"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


Басынан Кіндіктастың қарап тұру,—



Pdf көрінісі
бет47/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 
Басынан Кіндіктастың қарап тұру,—
 
деп қорытады. Оның көзіне Жетісудағы таулар осылай көрінеді.
Ілияс жырындағы Жетісу ит
-
құстары: «Сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан, 
қасқыр, серек, қарақұлақ, шибөрі, қарсақ, сусар, бұлғын, жанат, таутеке, 
арқар, құлжа, қарақұйрық, марал, тазқара, балтажұтар, ақбас құмай, 
жұртшы, саржақ, су бүркіті, құмай, лашын, тұйғын, тұнжыр, тынар, 
мықи, ителгі, бәрпі, қырғи, құр, тұрымтай, бидайық, бүркіт, тығанақ, үкі, 
ақсары, құладын, қара, боз, суық, бұқпа, сіпті, шапшақай, майлық, 
маубас бұқа, шөже, тоқылдақ, сұр кұрқылтай, бұлбұл, шымшық», –
деп 
келтіреді. Бұл осы күнгі зоолог ғалымдарымызға даяр мүлік қой.
Енді ағаштарға көшейік:
Қарағай, тал, долана, үшқат, шетен, ырғай, арша, ақса

сық, қызыл 
қайың, барша, шынар, шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, 
шырғай, балғын, тораңғы, сары ағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, 
түйеқұйрық, бауыр құрт, қараған, боз қараған, шеңгел, шілік, 
сарықұйрық, тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес, сүтіген, еңлік, 
мейіз, киізкиік, ақшалғын, көке марал, бетеге, раң, жапырақ теңге,
бұйра, 
қисық иық, балдырған, уқорғасын, атқұлақ, жүлкеуір,
шырыш, шытыр, 
биеемшек, мыңтамыр, жуа рауаш, жаужапырық, балауса, сорғыш, селдір, 
ермен, бақбақ, сыбызғы, жалбыз, құлмық, қарақияқ, шоқайна, меңдуана, 
сора, шақпақ, қурай, шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, қанжыға, 
қоға, сасыр, аққой, таусарымсақ, қымыздық, қызсаумалдық, қалақай, 
айылқияқ, усойқы –
дегендерді шұбырта келіп Ілекем суретін сөз 
баяндап жеткізе алмас, Жерінің Жетісудың бәрі осындай, –
деп 
тоқырайды. Әлі де түгел қамти алмағанын білдіреді.
Ботаника ғалымдарына да, тілді зерттеп жүрген ғалымдарға да осы 
атаулар керектің керегі.
182
 


V II 
Жылқышы атаны жетік білетін ел –
көшпелі қазақ елі ғой. Қазақ 
ақындарының аяңшыл, желісті, шабысты атты, жорға мен жүйрікті 
аңсамай, жырламай өткені кемде
-
кем табылады.
«Ат ердің қанаты» екенін қазақ ертеден біледі.
Түркі елдердің атты 
сарбаздары көне заманда
-
ақ дүние жүзін талай
-
талай тітіреткенді. Бері 
келе Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Қамбардың 
Қарақасқасы, Ер Тарғынның Тарланы, Көр ұғлының Көкаласы мен 
Ғыраты, Төлегеннің Көкжорғасы, Сансызбайдың Бурыл аты мен 
Сандалкөгі, Қазмойынды Қарасұр аты –
тағы басқалары бәрі де жауға 
шапқанда «аспанды алақандай, жерді тебінгідей ететін» қанатты 
тұлпарлар болатын.
Ақындардың атасы Абай да
өзі аяңшыл, өзі желісті, мінсе –
берік, 
шапса

