ЖАҢҒЫРҒАН ЖАҢААРҚАДА
«Сүйем сені, туған жер –
ата
-
мекен,
Абзал анам сенсің ғой, құшағың кең.
Жер мен көктің жәннәті бір өзінсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем?»
Қасым Аманжолов.
Сарыарқа сары дала, кұлазыған қуаң жер еді, сай
-
саласын
паналап, Сарысуын жағалап көшіп жүрген ел еді. Жайлаудан
қайтқанда, Қара Нұрадан өтіп, Атасуға жеткенде –
тоғайын кезіп
аралап, тұщы суын сағалап, аунап
-
қунап кенелуші еді еліміз!
Дәл бүгін өткен өмірдің елшісіндей, кәрі тарихтың көршісіндей
болып егде тартқанда, сол өңірге тағы бардым.
Кешегі сең соққан балықтай
тұнжырап, сарылып жатқан сары
құм енді жаңғырып, өлкесіне жан кіріп, көріктеніп гүлденіп,
құбылып,
неше
түрленіп
тұрған
Жаңаарқаны
көргенде
қуанышымыз кенересінен асып, мақтанышымыз судай тасыды.
«Жаңаарқа сап
-
сары алтын жүзген нұрға,
Қоналқа мекен болған сан ғасырға.
Сайрам тау, самал жайлау, сырмайлы өзен,
Лебімен алар тартып шықсаң қырға»...
деген Қасым ақынның толғаулары
еріксіз есіңе түседі.
Жаңаарқа ауданының шығысына қарай серпіліп «Сәкен»
совхозына келдік. Үгіт
-
насихат жұмысын басқаратын аупартком
секретары жас әйел Орынбасар Жақаева өзі алып жүрді.
233
Ертедегі айтылатын батыр Қоңтажының қанатты тұлпары –
«Қолжан жауыр» тәрізді қоңыр машина, әне
-
міне дегенше Жақсы
Иманақ тауына жүйткітіп жетті. Бұл Жақсы Иманақ 1964 жылы
Сәкен ағаға ас берген, 25 мың кісі жиналып, 80 ақ үй тігіліп,
Жаңаарқа түгел бас қосып, той
-
думан жасаған, құт дарыған жер
еді. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанған осы мекендегі «Сәкен»
совхозы көзімізге оттай басылды. Сол аста «Расцвет»
совхозының бор маңдай торысы бәйгіден келді. Жаңа Арқаны ң
жел жетпес ақ
боз атына желбегей мініп, Сәбит ағаның арындата
шауып, әлгі бәйгі торыны тартқанын да көріп едік. Әрине, тосын
көргеннің бәрін байқай алмауың мүмкін, ал байқамасаң
–
байыптай алмайсың. Бірақ бұрын көз қаныққан
–туған, өскен
жердің ой
-
шұқыры аз болса керек.
* * *
Кешкі сағат жетіде Иманақтан тоқсан шақырым жерде
орналасқан «Расцвет » совхозына біз де келіп тоқтадық, он минут
өтпей
-
ақ таңертеңнен кеңсесінде кездескен ауданның бірінші
хатшысы Мұқан Медеубаев та, сол күні арасы алшақ бір
-
екі
совхозды аралап, олардың бөлімшелерінде, бригадаларында
болып, Көрұғлының көгаласындай «көк бедеумен» аңыратып
жетіп келді. Көңілі бір демдегендей, ішкі сыры сыртына теуіп
күреңітіп тұр. Машина соғып, күн қақса да, жас шіркін елемейді
екен. Келісімен осы совхозда да мәжіліс өткізіп, ертеңгі еңбек
бағытын ақылдасып жатқандай, түн
ортасында әрең босады
.
Қазақстандағы мал өсіретін аудандардың бірі –
Жаңаарқа. Күні
ертең қылышын сүйреткен қысқа арнап, малға жем
-
шөп
дайындайтын қарбалас кезең, бір күні жылға бара
-
бар мезгіл кей
совхоз үкімет жоспарын жүзден асырып, кейбіреуі жете алмай,
жеде
-
қабыл қимылдап, жан беріп жатқан кезіне килігіппіз.
234
«Айнабұлақ» пен «Расцвет» (ЬІнталы) совхоздары ежелден
белгілі қалың тоғай –
Қараағаштың төңірегінде.
Бұл Қараағаш
Арқаның сауыры, ертеде Телғозының Шоңы мекендеген
құйқалы да жел өтпейтін қалың ағашты жер. Қараағаштың
сілемі Құланөтпес өзенінің бойындағы Баймақанның Қызыл
ағашына тіреледі. Сары құмды Сарыарқаға әкеліп шебер қол
егіп шығарғандай шөбі шүйгін құйқалы арал тәрізді:
«Жайлауы біздің елдің –
Құланөтпес,
Бөріге ит қарғысы сірә жетпес.
Жігітке қыз қарғысы майдай жағар,
Десең де «ішің толғыр» еш нәрсе етпес?
—
дейтін көне жыр әлі ел аузында жүр. Арқаға әйгілі Қара Нұра
өзенімен терістікке қарай жарыса ағатын Құланөтпес осы.
* * *
Енді «Атасу» совхозынан Қаражалға қарай жөнеп бердік. Бұл
Қаражал –
кен орыны, жапанда жалғыз жорытқан жампоз
атандай Қаныш ағамыз ашқан –
Совет Одағының игілікті ісіне
үлес қосқан мекен.
«Үлкен Жезқазған мәселесін» шешкеннен кейін, осы табысына
масаттанып тоқырап қалмай, данышпан ағамыз Қаныш
Имантайұлы Сәтбаев тұнып жатқан Сарыарқаны жаңғыртып,
қойнын ақтарып, көптеген кең байлығын үйірге қосты, соның
бірі де, бірегейі де осы Қаражал: суық суы кір ашатын, үстінен
Атасу өзені тыным таппай ағып өтіп жататын Қаражал осы.
Мұны көргенде «кен кіндігі
–
Қаражал» деген сөз ойға оралады.
Тұратын тұлғасынан мін сезілмей,
Ғасырлар сирек табар ұлды езіндей.
Далаға мұнара боп тұрып қапты,
Елімнің елдігінің күмбезіндей,—
деген Сырбай ақынның сөзі шындықтың дәл өзі екенін
байқайсыз.
235
Көңілден жүйрік көк
дөнен Атасуды өрлеп, қияға қанат қаққан
ақ сұңқардай, Ақтауға қарап, ор қояндай өршелене орғып келеді.
–
Мынау пионер лагері –
«Клич», –
деді Қаражал кенішінің
басқарма бастығы Михаил Михайлович Герасимов анадай жерде
тұрған, төбешікке күмбездеп салған, әрі сұлу, әрі шағын
дөңгелек үйлерді көрсетіп. Атасуды бөгеп, тоған байлап,
айналасы ат шаптырым шалқар көл жасапты. Тоғанның түбіне
пионер лагерін, демалыс үйлерін салыпты. Әрбір демалыс
күндері Қара
-
жалдың еңбекшілері осы араға ағыла келіп, аунап
-
қу
-
нап, салқын суына шомылып, құс атып, балық аулап, рахатқа
бататын жерлері осы «Клич» екен. Атасу атырабы қалың тоғай.
Құлпырып шешек атқан гүл
-
бақша тәрізді.
–
Мен, орыс болсам да, қазақ тілінен құр
-
алақан емеспін.
Өйткені менің достарым
–
қазақтар. Бүгін таңертеңнен «Ақтау»
совхозының директоры Жолкен Дүйсенов маған телефон соқты,
сондағы айтқан сөзі мынау болды: –
Қаражалдағы
«Ши» аулына
бәріміздің де ағамыз, құрметті қонағымыз Секең (Серғали) кеше
келіп түссе керек. Сол кісіні «Ақтау» совхозына алып келуді
аудан басшысы Мұқан Медеубаев маған тапсырды. Егер сен өзің
мұнда келетін болсаң, сол кісіні өзіңмен бірге ала кел, екі қолға
бір жұмыс, әйтеуір демалыста жүрсің ғой, –
деп мәселені
қабырғасынан қойды. Сонсоң, бүгін шөп науқаны жөнінде
облыстан шыққан уәкіл –
«Орталық Қазақстан» газетінің
редакторы Сейфулла Оспанов пен аупартком хатшысы Әбілғазы
Күленовтер де осы арада кездеспек дегенді қоса ескертті
жолдасым Жолкен. –
Михаил ойын осылай жеткізді де, маған
жымия бір қарап қойды. Қаражалдан шыққаннан бері үн қатпай
көңілсіз келе жатқан мені әңгімеге шақырғысы келгендей.
236
* * *
–
Осы мен түсінбеймін, біздің орыс діншілдері үш құдайға
табынады. Солардың біреуі «Әулие рух» (святой дух) –
әке
құдай, оның әйелі жебірей қызы Мария, ал Иса (Иисус) Мариядан
туған (әулие рухтың) баласы. Осы үшеуі аспанды мекендейді
-
міс.
Ал мұсылмандардың құдайы біреу
-
ақ, оның тұрған жері мүлде
белгісіз. Хабаршысы Мұхаммет, бұл өзі араб еліндегі бәдәуй
ұлысынан шыққан, хат танымайтын адам деседі. Сонда
осылардың қайсысы дұрыс! Аспан әлемінде шарлап жүрген
космонавтардың біреуінің көзіне олар түспейді, ендеше одан да
әрі бір жәйлі мекеннің болуы мүмкін
-
ау, сірә?» –
деп, бүйіріңді
бүлкілдететін қияс сұрақ берді.
«Қартайған адамның шықшыты босайды, ол бі лгенін ағыта
айтуға құмартады», –
деуші еді құрдасым Ахмет Жұбанов, ал
жастар болса –
тыңдауға әуес, ертең өзі айтады ғой. Михаил
осыны ескерді
ме, немесе жол қысқарсын деді ме, тіпті болмаса
мені тұңғиық ойдан айықтырғысы келді ме? Сұрағы жұмыр, сөзі
алыс...
–
Михаил Михайлович,
–
дедім мен, –
дін мәселесі өте көне,
адамзат жаратылғаннан бері толастаған емес. Үстіміздегі жыл
санауымыздан 4 мың жыл бұрын Қос өзенде (Месопотамияда) 50
мың кұдай дәурен сүріпті, солардың ішінде жалғыз
-
ақ адам –
Лугальбанда екен, басқа екі аяқты, қанатсыз тірі пенде
болмағандықтан, ол Нинсун деген кұдай әйелге үйленіпті. Осы
құдай әйел Нинсун мен әлгі Лугальбанда
екеуінен Гильгамеш
батыр туыпты
-
мыс...
–
Мәңгі өлмейтін құдайлар арасында қырғын
-
жорық, тартыс
-
талас күн құрғатпапты. Осыларға қарсы тұрып, Гильгамеш
көбінің көзін кұрытып беттерін қайырыпты
-
мыс...
Бері келе, әлгі Шумер, Аккада елдері жер бетінен жойылып,
енді тарих сахнасына көтерілген Эллин (грек) елі болыпты.
Эллин жұрты есепсіз көп құдайдан береке
табылмайтынын біліп,
әрбір салаға
237
бір
-
бір құдай атастырады. Мәселен: жауын
-
шашын, бау
-
бақша,
арақ
-
шарап құдайы –
Дионис; сұлулық пен махаббат тәңірі –
Афродита; еркек әдемілігінің тұлғасы, жер өнімінің, жарық
-
сәуленің, күн шапағының, теңіз қарым
-
қатынасының құдайы;
көркем өнер тәңірі –
Аполлон (екінші аты –
Феб); ғашықтық
тәңірі
–
Эрот; адам жанының тірі тұлғасы, жан тәңірі, Эроттың
ғашығы –
Психея, тағы басқа жоғары
-
төмен құдайлардың құдайы
–
Зевс. Бұл нажағай ойнатып, жай түсіретін жер мен көктің, бұлт
пен жаңбырдың, дауыл мен күркірдің құдайы, әлемнің ұлы
қожасы, бас құдай Олимп тауының төбесінде де, көкте
де
тұрады
-
мыс, тақымына басқан «көк
-
дөнені», пырағы
–
(Пегас)
аспан дүниесін аралап, Зевсті қыдыртып жүреді
-
міс деседі.
Әлемнің бас құдайы Зевстің әрі туған әпкесі, әрі әйелі Гера –
көк
тәңірі жердегі құдайлардың патшасы, некенің, адал жардың
қолдаушысы, төменгі құдайлар арасында болып жатқан өсек
-
аяң,
араз
-
құразықты күйеуіне жеткізіп тұратын тыңшысы тәрізді. Бас
құдай Зевстің әпкесі Демегра –
жер құдайы, өсімдікті сақтаушы,
адамзатты асыраушы деп қастерленген. Бас құдай Зевстің ағасы
Посейдон –
теңіз құдайы, дауыл мен толқын иесі саналған.
Зевстің тағы бір ағасы Анд –
өлгендердің мекенін, жер астын
билейтін тәңір делінген... Бертін келе бұл дәуір де өтіпті
-
міс...
Бұдан кейін көп құдайдың көзін құртып, қысқарта
-
қысқарта
келіп, олардың санын үшеуге түсіріпті . Ғайса діні осылай
дейтінін өзің де айттың ғой, ал Ғайсаның 622 жыл кейін
Мұхаммет шығып: құдай біреу, оның белгілі мекені жоқ деп
уағыздапты...
–
Миша
-
ау, бұл ертекті көйіте берсек, түбіне жеткенше иттің
өзі де шөлдеп өлуі мүмкін,
–
дей бергенде, машинамыз кілт
сүрінгендей болды; жерошаққа кездесіппіз, әңгіме үзіліп кетті де
«Ақтау» совхозына тірелдік. Бұл совхоз да Атасудың нағыз
құнарлы қойнында екен. Ұзын жол осылай қысқарды.
238
Достарыңызбен бөлісу: |