"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


Грибоедов та қиыр шетте – Иранда жүріп, Россияны сағынғанда: –



Pdf көрінісі
бет51/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 


Грибоедов
та қиыр шетте –
Иранда жүріп, Россияны сағынғанда:

 
Жолықтырса ұзақ сапар, жат мекен,
Туған елдің түтіні де тәтті екен,

депті.
Жоғарыда айтылған Сапарғали өлеңінің енді бір жерінде:
Түнеріп түндей
томсарған,
Көшер ме тұман серпіліп? —
деп өз отанының көсегесі
көгергенін көргісі келеді. Сапекең 
сондағы көксеген арманына Октябрь таңы атқанда жетті, 
көркейген Советтік Қазақстаны –
гүлстанын көрді. Іздеген 
табады екен.
Сапар ағаның тақырыбы әр кезеңге арналған, совет дәуірінің 
алуан белестерін жырлаған ол. Елу жыл ішінде толастамай 
жазған ірілі
-
уақты өлеңдерін тізіп шығу да оңай емес. 
Поэмалары мен балладаларында да талай терең сырлар 
ағытылған. Соның ішінде «Абақ арманы», «Қарқаралы», «Қыран 
кегі», «Айдос», «Орыс қызы», «Машинист», «Ажар», «Черкес 
кегі», «Айдар», «Алтай аңызы», «Баян жүрек», тағы басқалары 
бар. Бәрінде де тамылжыған тәтті күйлер шертіледі.
Қай еңбегінде болса да Сапар аға адамгершілікті ң
ұрығын 
егеді. Советтік Отанын сүюді үйретеді. Уақиғаны көріп отырып 
жазады,
сондықтан кейде қабырғанды қайыстыра, кейде 
жүрегіңді 
лүпілдете 
аласұртады. 
Мысалы, 
«Қарқаралы» 
поэмасында Сапарғали 1921 жылғы аласапыранды суреттейді. 
Ақтардың қашып, қызылдардың түре қуған кезеңін, сол 
мезгілдегі қашқындардың нешетүрлі қулық
-
сұмдығын қаз
-
қалпында көрсетеді.
Қарқаралыны аңдаусызда бандалар басып алады, сол қанды 
түннің үрейлі кескінін ақын былай береді:
Тартқандай демін ішке қала тынып,
Торғындай көкшіл аспан бұлтсыз тұнық.
Шашылып бриллианттай жұлдыз жайнап,
Мылқау түн табиғатқа хандық құрып,
203
 


Кенеттен бұза
-
жара тыныштықты,
Ат қойған қалаға аңдап, дүсір шықты,
Винтовка, пулеметтер гүрсіл қағып,
Зулатты, қала үстінен оқ ыршытты.
Үрпитті қала халқын қаһарлы екпін,
Келтірген үстін асқа аспан
-
көктің.
Боп кетті жер тулақтай, тау қаңбақтай,
Ілезде
-
ақ ұшты үрейі тұрған көптің,—
деп, көзімен көрген кісі ғана, ішінде бірге жүрген ақын ғана 
осылай айта алады. Біздің байқауымызша, сан
-
қилы ірі сөздерді 
орынды
-
орынсыз қолданып, сырт ұйқасты қуалап, көтеріңкі 
көпіріңкі айту оңай, бірақ қарапайым халық тілімен уақиғаның 
дәл суретін жасай білу қиын. Мөлшерден тыстың бәрі сиықсыз. 
Ойсыз ұйқас, нәрсіз дыбыс оқырман әлеуметке құр ызың. 
Мысалы:
Зимою в стуже
Мне не хуже,—
деген орысша өлең бар; осының ұйқасында кінәрат жоқ, біра қ
ой 
бар ма, өмір бар ма? Ал, Пушкиннің «Полтавасында» Қочубейдің 
қызы Мария өзінің сүйген жары Мазепаны княгина Дульскаядан 
қызғанады, сонда А. С. Пушкин былай толғайды:
Удивлена, оскорблена,
Едва дыша встает она
И говорит с негодованием...
дейді. Осы өлең ұйқасымен күшті емес, ақынның ойын берген 
тілі күшті. Марияның сол ышқына шыққан жүрек сыры, демігіп 
ашу қысқан бейнесі мәңгі қалады. Біз бұл жерде әрине, 
Бегалинді Пушкинмен салыстырып тұрғанымыз жоқ, өлең 
туралы өзіміздің көз қарасымызды жеткізгіміз келеді. Әрбір 
сөздің жаны бар, орнында тұрса құлпырады, өткір тіл терең 
ойды сыртқа суырып шығарады, ойсыз, жалаң ұйқастыру 
өлеңнің негізгі тиянағы емес тәрізді.
204 


Сапекеңнің қыруар
еңбектерінен әр
-
алуан дыбыс естиміз, 
тақырыбына қарай ырғатылып, құбылып отырады. Қазақ еліні ң 
жаңарған өмірінің көркем шежіресі, революцияның елу жылдық 
сапары сайрап тұрады. Сапекең ауылға, колхозға барса, қой 
маңырап, қозы жамырап, түйе боздап, жылқы кі сінеп жатады. 
Бағып жүрген малшылардың да «шек
-
шек, шәйт
-
шәйт, көс
-
көс, 
құрау
-
кұрау, өк
-
өк» деген ежелгі
таныс үндері құлағыңа жылы 
естіледі. Ол қалаға, өндіріске келсе, –
трактор, комбайн, 
паровоздардың, балға соққан ұсталардың «тақ
-
тұқ, шарт
-
шұрт, 
тратта
-
тат, трата
-
тат» сияқты қуатты дыбыстары құлақты 
тұндырады. Ол Отан соғысының долы дауылын жы рласа, 
жауынгер ерлерін мадақтаса, зеңбірек, пулемет, винтовка, 
аэропланның екі иығынан дем алып үздіксіз дүрсілдеуі жер бетін
жаңғырықтырады, 
қысқасы, 
революциядан 
кейінгі 
өсу 
белестерінің бәрі де айшықталып айтылады, өйткені Сапекең 
уақиғаны түгел көзімен көргенде ғана күй шерткен ақын.
Сапар ағаны ешкіммен салыстырғымыз келмейді, өйткені ол 
өзіне
-
өзі ұқсайды.
Біздің байқауымызша,
әр елдің әр түрлі адамдары болатын 
сияқты. Кейбіреуі өз халқының материалдық, рухани байлығын 
да, Батыс пен Шығыс мәдениетін де сарқа біледі. Екінші 
біреулері өз елінің ойы
-
қырын түгі
-
түгел меңгереді, бөгде 
елдерді де шетпұшпақтап қамтиды. Үшінші біреуі туған 
ұлтының мәдениетіне, әдебиетіне, тіліне өле
-
өлгенше түбегейлі 
қызмет етеді, соны қастерлеп үгіттейді. Міне, жалпы алғанда, әр 
елдің әдеби, мәдени, саяси өрбуінде осындай сан
-
алуан қалам 
қайраткерлері болатын тәрізді. Жан иелерінің біріне
-
бірі 
ұқсамауы, заты, сол елдің елдігін көрсетсе керек. Бір қалыпқа 
тартқандай болу жалықтыратын да тәрізді.
Сапарғалидың шығармаларын оқып отырғанда, біздің есімізге 
ескі «Қыз Жібек» қысасы түседі. Өздеріңізге белгілі, Қаршыға 
мен Төлеген көштен
-
көшті куа сүзіп, Жібекті іздеп келе жатыр. 
Көш басы сайын кезіккен қыздардың сұлулығын белгісіз автор 
205
 


емешесі құрып суреттейді, бірінен
-
бірі өтеді, бәрі әдемі екен, 
бірақ Жібек емес. Оқырман жұрт енді Қыз Жібекке өзі ғашық 
болады, бірге іздеседі. Дымы кұрып, аласұрып Төлеген алдыңғы 
көшке жетеді, Жібектің шешесін көреді. Кейін қалған әлгі әдемі 
қыздар мұның қасында жіп есер емес, тұп
-
тура Шолпан дерсің. 
Төлегеннің Жібекті көрген сәтін ақын суреттемейді, оған ойы 
да, тілі де, ақындық күші де жете алмайтын тәрізді. Оқырман да 
мейлінше ырза. Шешесі анадай әдемі болғанда, қызының қандай 
екені бәрімізге де түсінікті. Артық сөз ойды сұйылтады ғой. 
Ақын мөлшерді жақсы білген.
Осының бәрі сиқырлы тілдің қуаты, қысадағы өлеңнің 
ұйқасында да емес, гәп, барлық күш автордың ойын паш еткен 
тілінде, суреттеу шеберлігінде жатқандай.
Қазақ елінің байырғы
сол тілін Сапар аға бойына сіңіріп, бәрін 
бір өзі арқалап жүргендей. Ол жылмиған жүйрік, жылжыған 
жорға тілдің тірі қазынасы.
Осы күнгі жасөспірім тіл мамандарына, жас әдебиетшілерге 
қазақ тілін білгілерің келсе, осы ағадан окыңдар дер едік. Ақша 
төлеп те үйренеді ғой, тегін берсе, бағасы
кемімес! Бір кезде 
Қажым Жұмалиевпен осы Сапар ағаның кейінгі поэмасы «Баян 
жүрек» туралы сөйлесіп келе жаттық. Сондағы Қажекеңнің 
орынды ескерткен бір сөзі есімізде: «Сапекең қазақ тілінің 
қорындай; бірақ бар білгені еңбегіне сыймай, түгел айтылмай 
кетсе, өкініш осы ғой
!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет