"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет58/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

К ҮЙ ДІҢ КҮШ І
 
«Ән мен күйге түйе де 
Шаттанар. хайуан десек те, 
Сезбейтін оны адамды 
Салпаң құлақ есек де!»
Сағди
-
Сәкен.
 
Қазақ халкының ұлылы
-
кішілі азаматтарының күйге көңіл 
аудармағаны
некен
-
саяқ. Күйдің көкесін шерткен Әбунәсір әл 
Фараби екен. Осы арғы заман күйшісі Әбунәсір Бағдат 
халифасының
алдында домбырасын тартып, жиылған топты 
күлдіре де, күйдіре де білген; ақырында, тәтті күйдің күшімен 
балбыратып, маужыратып, қалғытып барып, тыңда

241
 


ған жұртты ұйытып, ұйықтатып тастаған деседі. Күйшісі келіссе, 
күй құдіреті інгенді де иіткен; қатал тас жүректі де жібіткен. 
Күй кейде ойнақы өжет, кейде долы, дарқан келеді, зарлы
-
мұнды 
қоздырады, ыңыранып шегіне ырғалғанда, сергелдеңнен суырып 
алып сергітіп те тынады. Күйде бәрі бар –
күйде адамның жаны 
да бар, жаннан шыққан зары да бар. Күйде ыстық күн де бар, 
күйде жылы түн
де бар. Күйде көшкен ел де бар, тынбай аққан 
сел де бар.
Әбунәсір күйші болды, қазақ домбырасымен қазақ күйлерін 
аңыратты. Бұдан екі түрлі шындық көрінеді. Біріншіден, Қыпшақ 
тайпалас Әбунәсір басқа түркі елдердің емес, нақ қазақ күйінің 
шебері болғаны оның тегі тағы заман қазағы екенін аңғартады. 
Екіншіден, Әбунәсір ұстаған домбыра мен ол тартқан күйлердің 
болуы бүгінгі қазақтың күй өнерінің басы Әбунәсірден де 
бұрыннан бар ежелгі дәстүр, бағы замандардан келе жатқан 
байырғы өнер екенін айтып тұр. Ендеше, Әбунәсірден де бұрын 
алдағашан басталған ән мен күйдің дәстүрі қазақ тарихында 
толастаған
емес. Әбунәсір алдында да талай тұлпар, талай 
сұңқар өткен шығар
-
ау!
«Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?!»
деп, әуелі данышпан Абай күйді ұға білмеуге күйіне толғайды да 
артынан ән мен күйге ұйыған өз жүрегінің қылын шертеді:
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар —
деп, ұлы сыншылық, нәзік сарапшылық танытады.
Бір кезде қазақ совет әдебиетінің атасы Сәкен жырлары: 
«Сәулімнің қолында ыңырсып толғанған дом

242
 


быра әндете сұңқылдайтын. Домбыра дыбысы қалтырап толғанатын. 
Торғып, жұмсақ, тұнық ауаны дірілдететін. Нәзік әдемі дыбыс 
маужыраған қотанды, тыныс тартқан дүниені әлдилеп тербеткендей 
естілетін».
Міне, домбырашы, ақын Сәкен өзінің ішкі сырын осылай 
шертті.
Күй жөнінде Сәкен аға ерекше тебіренетін. «Ықылас қобыз тартқанда, 
сауулы інген иіп тұрады екен...» деп отырушы еді. «Қобыздың құлағы 
Ықыластың сүйекті шықшытына қатты жабысып калған екен. 
Ықыластың екі қолы қобызды есіп еңіретіп отыр; еңіреген қобыз күйімен 
бірге өзінің шүңгіл көзінен жас тарамданып ағып, сақалына тамшылап 
отыр екен... Менің
көз
-
алдыма Шу бойында қалың дүлей қамыс ішіндегі 
төрт
-
бес үйлі ауылда қобызын сызып еңіретіп, көзінен жасын тарам
-
тарам парлатып ағызып отырған Ықыластың суреті келеді...»
«Осындай бір түн... Бетпақтың, Шудың түні... Қанау

шылар билеген 
патша заманы...»
«Үй айнала қалың, биік дүлей қамыстар. Ызыңдап ескен қоңыр жел... 
Биік дүлей қамыс қоңыр желмен бірге теңселіп, сарнап шулайды. 
Сылдырап, сыбырлап, сыңсып, сызғырып шулайды дүлей қамыс! Тыста 
қара түнде шулаған, сарнаған қамыстың үнімен бірге Ықыластың қобызы 
да сарнап, еңіреп жылайды. Түнгі қамыстың шуына, түнгі қобыздың 
зарына қосылып, Ықылас та еңірейді... Ол қанаушылар билеген дүлей 
замандағы терең сырлы күйші еңіремегенде қайтеді?!» –
деп толғайды 
Сәкен аға. Сол замандағы қиядан көретін қырағы күйшінің бейнесін, 
өнер иесі –
абыз Ықыластың кескінін сезімпаз ақын, ән мен күйдің түпкі 
тамырын тесіле зерттеп, тебірене ұға алатын Сәкен осылайша суреттеп 
еді.
Өз заманында, сонау сығыр заманда бағаланбаған көмескі тұлғаның 
бетін ашты. Сол дәуірдің ұлы күйшісі, қобыздың қылына жан бітірген 
өнерпаз Ықылас күйінің
адам түгіл, 
243 


хайуанға да ететін эстетикалык әсерін анық көрсетті.
«Хаби ба
домбыраны дыңылдатып бұрап, күйге келтіріп, әдемі 
сүйріктей саусақтары лашынның қаққан қанатындай ойнап, 
пернелерді сыдыртып, екінші қолының саусақтары күміс табаққа 
алтын бұршақ атқылағандай домбыраны шертіп, қағып
-
қағып 
жіберді.
Кеудесін қозғап, ілгері керіңкіреп тастап, Хабиба домбырамен 
бірге шырқап қоя береді.
Үйдегі лық толған жұрт тым
-
тырс. Барлық
жұрттың
көзі 
Хабибада. Сылдыраған әдемі дауыспен Хабиба шырқады. Әнінің, 
домбыраның ырғағына ертіп, домбыраны да шырқатты... Жазды 
күні жырлаған боз торғай жерден ұшып қалы қтап, шырқап
-
шырқап, мың кұбылтып, дауысын құйқылжытып, көкке қарай 
өрленді. Қалтыраған, сылдыраған дауыспен бірге қанаттарын 
қағып, биік шарыққа көтеріледі. Бір уакытта төңкеріліп, ұй тқып 
құйқылжыған дауыспен төмен түседі. Бір уақытта шарқ ұрып, 
серпіліп қайта көкке шығады. Көкте жүзіп шыр
-
көбелек айналып, 
тағы мың құбылып жырлайды. Бір уақытта дөңгеленіп тұра 
қалып қанаттарын қалтыратып, әдемі, зарлы сұлу дауыспен 
жырды үзілтіп, түйдек
-
түйдек тізбектейді. Ойнаған әннің 
тізбегін жібекке тізген меруерттей тізбектейді... Сөйтіп, 
бозторғай мың құбылтып жырлайды...
Бозторғайдың 
жырын 
тындайсың. 
Жалғыз 
сен 
емес, 
бозторғайдың жырын жер мен көк те тыңдайды. Бозторғайдың 
жыры маужыраған жер мен
көкті тербетеді... Міні, тап сол 
бозторғай Хабиба. Хабиба да шырқап сұлу даусын көкке өрлетті. 
Бұ да даусын көкте неше түрлі құбылтып төңкерді. Бұл да 
даусын қалтыратып, жалтылдатып, неше түрлі ойнатты, неше 
түрлі ұйтқытып даусын төмен қалықтатты. Және неше рет шарқ 
ұрып, серпілдіріп, даусын биік көкке шығарды... Бір уақытта 
даусын үзіп, Хабиба тоқтатты. Отырған жұрт әрең қозғалды. 
Әнге сұқтанды...
244
 


Үйге келіп ұйқыға кіргенше Ғалымжанның ақыл
-
есі кіріп 
жеткен жоқ еді:

Но, Сәкен, қазақты мен жаңа ғана білдім. Шарық (шығыс) 
музыкасының не екенін жаңа ғана аңладым. Мен, уаллаһи, қазақ 
болмағаныма өкінемін. Қазақ ішінде өспегеніме өкінемін!»

деді. «Және үйленбей тұрған кезімде қазақтың мұндай екенін 
білсем, міні, уаллаһи, қаладан безіп, қазақ арасына сіңіп кетер 
едім!» –
деді.
Осыны Ғалымжан көпке дейін аузынан тастамай жүрді... деп 
жырлады Сәкен! Ән мен күйдің
қуанышты ырғағына, әдемі 
әуезіне сүйсінді, сүйсіне білді ол!
Бұдан кейін әдебиетіміздің бетке ұстар майталманы Ілияс 
Жансүгіров Молқыбай күйін
–«Боз інгенді» шертті.
«Қыңқылдап қыл ішегі қыңсылады,
Жә, әлде танысқан қыз сыңсығаны.
Жүректің қылмен қабат шегін шерткен
Саусақтың ыршығаны, шымшығаны.
Кейде күй талмаураған, талықсыған,
Кейде өжет, кейде долы албыртсынған,
Кейде паң, кейде дарқан, кейде сергек,
Шаршы өрге кейде шапшып шауып тынған.
Қайырған, текектеткен, жорғалатқан,
Сарқыған, екшеп қағып, сорғалатқан.
Талмаурап самайдан тер сыпырғанда
Тартуын «Боз інгенді қолқалатқан»...
деп қобыздың ішегінен шыққан күйдің, Молқыбай күйшінің 
сиқырлы саусақтарын Ілияс аға осылай төгілте жырлап берді.
Әрі қарай күйдің көкейін жете ұғынған Ілияс аға Сары Үйсіннің 
майталман «Күйшісіне» қайта оралды:
«Тайпалын жорға болып салдырған күй,
Мейірін тыңдағанның қандырған
күй,
Тартқанда зырылдатып, сұңқылдатып,
Аққуды аспандағы қондырған күй.
245 


Лапылдап мұз көңілді күйдірген күй,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет