"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет67/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

Үшінші әңгіме
 

Тыңдаушым азайып тотығып қалыппын, шырағым, –
деп 
бастады сөзін Есен.

Мен қартайған адаммын ғой, өзіңнің 
керегіңді сұрап қақпалап отырмасаң, сыңар езу атша қиыстай 
шауып кетуім де кәдік,

ұялма, Ербулоным,

дегенде танауы 
желбеңдеп, жас ұлан тұрып:
12* 
303 



Есен аға, кеше мамам Сәкеннің «Сыр сандығын» татардың 
«Тәфтиляу» әніне салды, соңынан Тоқайды сөз етті. Біраздан 
кейін Мұхтарға көшіп, әнші әйел Әйгерімді де есіне алды. Сізді 
де бірталай нәрсеге куә ете сөйлеп, көп әңгімені сол кісіден сұра 
дегендей ернінің емеурінін білдірді. Сондықтан бүгін өзіңізге 
әдейі келіп отырмын,

деді Ербулон.

Дұрыс, балам, сен шешеңнің де қартайғанын сездірдің 
маған. Бота да бір сөзден бір сөзге көшіп өзіңді әбден 
шатастырған екен ғой, азар болса мені де сол Ботаның сыңары 
дерсің, сонда да білгенімді бергенім мақұл болар саған,

деп 
Есен ұзын сонар әңгімені соза жөнелді.

Ұмытпа, жаным, Бота 
сенің қолыңа шылбырдың ұшын ұстатыпты, ұшығына жетуді өзіңе 
тапсырыпты. Абайдың жары Әйгерімді айтса, ардақты ананың 
беделін көтер депті. Тоқайды, Сәкенді, Мұхтарды сөз етсе сондай 
абзал анадан туған адал ұлдардың үлгісін алуыңды ескертіпті. 
Міне, Бота қателеспепті. Шіркін, ана ғой ол!.. «Күнсіз гүл 
өспейді. Сүюсіз бақыт жоқ. Анасыз ақын да болмайды, батыр да 
болмайды...» –
дейді Горький.
Адамзаттың бәрі анадан туған. Ұлттық шеңберге сыймайтын 
дүниежүзілік ардақты ананың орны өзгеше. Баяғы өткен бағы 
заманда
да: «Алып анадан туады», «Анасын көр де қызын ал!» 
десті.
Әділдіктің жаршысы, асқақ ойлы ақындар шықты, туған 
анасының ақ сүтін ақтап, намысын жыртты. Сөйтіп, батыр 
Қарлыға, дана қыз Құртқа, адал жар, уәдені бұзбай өзін 
кұрбандыққа 
шалатын 
Күлбаршын, 
Баяндарды 
тудырды. 
Замананың өнегелі адамдарын жырлады. Олар ақындардың 
арманындай әйелдер еді.
Бері келе мезгіл ауысты. Ақшаға табынған дәуір баса көктей 
кірді, бар ізгілік айырбасқа –
базарға түсті. «Қыздың құны қырық 
байтал» болды. Әруақты ананы күңдікте ұстаған мал иесі аз ғана 
топ осылай көңірсіп
жатқанда, әділдік жолын қуған өзекті ұлдар 
шықты да,
қайсар ананың көркем бейнелерін жасады.
304
 


Ғайни, Қамал, Ғайша, Қамар, Сұлушаш, Раушан коммунист, 
Айша, Ботакөз, Зере, Ұлжан, Әйгерімдер туды. Осыларды бір 
заманның жыршылары бейнелесе де, өздері әр заманның 
елшілеріндей елестейді маған. Бәріне ортақ жалғыз
-
ақ мінез бар: 
бұл әйелдердің басым көпшілігі тиген қүйеуінің тілеуін тілейтін, 
қара басының дербес мақсатын жоқтай алмайтын қарусыз 
жандар, озбыр дәуірдің шеңберінен шыға алмайтын әлсіз әйелдер 
бейнесінде көрінуші еді.
Сөзім дәлелсіз болмасын, Ербулоным, мысалы ақын Абай
қазақ әдебиетінің ардагер атасы әйел бейнесін былай суреттеді.
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.
Жұп
-
жұмыр ақ торғындай мойыны бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды.
Етіндей жас баланың білегі бар,
Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы»,—
деді. Осы мрамордан жасалған мүсін емес пе? Сұлу
-
ақ әйел ғой. 
Шебер Абай өз
заманында көргенін айтқан. Бірақ қимыл
-
әрекет 
жоқ, тек кұштарлықтың алтын бесігі

әдемілік қана бар.
Әлгі айтылған әйелдердің ішінен біздің дәуірге сай келетін 
үшеуін ғана бөліп алсақ дер едім. Олар: Айша, Раушан, Ботакөз 
ғой...

Осы айтқандарыңызды мен ұйып тыңдадым, Есен аға,

деп 
Ербулон қарттың сөзін бұзып жіберді.—Сәкенді сіз жеткізіп 
айттыңыз, Мұхтарды да мейлінше суреттеп өттіңіз, бәрін
де 
құмарта тыңдадым, енді Ғабдулла Тоқай туралы әңгіме 
шертіңізші. Әлгі көні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет