1
Қазақ әдебиетінің тарихы. Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы,
Алматы, 1948, 58
-
59 беттерін қараңыз. «Ертегілер» атты М. О. Әуезовтің
мақаласы.
Сонау арғы Үйсін, Қаңлы руларының кезінен санап, Қыпшақ елдігі
тұсынан келген көне әңгімелер. Қазақ атты ел құралмастан бұрын,
мұсылманшылық кірместен бұрын ескі руларға түгел ортақ болған
ертектер бар. Ол рулар өз уақытында әртүрлі діндердің әсерін көрген...»
«Ескі дәуірлерде дүниеге мәлім болған шабуыл жорықтың бәрі де осы
күнгі қазақ жайлаған жерлердің үстінен өткен. Теңіз жолдары
ашылғанша Батыс пен Қиыр Шығыс арасындағы сауданың керуен жолы
да қазіргі Оңтүстік Қазақстанның көп жерлерін кезіп өтетін болған».
1
Осы үзінділерден де Мұхтар ағаның ғұлама ғалым екені айдан айқын
көрініп тұр. Дүниеге мәлім гунның қолбасшысы Атилла жорығы
төртінші ғасырда Тайға (Тоғай) арқылы терістік Қазақстан үстінен өткені
белгілі; Христофор Колумб кеме жолын ашқанша, ұлы керуен жолы
Батыстан Қиыр Шығысқа қарай беттегенде Иранды басып, біздің түстік
Қазақстан үстінен өтуі тарихи шындық. Міне, осы жағдайларды мегзеп
отыр ол.
Мұхаң қазақ ертегілерін: 1) хайуанат жайындағы ертегілер;
2) шыншыл
ертегілер; 3) салт ертегілері
;
4)
күлдіргі ертегілер; 5) аңыз ертегілер;
6) хиялы ертегілер деп,
бірнеше салаға бөлді.
Ертегілер туралы айта келіп, Мұхаң: «Қазақ халқының тарихымен
қатар, фольклорын сақтаған адамдар бірнешеу, олар: Қорқыт, Асан
қайғы, Жиренше
шешен, Алдар Көсе және Қожанәсір» –
деп түйді әлгі
кітаптың 28
-
бетінде.
Мұхтар толып жатқан оқулықтардың авторы, өскелең буынның ірі
ұстазы болды. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
профессоры болып, бірталай буын студент жастарға
әдебиет тарихынан
дәріс үйретті. Москва мемлекеттік университетінің де профессоры
167
болып шығыс әдебиеті тарихынан сабақ берді. Мерзімді баспасөз бетінде
мәдениет мәселесіне қатысып, мүлт басқан жастарды түзу жолға салып,
жөн сілтеп отырды. Қазақ халқының әдебиетін, тілін талмай зерттеп
өркендеп өсуіне еңбегін сінірді.
Қазақ халқының
тіл қорын байытып, оны бір жүйеге келтіру үшін
атсалысып, игілі еңбек етті. Тамаша аудармашы Мұхаң дүние жүзінің
терең ойлы, асқар дарыңды ұлы суреткерлері Шекспирді, Толстойды,
Гогольді, Тургеневті, Чеховты, тағы басқаларын қазақ тілінде сөйлетті.
Осы еңбектерін корыта келіп, аударманың ғылыми теориясын жазып,
жастарға өнеге
-
үлгі тастады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов –
Шығыс пен Батыс мәдениетін сарқа
білген, түбегейлі зерттеген үлкен ғалым, ұлы дарынды суреткер, сезімтал
да жалынды жазушы. Ол он тоғызыншы ғасырдың аяғында туып,
жиырмасыншы ғасырдың орта шенінен ауғанша сарылып еңбек жасады.
Өзінің туған елін –
советтік қазақ елін дүние жүзіне танытқан
азаматымыздың бірі, бір де болса бірегейі осы Мұхаң. Сондықтан Совет
елі Мұхтардың еңбегін бағалай, Лениндік және Мемлекеттік
сыйлықтардың лауреаты етті. Ол –
филология ғылымының докторы,
про
-
фессор, академик, екі дүркін лауреат қалам қайраткері
–
жазушы,
драматург, журналист, зерттеуші, үлкен ғалым.
«Бізге Мұхтар Әуезов Шығыстың Шолоховы,
ал Қазақстан үшін ол
екінші Абай ғой»,
–
деп құрметтеді марқұм Погодин. Рас, Мұхтар
өскелең дәуірде туды, дер кезінде келешек үшін игілі
еңбегін бұрқырата
істеп, еншісіне тиген өз ғасырына сыйлы сыбағасын бере де білді.
Осылай болуына оның жас күнінен ілім
-
біліммен шұғылдануы, бойына
туа біткен дарыны себін тигізді.
Баяғыда Карамзин туралы В. Г. Белииский: «... тот не понимает
Карамзина и не умеет достойно оценить его подвига, кто думает в нем
видеть только преобразователя и обновителя русского языка. Это значит
унижать Карамзина, а не хвалить его. Карамзин создал на Руси об
-
168
разованный литературный язык, и создал потому что,
Карамзин был
первый на Руси образованный литератор», –
депті.
Ұлы сыншының осы сөзін біздің Мұхтар жайында да айтуға болар еді.