жүйрік атты белдеуге байлап қойып, көшкенде мінуді аңсады, ол 
аттың:
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ.
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ,—
болуын көкседі. Осы кезде Абай қырықтан асып, қарттыққа беттегенді, 
оған енді селтеңдеп, шапқылап жүру ерсі. Белдеуге байлағанда көзін 
төңкеріп, қабырғалап қарайтын, тыныш
тұратын, мінгенде сүрінбей, 
көсем аяңдайтын ат керек. Заты, Абайдың осы аты не кер, не құла түсті 
болуы мүмкін. Өйткені кейін інісі Сәкен мініп шапқан Керкөжек сол
-
ақ 
шығар:
Жетектеп әлекедей көжек керді,
Серке сан, бота тірсек өжет керді
Шаужайлап аяндатып бір жас жігіт,
Тізгінін қатты қымтып тежеп көрді.
Секіріп аузын ашып, көкке шапшып,
Көжек кер қобалжытты үстегі ерді.
183
 


Жұлқынып, ауыздығын қарш
-
қарш шайнап,
Тұқырып құшырланып тарпып жерді.
Шиыршық атып, билеп шырқ айналды,
Уытты екпінімен шарпып жерді...—
дейді . Белдеуден шешкі зі п, бі р жіг іт ке мі нг і зі п, Сәкендей 
жас і ні сі не Абай жі берг ен ат делебесі қозы п, шиыршық, 
ат ы п, шырқ айналуы заңды қимы л. Революци он ер Сәкен, 
әйел т еңді г і н сүйет і н ақы н азамат, Абы лай ханның 
тұтқы ны нан
жаңа босанғ ан қалмақ қы зы на сәйгүлікті сыйлап, 
оны өз елі не ат т анды руы әдемі көрі ні с! Абайдан қалғ ан 
қанат т ы т ұлпарды т еңді к алы п, т уғ ан еліне, сүйг ені не 
жет уг е ы нт ы зар аяулы ар уғ а Сәкенні ң қиып беріп жі беруі
қандай жомарт т ы қ десеңші !
Жас елік кетті босап
тұтқан қолдан,
Жас құлан шықты ойнақтап терең ордан;
Тұтқын қыз Керкөжекпен ұшқан құсқа
Жетті енді босаған соң темір тордан, —
дег ені н оқы ғ анда, сөзі мі зді ң раст ы ғ ы на көздері ңі з жетер 
деп сенемі н.
Ілия ст ы ң Керқұласы да әлг і Сәкенні ң Керкөжег і мен 
т уы ст ас, не нағ ашы сы , не жиені болар.
Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ,
Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ

Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ

Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ,
Бұл тұлпар келіп тұрған әбден бабы,
Ашылып тұр осы аста мұның бағы.
Егер де шын жылқыны мен танысам,
Хақ мұның қырып
-
жойып бәйгі алмағы,
Сүйегі жануардың жылқыдан жат...
Шапқанда шалдырмастай бітер қанат, —
десе, Сәкен де:
Шапшыды тықыршып Кер бәйгі сұрай,
Аузымен құс тістеген бейне құмай.
Жандыға шалдырмайтын жел аяқты
Қуса да қос қанатты, мейлі кұдай! —
184 


деп, өз Керкөжегін көкке көтерді. Кейінгі екі ақынның Абайдан 
айырмасы –
лапылды жастығы, екінші айырмасы –
Абай өз 
атының сыртқы сынын көрсетті, оны шаптырып, жүйріктігін 
әйгілемегендей. Бірақ осы үш тұлпардың үшеуі де бір қаптан, 
бір саптан шыққандай.
Қанында шығысың мен батысың жоқ

Ағылшын арғымақтың шатысы жоқ.
Қашаннан қазағымның қолтумасы,
Арабтың дүлділінің қатысы жоқ


дегендей, бұл Абай, Сәкен, Ілияс үшеуінің өз аттары. Осыған 
кәміл сенем.
1928 жылы Ілиястың
«Сағанағын» Қызылордада оқыдық. 
Ақынның аяқ алысы сонда
-
ақ танылған. Содан бері мүдірмей 
шауып, бәйгі бермеген поэзияның Құлагері, ақындықтың тәңірі 
Ілияс аға жылы көзден ғайып болды. Менің жүрегімде ерекше 
орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет