"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет55/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

Ү ші нші бөлі м
 
ӘҢ ГІМЕЛЕР, МАҚ АЛАЛАР , ТО ЛҒАН ЫСТАР
 


АДАМ О Л!
 

(Әділбек 

әңгімесі
)
 
Қоңыр күз. Омбы қаласы. Ертіс өзенінің жиегі, сол қаланың 
шетін ала, Ертіске итіне төніп, құлазып тұрған жатаған тоқал 
ағаш үй. Әділбек Елеусізов осы үйді көптен бері мекен етеді.
Сібірге жолаушылап барғаныма біраз болып еді, қайтар 
алдында сәлем бергелі кірдім.

Сәлемші болсаң жоғары шық, балам! –
деп ақсақалды қарт 
орнынан бұкжеңдей көтеріліп менің қолымды алды.
Ескі заманда оқыған егде қарт Әділбекті бұрын да естуші едім. 
«Әділбек тарихшы, Әділбек шешен...» деген қауесет жүрегіме 
ерте ұялап, бүгін реті келгенде жеке отырып тыңдауға аңсарым 
ауды.
Тілдігін талай басқан, үні тозып, жарықшақ тартқан, қайтқан 
күндей көз жанары солғындап сөнуге айналған Әділбекті 
көргенде менің бұрынғы өрекпіген ойым су сепкендей басыла 
қалды. Жүрегімде жүрген әдемі бейне ыдырап сала берді. Көпті 
көрген көне қарт осы өзгерісті түсінді ме, қалай?

Шырағым, аман
-
есен жүрмісің? Бұл жаққа қашан келіп едің. 
Қызметпен болар?.. Қашан қайтпақсың?

деп жедел сұрақ қойды 
да, есікке бұрылды.

Келгеніме көп болды. Архив ақтардым. Бұрынғы
өткен адамдардың бейнесін
ашпақ едім. Енді қайтпақпын, –
деп, келте жауап қайырдым.
8

2462
 
225
 



Дұрыс, шырағым, шешініп отыр, сәлем бергеніңе өте 
ырзамын, –
деп бастады Әділбек.

Мен осы қалада туып өстім. 
Кеш оқыдық, бітірген пәлендей мектебіміз де жоқ. Қазір 
пенсиядамын: жасым сексен асты. Сәкен аған мені ң
інім еді. Мен 
Владимир Ильичтен он бір жасы кішімін, –
дегенде көзі күнге 
шағылысқандай жылтырай қалды.

Әділбек аға, сіз Ленинді көрдіңіз бе?

Көрдім.

Сөйлестіңіз бе?

Осы өзің мен өзімдей қатар отырып сөйлестім.

Я!.. Қандай адам екенін суреттеп бере аласыз ба?

Жоқ, ол маған қиын.

Мен Сәкен ағамның өмірін, істеген ісін зерттеп жүр едім. 
Сол үшін Сәкенді білетін сізге әдейі келдім. Ал енді Сәкенді 
айтпас бұрын, сол ақын ағаның пір тұтқан ұстазы Владими р 
Ильичті суреттеп өтсеңіз қайтер еді? –
деп қиыла сұрадым.
Сонда Әділбек әңгімесін былай бастады.

Адамзат кешіп өткен кәрі тарихқа көз жіберсек талай тұлпар, 
талай сұңқарлар дүниеге келіп, әрқайсысы өзінше сыбағасын 
жеп, үлесін алып аттанған тәрізді. Сондықтан да, тарих көп ті 
көріп көнергендей ғой, шырағым, –
деп, бір күрсінді де Әділбек 
өз ойын әрі қарай соза жөнелді.

Христиан дінінің жыл есептеуімен алғанда қазір үстімізде 
жиырмасыншы ғасыр тұр. Осы жиырма ғасырдан бұрынғы жүз 
ғасырды да, атап айтқанда, он мың жыл бұрынғы оқиғаны да, 
тарихшылар болжап жүр. Олар мүлде алыстан бастайды. «Хетта, 
Мысыр, Қытай, Индия, Шумер, Аккада, тағысын
-
тағы толып 
жатқан мемлекеттер –
мәдениеттер болыпты»

дегенді айтады. 
Осының бәрі де рас шығар, бірақ, мен оларды қанша білсем де, 
етене түсіне алмаймын. Өйткені мүлде көз түгіл ой жеткісіз алыс 
жатыр, бұлыңғыр елестейді. Еміс
-
еміс естуім бойынша біздің 
заманымыздан төрт
ғасыр бұрын Іскендір Зұлқарнайын
226 


Македонияда туыпты, оны сендер Александр Македонский 
дейсіңдер ғой. Сол Зұлқарнайын, адам үшін қызмет істемей, 
атақ үшін қызмет істеп, ел шауып өткен сияқты.

Зұлқарнайынның атын естігенде менің қарсы
алдыма: асау 
Буцефалды ауыздықтап мінген, «қос мүйізді», дулығалы, қанды 
көз әзірейіл келіп тұра қалғандай болады. Құлағыма зар илеген 
жесір ананың, іңгәлеген жетім баланың, бас еркінен айырылып 
малша сатылып бара жатқан құл мен күңнің шулаған даусы әлі 
ызыңдап естіліп тұрғандай.

Сонау көне дүниені қойып, өзіміздің осы жиырмасыншы 
ғасыр ішіне кіргенде де талай
-
талай жорықтар көз алдыңнан 
өтіп жатады. Соның ішіндегі әйгілісін алсақ та нахақтан аққан 
қан аттың тілерсегінен келеді. Бірінші ғасырдағы Юлий Це зарь, 
он екінші ғасырдағы Шынғыс пен он бесінші ғасырдағы Ақсақ 
Темір, он тоғызыншы ғасырдағы Наполеондардың қанды 
жорықтары да бірінен бірі сорақы. Олардың әрекетінде 
өзбасындық тар пиғыл, құлқын қамы ғана тұрғандай. 
«Әділдіктің әрекеті, жауыздықтың берекеті болмайды»

деген 
сөз тегін айтылмаған
-
ау, сірә! Зорлықпен жасалған сол 
мемлекеттер әкімдері өлген соң бет
-
бетімен бытырап кетіпті... 
Бірақ сол замандарда да әділдікті ұран еткен, адамзат қамын 
жеген озат ойлы ұлы адамдар болыпты. Іскендірдің
ұстазы 
Аристотельдей ізгі ғалым, қара қылды қақ жарған әділ, 
кедейліктің тақсіретін қанша тартса да өзінен «зорға» басын 
имеген. Он алтыншы ғасыр Коперник, Галилейлерді көрді. Он 
тоғызыншы ғасыр адамзаттың данышпаны Карл Маркс пен 
Фридрих Энгельстің жалынды ұранын,
дана сөздерін тыңдады, 
бірақ ол кезде бейбітшілікті бұзақылық жеңді де, теңдік ұраны 
жауыздар табанында тапталды. Заманының көреген ұлы
-
қызы 
көздеген арманына жете алмай кетті. Қан уыстап туған әкімдер 
өзі үшін аттанысқа шығып, өмірге қызмет етпей, өлімнің
шашпауын көтерді...
8* 
227 


Міне, кәрі тарихтың бетінде осы қылықтардың да ізі жатыр...

Ақсақал, айтқандарыңыздың бәрі рас, бірақ, осылардың ұлы 
Ленинге қандай қатынасы бар? Осы жақында оқыдым, аға, мына 
атақты дана драматург Уильям Шекспирдің туғанына үш жүз 
жыл толған күні 1864 жылы Иван Сергеевич Тургенев сөйлепті. 
Сонда: «1564 жылы Галилей мен Шекспир дүниеге келді. Осы он 
алтыншы ғасыр Лютер мен Бэконды, Рафаэль мен Коперникті, 
Сервантес пен Микельанджелоны... көрген ғасыр...» дегенді 
айтыпты,

деп, өз білгенімді мен де қыстырдым.
Осы арада ашаң бойлы, қара сұр әйел шай әкелді. Әділбектің 
жұбайы Сара Сергеевна екен...

Ал, енді Шекспирді туғызған он алтыншы ғасырды Тургенев 
қалай жамандасын шырағым? Сол заманны ң бетке ұстарын, 
сорпаға шығар имандысын тізіп
-
ақ тастаған екен! Бірақ сол он 
алтыншы ғасырды естігенде менің ойыма Парижде болған 
Варфоломей түні келе қалады. Сол түні қырғын тапқан 
гугеноттар өзара кескілескен француз жұртының қайғылы халі 
есіме түседі... Заты, кәртайғанда біздің ойымызға ескінің жа

ғымсыз жағы көбірек елестейтін де болар. Өз заманыңды дұрыс 
түсініп, шын жақсы көру үшін өткенді еске түсіру залал емес. 
Салыстырмай айтылатын «жаман», «жақсы» деген сөздер –
қарапайым әріптер тіркесінен туған сұрқай дыбыстар ғой. 
Тарихта болған ірі адамдардың Ильичке ұқсас екі жері бар: ол 
тек қана анасынан бала болып тууы, сонсоң өлімге ара тұра 
алмауы. Ұқсастығын айтқаннан кейін айырмасын да өзімше 
көрсетіп өтейін. «Әрбір қызғыш өз көлін қорғайды», әрбір ад ам 
өз заманын, өз отанын сүйеді. Бірақ өткен дәуірдің де іске татыр 
әділ ұлдарын сыйлай да, үлгі етіп ала да біледі...

Екі нүктенің арасындағы төте жол
-
тура сызық,

деп бастады 
Әділбек, суып қалған шайын жұта
228 


отырып:

бұл Владимир Ильич тартқан жол. Бұрынғы талай 
сабаздар көксеп өткен сорап, қазір даңғылданды. Коммунизмге 
тура апаратын теңдік, бостандықтың қасқа жолы осы. Міне, біз 
жететін биік мұнара енді көрінді –
коммунизм сарайының есігі 
ашылып тұр. Жер шарының тең
жартысы
қазір осы сапарда. 
Қалған жартысы ше? Олар ма?! Олар кейбір өресі тар 
оспадардың айтағына, некен
-
саяқ итаршылардың бұқпантай 
митыңына еріп аз
-
кем кешігер, артынан қатесін мойнына алып, 
олар да барады. Бұған кәміл сенем.
Міне, осы қасқа жолды бізге
сызып беріп кеткен Владимир 
Ильич Ленин.
Осыдан отыз жыл бұрын «Күн тіл қатты» деген өлеңді 
оқығанда өрескел көрдік, ақындар аузына келгенін айта береді 
деп кекеттік те, ал бүгін жер серігі аспан әлемін аралап сол 
күнмен күнде сөйлесіп жүр. Отанымыздың ракетасы айды өз 
үйіндей көреді. Совет ракетасы мен совет айының ұшырасқанын 
біздің фотокорреспонденттеріміз суретке басып алды. Баяғыда 
алшақтықты айтқанда «жер мен көктей» деп тамсанушы едік, 
қазір ол теңестіру ыңғайсыз көрінеді. Жер мен көк тұтасып, 
алақанның аясына сыюға аз
-
ақ қалып тұр.
Ленин жасап кеткен жиырмасыншы ғасырда, бір кезде арман 
еткен электр дәуірінен өтіп, атом дәуіріне жеттік. Еркін адамның 
басын қосқан тобы Коммунистік Отанның абыройын аспанға 
көтерді. Лениндік Коммунистік партиясының 
табыстары 
дұшпанды күйіндіріп, досты сүйіндіріп отыр. Айта берсең 
табысымыз таусылмайды... Ал, осыған жеткізген кім? Ол –
Ленин. Мен өзім көзіммен көріп, сөзін кұлағыммен естігем. Орта 
бойлы, ай мандайлы, тілін тісіне төсеп сөйлейтін, ж ылдам 
аяңдайтын елгезек, кішіпейіл, кәдімгі қарапайым адам еді ол!
Мен Ильичтің мәжілісте отырып өз тұстастарымен айтысқанын 
да естідім. Ол батыл жүректі, терең ойлы, тапқыр тілді, 
қаймықпайтын қайсар жан екен. Пікір
майданында шыңдалған
229 


темірдей адам. Революция жолында қыңыр жүрген дұшпанымен 
келісімге келмей кескілескен сол Владимир Ильич! Ол 
жалтақтамайтын, сөзі де сұлу, ойы да құнарлы еді. Шырағым, 
сонау аласапыранда кім адаспады. Біз
де талай жаза бастық қой. 
Сонда ұсақ ұлттың өкілдері деп аяды ма екен, кім білсін, әйтеуір 
ол қате мен қылмысты айыра білетін данышпан екенін 
ұғындырды
-
ау!.. –
деді Әділбек.

Я, ақсақал, бағанадан бері айтқан тарихыңыздан көрі, маған 
осы бір сөздеріңіз ұнап қалды. Айта беріңіз,

дегенімде Сара 
Сергеевна:

Шалымды шаршаттың ғой, балам, жүрегі жаман еді, біраз дем 
алсыншы.
Көрген
-
білгенін ақтаратын тыңдаушы таба алмай 
жүргенде жақсы кездестің, бірақ кәрінің сөзі таусылмайды,

деп 
ескертіп өтті де шайын жинай бастады. Аңырып отырып қалдық.
Сол минутта «Владимир»
деп атын тауып қойған ардақты ата
-
ана да, ұлы сапарда қажымай көмек берген айнымайтын сүйген
жары Надежда да, Октябрь таңының жаршысы «Аврора» да –
бәрі 
де қат
-
қабат келіп менің көз алдымда иін тіресе қалды. Бірінен 
соң бірі жиі ауыса береді.
Енді бір заматта:
«Шіркін, Адам! Менің көкірегімдей күндей жарқырап тұрады 
да, сол күннің шұғыласына бөленген ұшан
-
теңіз дүние секілді 
ылғи алға басады! Жоғары өрлеп, жеппелете аяңдап, үдере 
тартқан, әлгі орасан әдемі Адам ғой, ол! Қажыған жанның ауыр 
қалжыраған сағатында, мен шарықтаған қиялымның бар қуатын 
жұмсап, сол Адамның асқаралы ұлы бейнесін көз алдыма 
келтірем» –
деп А. М. Горький көксеген Адам есіме түскендей 
болды. Ол Ленин еді!..
Өзі үшін емес, өзге үшін, езілген елдерге теңдік әперу үшін 
ерінбей
-
жалықпай өмірін сарп еткен Адам –
жиырмасыншы 
ғасырдың ардақты көсемі.
230
 


Коммунизмге беттеген теңсіз телегей аттаныста, қару
-
жарақсыз, қанды жорықсыз, қолына ұстаған шамшырағы табанды 
идеясы ғана бар –
жиырмасыншы ғасыр, өткен бұлдыр ғасырларға 
сауырын да сипатпас
-
ау деп ұқтым!
Владимир Ильич
Ленин жиырмасыншы ғасырда болған 
пролетариат революциясының данышпан көсемі. Ендеше, ол 
өзіміздің жақын замандасымыз.
«...Зор майданның ұраны да Ленин,
Келешектің қыраны да Ленин.
Алтын сәуле күннің нұры ол таң
Қара албасты түннің соры

Шолпан...»
деп жеткізе айтқан Сәкен ақын.

Шырағым, шаршаған жоқсың ба? Сара Сергеевна менің 
ежелгі сырласым, «кәрінің сөзі таусылмайды» –
деуі кекесін 
емес, «заманы өтіп кеткен қарттың сөзін жастар түсінбес»

дейтін ойдың сарынын аңғартты ғой, Иесін таппаға н сөз жесір, 
күші қайтқан қарттың әңгімесін мылжыңдыққа саяды ғой, –
деді 
Әділбек.

Шаршағам жоқ, аға, айта беріңіз, сөзіңізді қызығып тыңдап
отырмын, шынымды айтсам, мен сізге енді жақындап келем. 
Бұрынғы ойым бұлай емес еді,

дедім.
Осы сөзім қартты қытықтағандай болды да Әділбек серпіле 
түсіп, көсіле жөнелді.

Балам,

деді ол маған үңіле қарап, –
менің сөзімнің бәрі 
дұрыс демеймін, керегін өзің таңдап аларсың...
...Құмарлық үшін бір күндік,
Жүгірдік келіп жүгірдік.
Құмарлық оты өшті тез,
Жел көңілден түңілдік.
Атаққа бола бір күндік.
Аямай жанды жүгірдік.
Атақ та қысқа жалт етті,
Отырмыз енді күмілжіп...
Міне, шырағым, осы ақын тура мені
айтыпты. Кәрі шөңге ғой 
деп ойлаушы едім, өзі менен отыз жасы кіші
231
 


екен. Кейде ақындардың ұшқыр сезімі аңдамай айтып қалса да, 
алдыңды орап кететіні осындайда, –
деп, сүйсіне бір қобалжыды 
да былай толғап кетті.

Саған таныс қой, Владимир Ильичті 
олар: айға да, күнге де, пайғамбарға да, арыстанға да, тұлпарға 
да, сұңқарға да, альбатросқа да теңестіріп көрді. Аристотель, 
Диогендерге де апарды. Кеше бір белді сыншымыз Прометей мен 
Фаустқа да ұқсатты. Бәрінікі де дұрыс. Өмір озған сайын Ленин 
образын беретін теңестіру де жаңғыра түспек. Бұл табиғи нәрсе. 
Бірақ осы теңеулердің ешқайсысы да менің ойыма ұялаған 
Ильичке сай емес. «Ай мен күн» ауыспалы жарық. Ленин бейнесі 
көз алдыңнан кетпейді. «Пайғамбар, Аристотель, Диоген, 
Прометей, Фаустар» –
алыста қалған бұлдыр ертегілердей 
елестейді. «Арыстан» –жыртқыш аң, үрейінді алады, «сұңқар» –
кербездіктің ғана белгісі. «Тұлпар» жүйріктің сынын береді. 
«Альбатрос» –
талмай ұшатын теңіз құсы. Осылардың әрқайсысы 
сыңар жақ, бәрін қоссақ бір бүтін туғандай...
Заманымыздың егде ақыны Сәбит те бір кезде:
Ленин кім?—Зарыққанда көрінген ұл
. . . . . . . . . . . . . . . . . 
Қан майданда күреске талмай түсіп

Тап ісіне барымен берілген ұл.
Ол майданда белінен кешіп қанды
Маңдайдан тер ағызып, қинап жанды.
Тар күнде еңбекшінің
көшін бастап,
Шам ұстап, көш тізгінін қолына алды...—
дейді. Міне, ол осындай ұл.
Арамыздан ертерек кетіп, олқылықты сезіп отырсақ та, келешек 
ұрпақтың
жүрегінде ол Адамның мәңгі өлмейтініне сенемін.
Таудай толқын кездессе жарып өттім,
Оттан және сескенбен, өзім отпын.
Ленин айтқан... «Еркін өс, еркін жүр!»

деп
Қысылуға дүниеге келген жоқпын.
Лениншіл бол, адам бол, еркіндеп бас,
Сонда сен бір қамалсың жау ала алмас!
232
 


Міне, шырағым, өзіңнің замандасың Қасым ақынның осы 
тебіренуінде терең сыр жатыр, ойлап көрші, балам, –
деді де, 
орнынан тұрды Әділбек. Қош айтысып тұрып:

Сұраған жанға 
сәлем айт, қалқам. Дос әркімде
де бар, ол жақсы көреді, 
сондықтан дос қой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет