"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет40/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 


1
 
«Отечественные записки» атты журналдың редакторы. А. А. Краевскийді 
нұсқап отыр. (С. Т.)
Осы пікірлерімізді дәлелдеу үшін, мына бір айғақты көрелік. 1856
-
жылы, 16 декабрьде Парижде отырып, И. С. Тургеневтің Л. Н. Толстойға 
жазған хаты мынау екен. «Сіз жұрттың бәрінен де Чернышевскийді жек 
көресіз, бірақ осыныңыз да аз
-
маз көбеңсіген көтеріңкі қылық болар, 
анығында сізге Чернышевскийдің Белинскийге табынуы жақпайды, 
көненің көрін ақтарады деп ашуланасыз, сіздің ойыңызша оған тимеуі 
керек тәрізді, бірақ ойланыңызшы, әңгіме адам туралы болып отыр, ол 
(Белинский) өмір бойы еңбек істеген, саудагердің
1
малайы болған кісі еді 
ғой, ол саудагер мұның қолымен от көсейді де тапқан табысын (қалам 
ақысын) өзі иеленеді (бұған бірнеше қабат
өзім куә болдым), сорлы 
Белинскийге бақытты тіршілік құру немесе тыныш өмір сүру былай 
тұрсын, ел қатарлы қанағат тұтатын
қолайлы тұрмысы да болған жоқ 
қой, осы күні әлемге аян, бәріміздің де бойтұмар етіп жүрген 
ойларымызды ол ерте
-
ақ айтып еді, сол үшін оны лай
-
батпаққа көміп, тас 
атқылап, кекетіп
-
мұқатып, өтірік арыздар жаудырды, осылардың 
зардабынан өліп кұтылады ол, әйтпесе насырға шабатын еді, міні енді 
осының бәрін көріп
-
біліп отырып, тіпті өлгенше мадақтап жіберген 
күнде де сол екі
-
үш мақаланың жарық көргенін сіз бір ұлы мәртебе деп 
ұқтыңыз ба? Бір «шіріген жұмыртқа» деп, осыны да көпсіндіңіз бе? Бұл 
мақалалар жөніндегі менің ойымды білгіңіз келсе, бұдан он жыл кейін 
кездеселікші, сонда көрейін мен сізді, өзіңіздің жас күніңіздегі бірге 
қуанып, бірге жыласқан, өзі беттеген әділ пікірдің қуатына ғана сүйеніп 
өмір сүрген досыңыз туралы мақтан сөйлеуге тиым салса, қандай халде 
болар едіңіз, соны көрсем екен!.. Бірак, өткен өміріңізді түгел ақтарғанда 
да, ондай ұлы адам сіздің тұсыңыздан табыла кояр ма екен?..»

депті. 
Міні –
В. Г. Белинскийдің өз тұсында кім болғанын ұғыну үшін, И. С. 
Тургеневтің осы сөзі де жеткілікті.
159 


Ал Достоевскийдің «Бейшаралары» сонау отызыншы жылдарда қазақ 
тілінде
жарық көрді. Бұған бірінші себепкер Белинскийдің мақтауы еді. 
Енді екінші себебін айталық. «Бейшаралар» романы әрбір тіршілік 
тақсыретін тартқандарға және кешегі ақ патша тұсында жазықсыз жапа 
шеккен ұсақ ұлттың балаларына ұнымауы мүмкін емес: «Әркімге
-
ақ 
белгілі, Варенька, сорлы кедей адамның құны ескі
-
құсқыдан да төмен, 
ешкімнен ешқашан ол сый
-
құрмет көре алмайды... онда ешбір қадірлі
-
қасиетті нәрсе, не
бір адамгершілік болмайтын сияқтанады...»

деп 
толғайды ғой сорлы Макар! Осындай ауыр шындықты аузы барып айта 
алған –
тек қана данышпан Достоевский! Бұл толғаныстар кімнің 
сайсүйегін сырқыратпас!?
Үшінші себеп, қазақ елінен шыққан ардагер ағамыз Шоқан Уәлиханов 
Достоевскийді қыршын күнінде танып, дос болған
-
ды. Екеуі бірге түскен 
суреті Октябрь революциясынан көп бұрын, «Униженные и 
оскорбленные» атты Достоевский романының бірінші бетінде тұр; өткен 
күннің айнасындай осы екі тілсіз бейнені көргенде, теңсіз телегей 
мақтаныш бойымызды еріксіз билеп әкеткен
-
ді.
Шоқан жиырма жаста. Достоевскийдің 1855
-
жылы жаздыкүні солдат 
болып Семейде жүргенде, Шоқан ағамыз оған сәлем бере барыпты. 
Осыдан былай қарай олардың достықтары өмірі үзілмеген екен!
Солдат шинелін еріксіз сүйретіп жүрген ұлы тұлға –
Федор 
Михайловичты қиырдан тануы Шоқанның өлшеусіз қырағылығы. 
Жұпыны киіміне, жүдеу түріне
қарап түңілмей, ішіне үңілген ғой ол!
Федор Михайловичтің: «Батыс Сібір мен Қазақстанға орыс офицерлері 
мен чиновниктерін кім шақырды екен?»

деген сұрағына, Шоқан: 
«...Дарқан кең
-
жайқын Татар сахарасында біраз серуендеп байығысы 
келетін болар... қырғызды (қазақты) тонап, солардың ақшасын 
әйелдеріне жұмсап, әдемі көйлек
-
көншек сатып әпергісі келетін 
шығар»... деп ащы мысқылмен именбей жауап берген екен. Патша 
чиновниктерінің мінез
-
құлқын жетік
білетін және
160 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет