МҰХТАР АҒА ТУРАЛЫ
I
Әңгіме дәл бүгін арамызда жоқ, Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы
болсын, естігеннің қоспасы көп қой, біз көргенді ғана айталық. Мұхтар
аға 1922 жылдың аяқ шенінде Ташкентке келді. Алғашқы көргеніміз
сонда еді. Үстінде қара
-
көк мауыты пальтосы бар; соған сай қара
-
көк
кепке киген, қайырған қаршығадай дембелше қоңыр жігіт. Қою қара
бұйра шашы шашау шығып селдіремейді. Ұйқысы қанбаған кісідей көзі
кіртиіңкіреп, бет
-
аузы қасаңғырап көрінеді. Әңгімеге араласқанда
тамағын кенеп, жөткіре түседі, тұтыққандай болып кібіртіктеп отырады
да, бірте
-
бірте көсіледі. «Жүйріктің делебесі –
дуда қызады».
Бетпе
-
бет сөйлесуге тереземіз тең емес, егде тартқан айдынды ағаны
біз анадайдан тыңдадық. Сөйтсек, ол біз көргенде жиырма бес жаста
-
ақ
екен
-
ау!
Бір күні кешке таман Қазақ ағарту институтында (әуелде Киринпрос,
кейін Казинпрос аталған) мәжіліс болды, Мұхтар аға баяндама жасады.
Мәжілісті басқарған –
сол жылы жасы жетпіске толған, қазақ халқына
отыз бес жылдай еңбегін сіңірген атақты ғалым этнограф –
Әбубәкір
Диваев. Оның ұлты башқұрт еді. Ол жиналысты ашты да сөзді
Мұхтарға берді. Мұхтар ағаның баяндамасы фольклорды зерттеу
жайында болды. Сонда: «Қырғыз елінің ұлы эпосы «Манасты» бұдан
жетпіс
-
сексен жыл
6
*
163
бұрын қазақтан
шыққан әрі ғалым, әрі жазушы, әрі этнограф Шоқан
Шыңғыс ұлы Уәлиханов зерттеген болатын,
–
деп бастады Мұхаң. –
«Манасты» ол: «Сахараның Илиадасы», оның жалғасы «Семетейді»
Орта Азияның «Одиссеясы» деп атаған. Біздің елдегі батырлар жыры
«Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғындар», махаббат күйін шерткен
лиро
-
эпостар «Қозы Көрпеш
-
Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман
-
Шолпандар» бар, ескі түркі, шағатай тілінде жазылған «Көр ұғлы
Сұлтан», «Зарқұм», «Салсалдар» бар, міні –
осылардың бәрін де зерттеу
керек, халық қазынасының тотып тазартып, асылын аршып алуымыз
мақұл»,
–
деп ой түйді ол.
Жас түлек ғалым Мұхтар тыңдаушы азаматтарға көп нәрсені
жүктегендей, келелі пікірін алдарына тартты. Зерттеуші ғалым өзінің
салмақты бір қырын сол кезде
-
ақ көрсеткендей болды. Осы мәжілісте
қазіргі қырғыз елінің егде азаматы, атышулы ақын жазушысы Аалы
Тоқомбаев та болса керек. Өйткені, соңынан «Шолпан» журналында
«Құрманбек батыр» («Қырғыз халық әдебиетінен») деген көлемді мақала
шықты. Соның басында: «Ілгергі өткен заманда. Ыстықкөл деген жерде
Еламан деген бай болған, һәр түлікке шай болған, алтын, күміс, асыл
бұйымдарға жетік болып, жалғыз кемшілігі қырықтан асып, елуге
жеткенше баласы болмаған. Елу жасқа толғанда бір еркек балалы
болған. Еламан батыр той қылып, елі
-
жұртын жиып, отыз күн ойын
қылып, таң
-
тамашамен өткізеді. Ат шаптырып, палуан күрестіріп, ер
сайыстырып, жырғалды тойды өткізіп, қалың халық балаға Құрманбек
деп ат қойды»,
–
деп жазды.
Сонау ілгері заманда Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов, беріректе
Мұхтар Омарханұлы Әуезов сынды ірі ғалымдардың «Манас» эпосына.
жете көңіл аударуы тегін емес. Дүние жүзінде талай
-
талай ірі эпостар
болыпты, солардың ішінде Шумер елінің «Гильгамеші», Грекияның
«Илиадасы» мен «Одиссеясы», Индияның «Рамаянасы»
164
мен «Махабхаратасы», Скандинавияның «Үлкен эддасы» мен «Кіші
эддасы», түркі елдердегі «Дәдам Қорқыт», «Қорқыт ата», түстік
Германияның «Фаусы», өсетіннің «Нартасы»
–
бәр
-
бәрінің ішінен
қырғыздың «Манас» атты эпосына қапталдасары жоққа тән. Оның үстіне
Мұхтар аға өткен елуінші жылдарда «Манас» эпосы осыдан мың бір жүз
жыл бұрын қалыптасты деп ашық айтты, бұған қосыламыз, бірақ сол
эпоста жырланатын уақиға одан да бұрын болуы ықтимал, өйткені
«Шахнамадағы» Иран мен Тұранның соғысы, дәлірек айтқанда, Үрістем
мен Аф
-
росияб ханның соғысы, ақын Фирдоуси
заманынан бірне
-
ше
мың жыл бұрын деп
осы күнгі ғалым Иосиф Самойлович Брагинский
дәлелдеп өткен
-
ді.
Шоқан мен Мұхтар ағадан соң «Манасты» зерттеген ғалымдарымыз –
Әлкей Марғұлан мен Қажым Жұмалиев болды. Қажымды қырғыз елі
«манасшыл қайраткер» деп атады.
Мұхтар ағаның арқалаған жүгі –
адам айтқысыз ауыр. Ол 1923 жылы
«Заман еркесі» атты романына Абай өлеңін эпиграф етіп алған екен:
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын қуыс өмірі иә қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды...—
депті.
Ақын Абайды, философ ғалым Абайдың өмір бойы ғылымды көксеп,
сусап өткен, Шығысты да, Батысты да талмай зерттеп көрген, еліне
емешесі езіліп, ұлы ақындығын, терең даналығын сыйлаған алып
Абайды қыршын күнінде
-
ақ таныған ғой Мұхтар аға!
Мұхтар ағаның білгенін білу өте қиын, ал тіпті білмейтінін білу одан
да ауыр
-
ау, сірә!
Сол 1923 жылы «Қөркемөнер –
көркемөнер үшін» дейтін жалған
бағытқа бой ұрып, теріс
өрістеген Мережковский, Гиппиус ханым
тәрізді тіршілік шындығынан қол үзіп адасқан декаденттердің түп
тамырын Қазақстан топыра
-
165
ғында ең алғаш тексерген де осы Мұхтар ағамыз болатын.
Айғақсыз айтылған сөз аумалы
-
төкпелі бола береді ғой, мен бүгін жас
күнімде қазақтың екі азаматының ауызба
-
ауыз сөйлескен әңгімесін
келтіре кетейін, олар: Мұхтар мен Әшім болатын.
–
Мен Шпенглердің «Европаның сөнуі» («Закат Европы») атты кітабын
оқып бітірдім, қызық екен. Әйткенмен пікірлері өте соны, оғаштау да
жері бар. Заты, декадент Мережковскийдің
«Европа сөніп барады» –
деп
байбалам салуы, сөйтіп, пайғамбарды күншығыстан іздеуі, ал мына
біздегі кейбір ақындардың соған еліктеуі
–
бәр, бәрінің түп қазығы осы
кітап екен,
–
деді Мұхтар. Сонда Әшім Омаров оған қарап:
–
Орыс әдебиеті Мережковскийді «Король цитат» деп атайды.
Декаденттер өмір бойы өз беттерінше «ысқырған» да емес,
«ысқырмайды» да, үнемі еліктеп
-
солықтаумен жүреді, бұл бағытты
марксизм мәнсұқ етті ғой. Онан да сен мына Бокльді оқы! Бұл кісі
тарихшы, жиырма жасында кітапханаға кіріпті, «Бүкіл адамзат циви
-
лизациясы» («Цивилизация всего человечества»)
кітабын жазбақ
болыпты.
Міні, осы 1928 жылы Мұхтардың сол кезде
-
ақ зерттеуші ғалым, ұстаз
екенін түсінетіндей едік. Айта берсек, әңгіме таусылмас та еді, бұл
Мұхтарды мақтау емес, мақтаныш ету; көргенді, естігенді жас ұрпаққа
жеткізу; бүгін әлемге аты мәлім ұлы Мұхтардың жаңа жарып шығып келе
жатқан жас шағындағы жақсы нышандарын ұрпақтарына әйгілеу. Бізден
кейінгілер біз көрген
-
білгенді там
-
тұмдап біле берсін. «Керек тастың
ауырлығы жоқ». Ағалар айтпай кетті демесін өсер ұлан, өнер ұрпақ.
Кейінгі кезде де Мұхтар аға ғылми зерттеуінен қол үзбеді. «Қазақ
ертегісі есте жоқ ескі замандардан бастап беріге шейін болған талай ұзақ
дәуірлердің кезеңдерінде туған, өсіп, көбейіп келген мол дүние,
–
деген
-
ді.
166
Достарыңызбен бөлісу: |