естіліп тұрады. Ендеше сыртқы ұқсастығы (заимствование) Сервантестен
болса, ішкі терең ойы, сөз саптауы Гогольге жақын тұрғандай. Ғабит өз
слогы бар жазушы,
«Ордабай үйінде «он шақты адам» жиырма бір ойнап жатыр... Бытық
бет, семіз қара жігіт Ордабайға әдейі ұттырғысы келіп, оңай «күйіп»
кетіп отыр. Бұл кіреші ЬІбырайдың баласы Бота қара, Ордабайдың
нөкері болуға құмартып жүрген жігіт.
–
Бас, бас, түгел бас!.. Ордабайдың алдында алтылық пен тұз
жатыр...
–
Король, король...
...Осы крестің королі жаңа ғана бір келіп кеткен сияқты еді, жұрт
шуласып жатқанда, сақалы күректей болып, тағы шыға келіпті...
Ұтылған жігіт күміс теңгеліктерді Ордабайға қарай дөңгелетіп жіберіп:
–
Орыстар он жетіге алмайды...
–
дейді.
...Ордабай ақшаны
малдас құрып отырған бойы, шалбар балағының
астына тықты, сол теңгеліктермен бірге Сандыбайдың көзі де сол
балақтың астына кіріп барады.
–
Банке алпыс сом! Бір құлынды бие. Бас!..
Ой да жоқ, үміт те жоқ, ерік те жоқ, билік те жоқ Сандыбай қарғаның
тұзын екі қолымен ұстап, айнаға қарағандай жымиып отыр...
–
Бастың ғой банкеге? Дұрыс, ал, карта ал!..
...Нағыз карташылардың әдетінше «Әкеттің... Алдың... Сенікі, сенікі!»
–
деп алдындағы ақшаны Сандыбай жаққа
қарай ысырып қойып, «ала
бер!» –
дей отырып, оған екі балта бір ондық берді де оңай күйдіре
салды...», (116–119б)
–
деп суреттейді.
Ғабиттің осы жолдарын оқығанда алатын әсерің, биязы сықақ пен өткір
мысқыл арқылы берілген өмір шындығы «Өлі жандарда» көрсетілген
карта ойынының әсерінен кем соқпайды. (433
-
бет).
Бұл екі көріністің маңызы да, түрі де бірдей емес екенін оқушы өзі де
байқап отыр ғой. Алайда слогы ұқсас, оқушыны тебірентетін әсері де бір
сияқты.
60
Достарыңызбен бөлісу: