"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


С Ү Й І К Т І Д О С Ы М !



Pdf көрінісі
бет53/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 
С Ү Й І К Т І Д О С Ы М !
 
«Тарас жатыр жарасы жанға батып, 
Бір сүйек мың сүйекті сырқыратып. 
Қия алмай жалынды шақ, жас өмірді, 
Қарайды кейде көзін жаудыратып.»
Қажым.
 
Қажығали Жұмалиевті мен 1956 жылы июнь
-
июль айларының 
бірінде тұңғыш рет көріп таныстым. Қазақтың Мемлекеттік 
көркем әдебиет /осы күнгі «Жазушы»/ баспасына келген екен. 
Көп сөзге келмей, шығып кетті, жақындасуымыз келте
қайрылған сәлемдесуден басталғандай. Бірінші көргенде
-
ақ, 
менің бастасым да, тағдырласым да осы бір кескіні жүдеу, киімі 
жұпыны, тығыршықтай шәпеті денелі, дәл осы жігіт болар
-
ау, –
деген ойға тірелдім...
Қажымды мен 1929 жылы жарық көрген «Егізбай мен Ерғожа» 
атты поэмасынан білуші едім. Әр адам өзі не бұрын таныс емес 
нәрсені оқып, білуге құмартады ғой. Тәшкенді, өзбек елін 1922 
жылдан бері қарай біле
тұрсам да, өзімізбен жапсарлас жатқан
211
 


қырғыздың елін, жерін бұдан бұрып білмеппін, сондықтан қатты 
қызығып оқыдым, Соңда: 
«
Қырғыз бенен қазақтың шекарасы –
Аспара» дейді де, Сусамырды суреттеуден бастайды. Ақын 
Қажым: «Шөккен нардай жартастарды бұлт қорғап, бозғ ыл 
тұман арасына тығылып, Сусамырды күндіз
-
түні қарауылдап, 
төбесінде қалықтап ұшқан қырандар»,–
деп тебіренеді. Қажым –
шөлейт кұмды өңірде, Қаратөбеде туған адам. Сөйте тұрып, 
таулы аймақтың қолмен тізгендей қалың талын да, оның жел 
соқса, тербетіліп ырғақтайтын бұтағын да, сызылтып ән 
шырқаған бұлбұлын да, баурайында асыр салған аңдарын да 
әсем жырлайды, жатырқамайды. Шынымды айтсам, туысқан екі 
республиканың 
шекарасы 
Аспара 
екенін, 
жер 
бетінде 
Сусамырдай жайлы қоныстың барын Қажекең арқылы білдім, 
сондықтан да оны ұстазымдай сыйлап, «Қажеке» деп кеттім; 
сөйтсем, ол менен бір жасы кіші болып шықты
-
ау!
Хамза, Мұхаметжан тәрізді жақын достары, құрдастары оған 
қатты қалжындайтын. Қажым оны елемейтін, өйткені зілді 
дыбыстың жоқтығын сезетін, оның үстіне қазақ дәстүрінде 
құрдас сөзі балаусыз, ашуланса ұтылуы мүмкін. Бұлар да 
Қажекеңнің кіді мінезін, бір бетінен қайтпайтын е рлігін аса 
жоғары бағалайтын.
Әдетте Қажымды –
ғалым, ұстаз деседі, осының бәрі рас, бірақ 
ол ең әуелі ақын. Оның мінезіндегі кедір
-
бұдыр да ақындықтан 
қоздайды, ақылдан сезім ұшқыр, ақын сезімтал, ал ғалымдық 
салқынқандылыққа саяды.
Өзімізге ұнаған поэма «Махаббат пен достық», бұл қазақ 
әдебиетіне қосылған үлес еді.
Шіркін
-
ай, жан қиярлық болса досың!
Іргелес қып достықтың тіксең қосын.
Жаһанда бар ма қызық одан артық,
Келмей ме кемеліне көңіл хошың?
212
 


Үстіңе бақытсыздық төнсе қалың,
Морт кетсе қысылғанда қармар талың,
Сонда дос көрсетеді шын достықты,
Аямай бір сен үшін қолда барын, –
дейді Қажекең. Махаббат пен достық жыры да аңсаудан туған 
нәзік сезімнің жемістері.
Әлі есімде, 1968 жылы май айының орта шені, айлы түнде 
көшеде жолықтық. Төңкерілген көгілдір қазанның шұңғыл түбіне 
жабысқан алтын табақтай болып, ай көкте қалқып, жылжып 
барады. Айнала жым
-
жырт. Алматының тіл жеткісіз әдемі 
кешінің бірі еді. Иттің абалап үрген даусы да естілмейді. Сымға 
тартқандай түп
-
түзу көшелерді ұйқының жұмсақ, жеңіл мұнары 
маужыратып әлдилей түседі.
Осындай әдемі кеште екеуіміз ұшырастық та әлгі тылсым 
тыныштықты
бұзып, жамыраса жөнелдік. «Махаббат пен 
достық» поэмасын оқып шыққанда есімде қалған бір үзіндіні 
жатқа айтып:
Ойды улап, бойды
билеп табындырған
Осал деп кім айта алар махаббатты?—
дейсің сен. Бұрын айтсаң, көзің көрмей ме? Кешегі өндір күніңде 
өзеурей ынтығып, талай күйге түскен боларсың. Махаббат де п 
таныған мына қазіргі шүйкебасыңмен аулақта кездескенде –
қызулы ыстық сөздерді, зәру жүректің ынтыққан құпия сырын 
тілің жеткенше, ақтарған да шығарсың. Жас кезінде бәрі 
үйлеседі, тіпті сондай сертті мезгілдерде үндеспей қалатын да 
самалды сағаттарың болды ғой, бәрін де түсінем, қысыр сөз, 
қандай әдемі болса да, махаббатты ол сұйылтып, қожыратып
жіберетінін де білесің сен... –
дей бергенімде:

Сен түк те түсінбейсің, –
деп кесіп тастады, даусы, өңешінен 
әріректеу жерден шыққандай, қарлыға сөйледі. –
Махаббатқа 
әрбір адам әр
-
алуан қарайды. Тіпті бір адамның өзі де әр дәуірде 
әр қилы күй шертеді. Жас күнінде оттай лапылдап
жанады да,
213
 


кәртайғанда оның жүрегі құштарлыққа ере бермейді, деп еді А. 
С. Пушкин... Әй, сен осы көп сөзді доғаршы! Нушич деген біреу 
«Әйел алғаннан кейін еркектің өмірбаяны болмайды», –
депті, 
соны айтпақшысын ғой, мен түсінем... Мақтаудың кейде 
даттаудан артық екенін білем, онан да мына поэма туралы 
қандай ілгешегің бар, соны айтсайшы... Оның мінезінде 
жасандылық жоқ, шын ақын болатын. Жылдам өкпелеп, жылдам 
жадырайтын. Уәде берсе, сол орнынан табылатын, ол 
жорғақтамайтын, жек көрсе, бұрыла алмайтын. Жеңілген кезінде 
қалшия қарап тұра қалатын.

Поэмаң өте жақсы жазылған, қызғаныш, өшпенділік, 
күншілдік –
бәрі де нанымды берілген екен:
Қызғаныш қызыл көзі оттай жайнап,
Өшпендік сақылдата тісін қайрап;
Күншілдік күбірткеше іштен кеулеп,
Үшеуі Сағынайды досына айдап 

Салмақшы! Мерт болғалы тұр ер жігіт,
Көмекке үлгірмесе сабыр, қайрат...
дегенің өге
-
мөте әдемі шыққан. «Жалғыз
-
ақ, Нинаның Сағынай, 
Тарастар қызмет ететін полкте жүруі, сөйте тұрып, бірін
-
бірі 
білмеуі мүмкін бе? Оның үстіне Нина Тарастың туған 
қарындасы дейсің. Сенімен дауласқым келмейді, өзің айт деген 
соң, айттым. Меңсіз қара мысықтай шығарма дүниеге әредік 
келеді ғой...

Дұрыс ескерткенің, үйінің қасына келіп қалыппыз, жүр енді 
Әбекеңе сәлем беріп шығалық, ол аға ғой, –
деп оң жаққа 
бұрылды.
Әбекең қуана қарсы алды. Әрбір тостағанды ба та істеп көтеру 
әдетке айналды ғой, Қажекең өз кезегінде:

Әбекең өлеңінде жеке өзіне тән жылылық, сыршылдық, 
нәзіктік бар, маған осылары ұнайды,

дегенді айтып, есен
-
саулық тіледі...
Біраздан кейін ол мені трамвайға мінгізіп салды.
214 


Әр адам жақсы көрер мінездесін,
Кісіні хош көрмеген неге іздесін?
Қашамын надандардың сұхбатынан,
Түсіме, өңім түгіл, кіргізбесін,—
деген халық өлеңі дәл айтады: Қажекең екеуіміз тұзы жарасқан 
жандар едік.
Ажал тура келген соң,
Шыдатпайды берікті.
Ғаріптікке көз жетті
Алғаннан соң серікті.
Өмірін берген кұдайым
Ажалын да беріпті
( А б а й )
Қатты қайғы немесе зор қуаныш үстінде өлшеп сөйлеу қиын
-
ақ! Күнде көрісіп, тату
-
тәтті әзілдер айтысып, жамыраса 
сөйлесіп, жадырасып та отыратын ойлы достан мәңгіге айрылу 
оңайға түспейді екен! Бәрімізге де Қажекеңнің екі қылығы өте
-
мөте ұнайтын. Соның бірі

кіршіксіз адалдығы, екіншісі –
қажымайтын еңбекқорлығы. Кейде тіпті қателессе де, өз 
нанымын айтпай бұғып қала алмаушы еді. Сырын білетін шын 
достары көңліне алмайтын.
Қажекеңді ұшан
-
теңіз өмір толқыны қағып та, соғып та, 
сілкілеп те байқады. Алайда бағынбайтын қайсар тұлғаны 
майыстыра алмады. Сөйтіп, ол талай қиын
-
қыстау додадан 
сүрінбей сурылып та шықты.
Айтарым көп
-
ақ, бірақ қазір сол ойлардың бәрі де бет
-
бетіне 
кетіп, бұлдырап бошалап кеткендей. Бәріміздің де түпкі 
мекеніміз, көрмеген көшеміз сол болары айдан анық. Осы ой 
жүректі кеміріп, тынысты тарылтады.
Соққан дауыл сияқты өмір өтер,
Қайғырмаймын, білемін, көзім жетер.
Кеудемде осы жүрек түрған шақта
Жақсылық жоқ өзіме, мен дәметер.
.. 
215
 


Пай
-
пай
-
пай! Айтқан
-
ау! Басыңа қандай қара күн туса да, ақын 
Абай алып шықпайтын қамал жоқ. Ол жылата да, жұбата да 
біледі.
Қажеке, сенен қазір кешірім сұрағым келеді. Өзіңе барғанда 
көңліңді сұрай келмеген кісіше отырушы едім. Кәкір
-
шүкір уақ 
әзілдер айтып күлдіруге тырысушы едім; өзімді де, өзіңді де 
алдаушы едім. Осыны кешір! Бұдан бұрын барғанда да жалған 
сөйлеппін, жазған хатымда: «Сүйікті, Қажеке! Досыңа достық 
қарызың ғой, екі күндей кіре алмай қойдым. Аман
-
есен болайық

айтылатын
әңгіме
-
дүкен көп. Өзім Шымкент
-
Түркістан, Қаратау 
барып қайттым. Мәжіліс өткен соң келдім, 19. XII–68 ж. 
Журналға басылған әңгімең құтты болсын. Әдебиетіміздегі бір 
белес тәрізді. Осы қуанышқа ортақ болалық, тезірек шық! 23. 
XII

68
ж.», –
деп
жазыппын. Осы хатқа ол:
«Рахмет! Хал шамалы. Қазір мүмкіндік жоқ. Болса, 
хабарлармын. Кітабыңды басынан аяғына дейін оқыдым. Жақсы 
екен. Айтарым бар еді. Амал жоқ. Сау болалық. Қажымың. 
23. 
XII 

68 ж.»—деп жауап қайтарыпты. Қажымдай қайсар адамның 
«Хал шамалы» деуінде жүректі жегідей жейтіп зіл тұрғанын 
сезгендей болдым. Кейінгі шайып
-
жуған сөздері әлгі екі сөздің 
уытын қайтара алмады. Биязы айтылған шындық тебірендіре де, 
тентірете де алады екен!
Көп адамға ұқсамайтын онда тағы бір мінез бар еді. Ол өзінен 
бұрын өткен егде ағаларын орнынша сыйлай білетін еді. Осыған 
куә етіп өз сөзін кел

тірейінші...
«Біз Мұхаңның (Мұхтар Әуезовті айтып отыр –
С. Т.) қайтыс 
болғанын Москваға бір станция қалғанда естідік. Суық хабар жай 
түскендей әсер етті. Ол кісіні осынша тез, ойламаған жерден 
қайтыс болады деп кім ойлаған! Көре алмай қалғаныма бір 
қайғырсам, өз қолымнан топырақ сала алмағаныма екі қайғырып, 
қазір маған әдебиетіміздің бір босағасы құлап, орны үңірейіп 
қалғандай, дел
-
салмын. Өлді деуге тіл бар

216 


ып, көңіл сенуі мүмкін емес тәрізді. Уланған іш, қамыққан көңіл, 
қайғылы хал, көзге іркілген жас, ойлаған сайын бір жерге 
тоғысады да, түнде ұйқыны, күндіз күлкіні (иретіп басыңды мең
-
зең
етеді. Ол мәңгі тірі, артына өлмес еңбек қалдырды, арманы 
жоқ қой деп, өзімді өзім жұбатпақ боламын. Бірақ,
ол сықылды 
зор талант әлі де өмір сүріңкіресе, көптеген асыл еңбектер 
бермеп пе еді? Мұхаңның өліміне қайғырмаған жан болмас. Сол 
қатты қайғырушының бірі мен. Басқаларға көңіл айтып, 
тірілердің өмірі ұзақ болуына тілектеспін. Жолдастарға сәлем 
айт.Қажым. 30. У1—М ж.» –
деп
жазған еді
-
ау!
Сымға тартқандай әдемі сөзді әркім жазады, бірақ кедір
-
бұдыр 
шыңдықты айту қолдан келе бермесе керекті.
Мұхтар ағасы жөнінде оның осы айтқандарын мен де Қажымдай 
сүйікті досымның
дәл өзіне арнар едім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет