Сабақтың тақырыбы: § 16. «Қазақ ағартушылары»



Дата05.11.2016
өлшемі1,38 Mb.
түріСабақ
Бекітемін:

Директордың ОІЖО _____________ И.С. Каменова

Күні: 24.12.2015 ж

Сыныбы: 5 - сынып

Сабақтың тақырыбы: §16. « Қазақ ағартушылары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ ұлы ағартушыларының өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбектерін жан – жақты таныстыра отырып, оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу;

Дамытушылық: Жаңа сабақ материалдарын оқып - үйренуде оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау, іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Адамгершілік, елжандылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Көрнекілік: Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығы, суреттер, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдасытыру кезеңі:

  • Сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Түсті қағаз суыру арқылы сыныпты екі топқа бөлу

І топ «Ғұламалар»

ІІ топ «Ғалымдар»

Үй тапсырмасын тексеру:

ІІ. «Сіз білесіз бе?» кезеңі



І топ «Ғұламалар»

  1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?

3. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?

5. Әбілмансұрдың Сабалақ атану тарихы туралы әңгімелеп бер?

7. Абылай хан қай жылы қайтыс болды? Қай жерде жерленді?

9. Абылай ханның ел билеудегі басты мақсаты не болды?



Жауабы:

1. 1711 – 1781 жж

3. 1771 жылы Абылай үш жүздің ұлы ханы болып жарияланды.Қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістан қаласында Абылайды ақ киізге салып хан көтереді.

5. Әбілмансұрдың бала кезінде ауылына жоңғарлар шабуыл жасап, адамдарын қырып кетеді. Әбілмансұрды күтуші аталығы тығып, аман алып қалады. Ол кезде қаза тапқан хан ұрпағынан біреу тірі қалса, кейін кек алады деп, іздеп жүріп өлтіретін әдет болатын. Сондықтан жетім қалған Абылай тегін жасырып, Сабалақ деп атын өзгертеді.

7. 1781 жылы қайтыс болды, оның сүйегі Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленеді.

9. Қазақ халқының басын қосып, жерін сыртқы жаулардан азат ету еді.



ІІ топ «Ғалымдар»

2. Абылай ханның әкесінің аты?

4. Абылай ханның шын есімі?

6. Абылай хан 20 жасында қалмақтың қай батырымен жекпе жекке шықты?

8. Ресей тарихшысы, түркітанушы А.И. Левшин Абылайға қандай баға берді?

10. Абылай хан ел басқарған кезде Қытай елі қазақтарға, арнап сауда, жәрмеңкелерін қай жылы, қай жерлерде ашты?



Жауабы:

2. Уәли сұлтан

4. Әбілмансұр

6. Шарышпен

8. «Сұлтан Абылай өте ақылды және болашағын болжай білген. Жауларының өзара қырқысына әрқашан көмектесе отырып, өз жерін, халқын соғыстан құтқарып қалды »

10. 1758 жылы, Тарбағатай, Іле, Үрімшіде.



ІІІ. «Шығармашылық жұмыс» кезеңі

«Абылай хан туралы оқушылардың ізденісі» эссе жазу



І топ «Ғұламалар» ІІ топ «Ғалымдар»

Абылай ханның өмірбаяны Абылай ханның саяси қызметі



IV. «Тарихи тұлғаны танып көр» кезеңі

Жаңа сабақ жоспары:

  • Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов

  • Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

  • Ыбырай Алтынсарин

Бұл кезеңде жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға ағартушы – ғалымдардың қысқаша өмірі көрсетіледі сол кезде оқушылар табуы қажет.

1835 —1865 жылдары өмір сүрген  қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы...



Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов

1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген.  Қазақ халқының ұлы ақыны , сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл......



Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы