылыми-педагогикалық мұраларына арналған.
А йтмамбетова Балия Рахметқызы (1925 ж., Алматы қаласы) көп жылдар Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының педагогика кафедрасында доцент, профессор қызметін абыроймен атқарды. Ғалым педагогика әдіснамасы туралы да өз ойларын жас зерттеушілермен бөлісіп, ғылыми еңбектер ұсынған болатын. Кафедрадағы жас оқытушыларға тәжірибелі тәлімгер бола білді.
Б.Р. Айтмамбетова профессор А.А Бейсенбаевамен авторлық бірлестікте «Қазақстан мектебі» «Әдіснама тұрғысынан» атты мақалада Көптеген зерттеуші ғалымдар педагогика және барлық қоғамдық ғылымдарға қоғамдық құбылыстарды меңгерудің негізгі әдіснамалық ұстанымдары ортақ екендігін ескеріп, мынадай негізгі ұстанымдарды ұсынады:
барлық нақты–тарихи қоғамдық құбылыстарды меңгерудің жан-жақты байланысы мен бағыныштылығы;
бір ғылыммен екінші бір ғылым заңдылықтарының сәйкессіздігі (зерттеу нысаны мен зерттеу пәні жақын болса да);
жалпы педагогикалық құбылыстардың диалектикалық бірлігі ;
тәрбие мен өмірдің бірлігі;
педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығы;
Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен үрдістерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесін бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары мынадай зерттеудің ұстанымдарын бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.
Ғылыми–педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:
педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объективтік заңдары, қарама-қарсылықтары және себепті - салдарлы байланыстарына орай жасалады әрі дамиды;
құбылыстарды даму барысында зерттеу;
бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
зерттеу үрдісінде қалаған ғылыми мәселенің шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;
даму үдерісін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама- қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
сынақталушыға білім-тәрбие үдерісіне зиян келтіретін, адамгершілік - инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу (Қазақстан мектебі.- 1993.-№ 3.- С. 20-24);
Достарыңызбен бөлісу: |