II
Мұхтар аға отырған жерде мінбеге шығып сөйлеуден қатты
қаймығушы едім. Реті келгенде ескерте кетейін, аударма жөнінде 1959
жылы январь айында Алматыда регионалдық мәжіліс өтті. Бір үзіліс
кезінде Мұхамет
-
жанға келіп: «маған сөзді түстен кейін, Мұхтар аға жоқ
кезінде берерсің» деп өтіндім. Өйткені: осының алдында Зауыр
Манытбеков пен Қасым Тоғұзақов екеуі Лермонтовтың аударылуы
жайында сөзге келісіп қалды да, тыңдап отырған Мұхтар Қасымды
шенеп тастағанын естідім. Түстен
кейін маған сөзді Мұхаң жоқта бергені
үшін Мұхаметжан Қаратаевқа осы күнге дейін ырзамын, мүмкін мен де
Қасымның кепін киюім кәдік қой...
Ұмытпасам, сол жылы жаздыкүні қазақ халқының бұрынғы ән
-
күй
және әдеби мұраларын
қайта қарау, сын көзімен игеру жайында
Қазақстан Ғылым академиясында арнайы ғылыми конференция болды.
Академияның үлкен залында мәжілісті ашып, бірінші сөзді вице
-
пре
-
зидент академик Сақтаған Бәйішев сөйледі. Аталған мәселенің 16
тақырыбына 16 баяндама жасалды. Бірсыпыра ғалым, жазушы өңкей
Сырдан сыңар аяқ өткен дүлділдер өздерінің көкейкесті пікірлерін
ортаға салды. Қорыта сөйлейтін академик Мұхтар Омарханұлы еді.
Мұхаң ұзақ шолғындай сөйлеп келіп, үш баяндамашыны бөліп алып
атады. Олары: Мәшһүр Жүсіп Көпеев еңбегі жөнінде сөйлеген Ісләм
Жарылғапов, Дулат ақынның еңбегі туралы айтқан Ханғали
Сүйіншәлиев, соңғысы –
Шортанбай Қанайұлының өлеңдерін алты ай
зерттеген мен болдым. Мұхаң тұрып: «Сәйділ Талжанов шешен
баяндамасында Шортанбайдың кемістіктерін баса көрсе
-
169
тудің орнына, қорғаштап сөйледі, оны Шоқанның «черный фоны» етіп
көрсетпеді»,
–
деп мені біраз жерге жеткізіп тастады. Шортанбай, Дулат,
Мәшһүрлердің қат
-
қабат шытыр еңбектері мен көзқарастарының
марксше
-
ленинше әділ бағасын бір күнде бір адам ғана шешіп,
кесіп
бере алмайтынын біз де білдік, Мұхаң да біледі. Конференция аяғында
қонақтарға арналған қонағасы мәжілісінде тағы бірінші сөз сөйлеген
Мұхтар аға толқын
-
толқын ойларын орай
-
орай айта келіп: «Мен конфе
-
ренцияда негізгі баяндамаларды жасаған он алты баяндамашының он
алтысының да денсаулығы үшін дәм аламын!»
–
деді.
Мұхаңның туған баласындай болып, үйіне күнде барып жүретін Ысқақ
Дүйсенбаев арқылы, Мұхаңның қорытынды сөзіне ырзалығымды
білдіріп, жасы үлкен ағаға сәлем жолдадым. Ертеңіне, академияда
Мұхаң маған қарап: «Сенің ырза екеніңді Ысқақ айтты, сонда кай жеріне
ырза боп жүрсің, шырағым?»
–
деп, сынай, барлай сұрақ қойды. Мен
тұрып:
–
«Сіз менің атымды атап, «шешен баяндамада» деп екі рет
қайталап айттыңыз, сол маған жетеді. Егер сіз шешен емес, нағыз
оңбаған баяндама десеңіз де, мен түк айта алмас едім. Сіз ағасыз, оның
үстіне әлемге әйгілі Мұхтар ағасыз ғой...
–
дедім де ойымды әрі қарай
жалғастырып:
–
Шортанбай ақынның өлеңдерін зерттеу ойымда жоқ еді,
оны маған еріксіз тапсырған директорымыз Ісмет Кеңесбаев болатын.
Бірақ шындықты тапжылтпай тауып айтатын, дәл үстінен түсетін орасан
жүйрік тұлға екен, маған ұнаған жері осы,
–
дегенімде,
–
мүмкін, солай
да болар...
–
деп бөгде бір әңгімеге ауысып кетті.
Мұхтар ағаның қасында қатар отыра алмасам да, оның жұмсаған
жеріне жүгіре жөнелетін едім. «Дүниедегі ең қысқа да, ең ұзақ та уақыт
-
ау, сірә! Өйткені рахат өмірде өте келте көрінетін уақыт, зарығып
күткенде ащы шекше созылады ғой»
–
депті Франсуа Вольтер.
170
Уақыт керуені зымырап барады. Жеке адам үшін баянсыз дүниеден сол
Мұхтар аға көші де мәңгі тылсымына өтіп кетті. Мұхтар сынды ұлы
тұлғаның сыры да, қыры да көп. Ол жайында жазылғаны да, жазылатыны
да аз емес. Өнегелі ағаның өмірдегі орны үңірейіп қалды, біз оны
сағындық.
Сағынғаннан өз ішіме үңіліп, жадымда бардан жалғансыз
шыққан жан толғауым еді бұл.
Достарыңызбен бөлісу: |