"жазушы" баспасы



бет10/17
Дата08.06.2018
өлшемі1,77 Mb.
#41631
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

ҒАБИДЕН АҒА ТУР АЛЫ


«Өткеннің ұжданы да, Келешектің кемеңгері де дарын».

1

Ғабиден ағаның туған отаны ырыс-несібенін ордасы, құтты мекені, өзінің ардақты Қазақстаны!



Шырқа, шырқа, көкке өрле. Қыран «Қызыл сұңқарым!» Куанамын бәйгіңе, Тарпаң «Асау тұлпарым!»

Миллиард пұт алтын дәнді совет халқына кеше ғана сыйлыққа тартқан өнімді өлкені көргенде, ақынша тебіреніп:

Шат елдің шешенімін, даңғылымын, Шыным сол, правом бұл, заңды мұным. Астанам Алматыдан саңқылдасам, Жетпей ме жер жүзіне жаңғырығым?—

десе де айып-шамы жоқ. Ілияс аға да бұл сөзді қуаныш үстінде айтқан болар.

Бір кезде И.А. Крылов пен Абай атамыз «миллионды» мүлде көп сан деп ұққан болатын, өйткені, дорбадағы дайын алтынды уыстап алып жыл он екі ай санағанда тоғыз-ақ миллионның ұшығына әрең жетіпті.

Тоғыз миллион санарда, Ажал жетті, күн бітті.

депті И.А. Крылов – Абай.

Тап биыл қазақ елі екі-үш айдың ішінде тоғыз миллион түгіл, тоқсан да, тоғыз жүз миллион да емес, миллиард пұл астық жинап алды:

Жырламасқа теңіздей Қуаныштың шегі жоқ...



Естеріңізде болсын, бұл әлі килограмм емес, пұттап өлшенетін ұшы-қиыры жоқ дүние. Айтарға ғана жеңіл! Үстіміздегі атом дәуіріне, ынтымақты совет еліне сай табыс Еліміздің байлығына жеріміздің кеңдігі төтеп береді. Сонау Алтай Тарбағатай тауларынан Атырау теңізіне дейін, Оралдан Тянь-Шаньға жеткенше созылған өңірдің ұзындығы ұшан-теңіз. Көлденеңі көз жеткісіз, көлеміне желден жүйрік көңіл болмаса қиырды шалатын қыранның өзі де болдырар еді. Аймағы алтыайшылық жол, осы шұрайлы да құнарлы жердің бетінде жайылған төрт түлік малды айтсақ: еті тау, сүті дария, қымызы көл, майы мол, айраны ұзын аққан өзен! Міне, Ғабиденнің мақтанышы, туға н ортасы осы.

2

Ғабиден Қазақстан тәрізді кең өлкенің асты-үстін бірдей аралаған: Арқада мал жайып бақташы да болған, шахтыға сүңгіп кенші де болған, малшы маман, көмірші жұмыскер, темірші ұста, ағаштан түйін түйетін ісмер. Өз тұсындағы неше алуан жылжыған жорға-жылмиған



жүйріктерден қалыспай, қарыштай шауып, жетпіс асудан аман өтіп, үдере тартып келе жатқан тұлпарымыз.

«Шын жүйрікте сын болмайды, шын жақсыда мін болмайды». Әлі есімде, оны мен 1921 жылы Ақмолада алғаш көрдім. Май айының аяқ шені еді. Ту сыртынан қарағанда, бағлан денелі, балуан мүшелі бойы сұңғақ бозбала жігіт. Сурылып сөйлеуден гөрі томаға-тұйық отырып тыңдауды тәуір көретін жан тәрізді. Бет-әлпеті ызғарлы да емес, май тоңғысыз жылылық та белгі бермейді, қапсағай денеге лайық біткен торсық шеке, жирен шаш, жазық маңдай астында ойлы көгілдір көзі сабырлы, салмақты ақ сары жігіт. Жауабынан сұрағы басым, алдыңа түсіп буа сөйлеуден көрі, артын-ала қуа сөйлеуді сүйетіндей. Жас болғанмен, ұшқалақ, ұшымды емес, алысқа шабатын жүйріктей көрер көзге жұпыны, баяу, тыныш. Асықпайды.

Биязы қалжыңға шебер тәрізденеді, ұртынан жымиып, қырындай қарап отыратын әдеті бар екен.



Жас Ғабиден алғашқы кездескенде есте қалатындай жарқырап көрінбеді. Біз ол кезде түрлі түсті құлпырып тұратын қызыл ала, шұбар ала матаны мына биязы тоқылған қыл-қыбыр, қоңыр коверкот, триколардан тәуір көретінбіз.

Ол дәуірде орысша, қазақша тақылдап отыратын, азғантай ақылын айтып, шаршы топқа мақұлдатып сөйлейтін, шыға шабатын ұшқыр жігіттер болды, олардың мойыны Ғабеңнен оқ бойы ұзын тәрізденді. Осы орайда Жиренше шешеннің бір сөзі есімізге түседі. Әз Жәнібек хан бір күні Жиреншеге қарап: «Осы сенің балаң қалай жаман туды екен, шешесі Қарашаш, әкесі Жиренше, сенсің, осындай екі сұңқардан, ең бері болғанда тұрымтай тумай, әлжуаз жағалатай болып туғанына таңым бар, өзі бір қой аузынан шөп алмайтын момын ғой...» деп кеміте сөйлегенде, Жиренше тұрып: «Хан ием, дұрыс айтасыз, кейбір баланың туғанда сырты қола, іші алтын болады, бері келе жиырмаға жеткенде оның

сыртқы қоласы тозып-түлеп түседі де, ішіндегі алтыны жарқырап сыртына шығады, сол кезде осы баламды көріп көзіңіз қарықпаса менен тумағаны болсын...» – депті.



Күнді қуып күн, жылды қуып жыл өте беріпті. Жиренше де, Қарашаш та ана дүниеге аттанып кетіпті. Бір күні ымырт жабыла, кұба қалмақпен соғысып жүріп, Әз Жәнібек анталаған жаудың ортасында жаяу қалыпты, сол мезетте көк қасқа дөнен мінген бір бала шауып келіп, қарғып түсіп, Әз Жәнібектің алдына атын көлденең тартып тұрып: «Мініңіз мына көк дөненге, қашып құтылыңыз, қазақ елінің бір әйелі бүгін буаз болса, мендей баланы таба жатар, ал сіз жалқы туған Жәнібексіз, күнде туа бере алмассыз...» депті-міс. Бұдан жиырма жыл бұрын «шобыр момын» атанған бала осы екен. Аты Қасым деседі... Мұны білгенде, Әз Жәнібек қателескеніне, Жиренше мен Қарашаштың жүрегіне қаяу салғанына өкініп, опық жесе керек...

Ғабиден ағамыз отызға таянғанда қарыштады, оған дейін сыйынары әлсіз, сүйенері нәрсіз болды ма, немесе өз бетімен дайындық жасап, білімін молықтырып, өмірді зерттеп жүрді ме, немесе іштегі алтыны енді көрінді ме, немесе тіпті осының бәрі тоғыз жолдың торабында ұшырасқан болар ма? Әйтеуір Ғабең



«Шығанақ» романы шыға келгенде ғана аяқ алысын елге танытты.
3
Ғабиденнің қаламынан шыққан кейіпкерлер осы күні өзіміз көріп жүрген қарапайым адамдар, замандастар. Олар аласұрып, айға шауып тұрмайды.

Мысалы, «Шығанақ» романындағы Олжабекті алалық. Ол сөзге орашолақ, қимылы сөлекет, бірақ еңбек етуге келгенде өте тиянақты, мығым жан. Олжабек өз бойына туа біткен дағдысынан танбайды. Ойына алған бағытынан тайынбай, ілгері тарта беретін, томырық мінезді адам. «Қазақ-қазақ болғалы енші

бөліскені болмаса, енші қосқанды көрген де емен, естіген де емен» деп, колхоздасқан ауылдан ат-тонын ала қашады. Бұл Олжабектің жасанды мінезі емес, шын ойы, үйренген өнегеден үзе тарта алмағаны.

Колхоздасудан қашып жүргенде, оның малы екі-үштен аспайды. Несін аяп, кімді қашырып жүргенін ұқпайды. Қайда барарын, кімге паналарын да ол әлі білмейді.

Олжабектің бұл дүниеде жақсы көретіні – өзінің Жамалы, Сағыптайы мен екі-үш қарасы (екі жылқы, бір түйе).



Жамал Олжабектің бір деп білегінен, екі деп етегінен ұстаған адал жары. Ай десе ауызы, күн десе көзі бар әдемі ару жас келіншек. Елден безіп, қаңғырып қашып келе жатқанда жапан түзде Жамал «сонау иірімдегі қара судың жағасында, әппақ төсі күнге шағылысып, қара шашын тарап отыр... Судан өзінің кіршіксіз тәнін айқын көрді. Бетін жел қағып, күнге күйіп күреңітсе де, жаудыраған бота көзі өзгерген жоқ, іші-тысын бірдей көрсететін айна сияқты. Денесі қандай ақ болса, жүрегі де сондай ақ екенін, су қандай мөлдір болса, ойы да сондай мөлдір екенін жаудыраған бота көзі айтып тұр. Арқасын жапқан қалың шашы күннен қандай қорғаса, ардақтап сақтаған ар-ұяты жамандықтан сондай қорғап тұр»? деп емешесі құрып, тамсана толғайды Ғабең.

Романның осы бір жерін оқығанда, бір сурет есімізге түседі, ол

суға түсіп шығып, жағада отырған жалаңаш қыздың бейнесі, сол мезетте жорғалап келіп қалған улы жыланды көріп танауы желбеңдеп әлгі қыз қысыла қымсынады... Осы кескінді қағазға түсірген суреткердің адал еңбегі Тәшкенде тұрған генерал - губернатор Кауфманныц сарайында сақталған екен, сол сурет революциядан кейін, 1920 жылдары табылыпты, аты

«Купальщица» – «Суға шомылған қыз».

«Шығанақ» романының осы арасында да жылан келіп итарқада жатқан Олжабекті шағып кетеді. Бірі-
нен-біріне ауысты деуге дәлеліміз жоқ, тек ойымызға ит арқасы қияннан келіп түсе қалған ұқсас бейнені жеткізіп отырмыз.

Осы уақиғаның аржағында «Жамалдың көз алдынан сонау алыстағы күндер өтіп жатыр», деп тебіренеді Ғабең. «Онда қыз кезі, атастырып қойған Олжабектен айрылып, Бекенмен кетуге бір ауытқыған... Бірақ осы Бекен мен Жамал өңінде бір көрісіп екі ауыз сөзге келіспесе де, түсінде бір төсекте жатқаны бар...

Міне Жамал соны ойлап күрсінеді. Күнә деп біледі.., Олжабектен оны әлі жасырады... Жамал бұны опасыздық, жасырғанын арамдық деп біледі!..» дейді.

Ғабиден аға ойқы-шойқы, кертік-кертік өмірдің дәл кескінін береді. Адамның жүрегі тас емес, еттен жаралғаның, оның олқылы-толқылы кезеңдерін аудармай суретке салады. Бұзау жалағандай жып-жылмағай етіп, әдемілеуге тырыспайды. Тек қана осы бейненің өмірде болуына жауапты ол! Арғы жағын өзің ойлап таба бер, суреткер өз міндетін атқарды, басқасына бекеуіл емес, оқырманды да қызықтыратыны осындай өмір шындығы.



Осы орайда Л.Н. Толстойдың «Соғыс пен бейбітші лік» романындағы бір сахна алдымыздан елестеп өтеді. Онда Наташа Ростова князь Андрей Болконскийді қатты сүйеді. Екеуінің атастыру тойы болып, сонда кездесіп, уәделеседі. Артынан соғыста жарақаттанған Болконский емделуге Швейцарияға кетеді. Арада бес-алты ай өтеді. Сол қарсаңда князь Анатоль Курагин мен Долоховтар түнде келіп, Наташаны алып қашатын болады. Бұлардың сорына қарай, үй қызметшілері сезіп қалып, кедергі жасайды, сонда Наташа қатты қайғы үстінде төсегіне сылқ құлап, талып түседі, жолы болмайды...

Сондай-ақ Жамал да Бекенге ауытқығанын жар-қосағы Олжабектен әлі жасырады. «Сөйтіп шашын өріп болған кезде Жамалдың бұл ойы да жинақталып, сыр сандығы қайтадан салынған еді»,– дейді автор. Бұл
опасыздығын, арамдығын Олжабекке айтқан емес, айтсам көңілі қалар деп сескенеді. Бұл тіршіліктің өзіне үйлеседі, Ғабең бұлтартпайды.

4

Ғабиден қазақ тіліне бай, әрбір сөйлемі өлеңдей ұйқасып айтылатын мәтел-мақалға айналатын тіркестері көп. Мысалы жау қолына түскен елінің ер азаматын тұтқыннан босату үшін:



«көк бестіге ер салып, көк сүңгіні қолға алып, бір қыз жау соңынан жалғыз шауыпты. Түнде куып жетіп, сол қыз «Шонжар қара» жауға қарап:

Көтібардай күшім жоқ, Махамбеттей жүрекпен келдім. Ер олжаға сыйған ба, мә, керек болса, мені ал! Мақпал қара шашым бар, әрбір талы бір-бір мал. Қарақаттай көзім бар қарашығынан от лаулар, сөзім шекер, тілім бал, лебізімнен алған нәр. Жүзімді айтсам, жаңа атқан таңдай. Сымбатымда мін жоқ, бір туған нардай. Мінезім керек болса түнергенде түнмін, күлгенде күнмін», деп шұбырта жөнейді. Ер намысы, ел арысы үшін жанын қиюға дайын Адай қызы ойын өжет айтады, ашынғанда төгіліп шешен сөйлейді.



Баяғы жаугершілік заманда қазақ елінде осы тақылетті қайсар қыздардың болуы ып-рас, ол аттың жалында, түйенің қомында лақша ойнаған арулар болатын. Ер Тарғынды сүйген Ақжүніс Ғабеңнің қарсы алдында тұрғандай.

Ғабиден Мұстафин туындыларындағы кейіпкерлер біріне-бірі ұқсамайды, әрбіреуі өзінше сараланып, дараланып тұрады. Бәрін бірдей самардай қақсатып, жатық сөйлету көрнеу тіршіліктен алыс тәрізді. Әсірелемей, шұбар шындықтың өзін жеткізу шебер жазушының негізгі тірегі, өйткені «әдемінің бәрі шындықта...» деген ғой В. Г. Белинский. «Шығанақ» романының бас кейіпкері: «Шығанақ бәрін ойлады. Қауіп құзға, шаттық шыңға тартса да, темір қазықтай тәуекел тырп еткізбеді оны.
Тәуекел дариясына салдым кеме, Кемесіз ол дариядан өтем деме. Жүйткіген көк дөнендей көңіл жүйрік, Өрге сап, төске шаппай өткізе ме,—

деп ыңылдап, сол кемеде бара жатқандай, ой билеп, толқып кетеді Шығанақ. Жаңарған жаңа дәуірде тәуекелсіз түк бітпейді, еңбексіз ешбір ой орындалмайды, міні Шығанақ осыны жақсы ұғынады. Сондықтан ол: «Бұдан құласа, Шығанақ жуырда оңалмас. Бұдан өтсе, Шығанақ жанға шалдырмас», деп тұжырым жасайды. Алайда, жұбанғанын да, қайғырғанын да сыртқа, елге сездірмейді. Өз еңбегін жүгендеп мініп, тәуекелін жетекке алған Шығанақ арманына жетеді... Ол қайсар адам, алған бетінен қайтпайтын жан, сол өр мінезі, адал жүрегі көпке ұнайды. Ол үнемі біліп қимылдайды, тек қана тәуекелге сүйенбейді.

Алғашқы кезде жаңа заманды түсіне алмай, айдалаға лаққан тоң мойын Олжабекті де майдай ерітіп, қалайыдай майыстырып, ортақтасқан еңбекке баулыған осы Шығанақтың әділдігі, адалдығы, еңбекқорлығы, оған қоса «аз сөйлеп, көп істейтін, көп түйіп аз шешілетін» тұйық Олжабектің сыры теңіздей терең көрінеді Шығанаққа. «Дүние деген шіркіннің тәттісіне түшкірініп, ащысына ашырқанбаса, адам сорлы не көрдім деп кетеді? Аяма өзіңді. Жер жүзіндегі ең айбынды қасиет осы», депті Максим Горький. Мұндайда өзіңді аямағайсың. Аядың-ақ, ери бастайсың... дейді Шығанақ.

Олжабектей жолдасының сырын Шығанақ айтпай-ақ біледі.

« – Үйленсеңші! Тұғырдан түсіп тұрсың ба?–дегенде, Олжабек оған:

«Үйлену оңай, үйлесу қиын», дейді де ойын әрі қарай созып, Жамалын мақтағанда: «Аузындағысын жырып беретін еді маған. Менің өкшеме қадалған шөгірді өз маңдайына қадалса екен деуші еді. Бет жыртқан пенде емес. Ойыңды айтқызбай табатын... Суыңды сүт қылып отыратын

әйелім еді... ол бейшара» – деп ырғалады, бұл сөзіне қарағанда, Олжабек пен Жамал арасында Ләйлі мен Мәжнүннің, Джульетта мен Ромеоның арындаған албырт махаббаты жоқ тәрізді. Олжабек өмір адамы, оған Жамалдың: «Аузындағысын жырып беретіні, суын сүт қылатыны» ғана ұнайды. Шын махаббатта есептесу болмайды деген біздің миымызға әбден құйылған ғой, бірақ Ғабең олай толғамайды, өмірде жоқты көксемейді, барды ғана жырлайды,

Жамал қазақ халқының қағидалы ғұрпынан, діннің шырмауынан аса алмайды. Ата-анасы қосқан жары Олжабектің еркіне көнеді, айдауында жүреді. Мұның Олжабекті сүюі Татьянаның генерал Греминді сүюіне жақындай түседі.

...Қол-аяғым бір бекілді Енді ненің орны бар?—

деп түйеді де, Олжабектің асты-үстіне түсіп сыйлай береді, оның үстіне Сағынтайы да бар.

Жамалдан Олжабек те қалысқан жоқ. Бұл да бір төтеден келіншекке қызығады, көрген жерден-ақ оған жүрегі бүлкілдеп кетеді.

Келіншектің жесір екенін білгенде:

« – Бос болсаңыз, бірдеме айтар едім, – дейді Олжабек.

– Ал боспын, айта қойыңыз! – дегенде, Олжабектің бетіне қан ойнап шыға келеді. Үлкен көзі жаудырап, келіншекке қарай береді. Келіншек қараса жымың-жымың етеді. Салқын денені қызу кеулеп аласұрады». Олжабек бұл жерде Жамалды ойланған жоқ, бұл ертегі Мәжнүн емес, өзіміздің күнде көріп жүрген жігітіміз.

Жамал бейнесі Татьянадан ұзап кете алмаған, Анна Каренинаға жете алмаған. Жалған сөздерді судай сапыруға төселсе, алдау-арбауға үйренген, ысылған адам болса, Олжабек Вронскийден кем соқпас еді.

«Келіншек сақ-сақ күліп, жүріп кетті де Олжабек өңкиіп отырып қалды...» Әңгіме осылай бітті. Ақыры Жамал мен Олжабек зарығып кездескенде де автор




7-2462
193



екі иығынан демін алып арындамайды, баяғы бір қалыптан өзгермейді.



Оқырман қауымның жазушыға дән риза болатыны шындықтың өзін ғана жеткізуіне байланысты. Сөзін де, ісін де артық өлшеп, кем пішетін ұрт мінезі жоқ Ғабең құрғақ қиялға бой ұрмайды, бүгінгі тіршілікті жырлайды, осы кезеңде оның он саусағынан өнері төгіледі.

Ескерте кетелік, орыс әдебиетінде өмірі өшпейтін орын алған, мәңгі ұмытылмайтын пьеса «Ақыл азабы». Осыны жазған Александр Сергеевич Грибоедовтың әрбір сөйлемі айдай әлемге мәтел болып тарап кетті. Ал Петр Дмитриевич Боборыкиннің (1826–1921) қыруар еңбегін қазіргі оқырман жұрт ұмытып та болды. Себебі, орыс тілін Боборыкиннің білмеуінде емес, әрбір бейненің өзіне сай сөз саптай алмауында, көрпесіне қарап көсілмеуінде.



Елді көріп, жерді танып, үлгі-өнеге үйреніп, көп оқып, шетелден қайтқан Чацкий өзінің мешеу ортасынан бойы да, ойы да биік, сөзге шешен, іске мешел «басы артық адам», сондықтан оның аузындағы сөздері соны, өзіне ғана тән, алды-арты жұмыр келеді.

Қаймағы бұзылмаған мешеу өмірдің әдет-ғұрпынан аса алмайтын алпауыт Фамусов Чацкийге үрке қарайды, оның сөзін түсінбейді, бейпіл ауыз, есалаң жан деп ұғынады. Фамусов, София, Мочалиндер: «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды...» дейтіндер.

Осылардың әрбіреуі бойларына шақ ойларын айтады. Қанша биікке секірсе де, кіндігінен жоғары көтеріле алмайды. Қысылшаң жағдайға киліккенде, Фамусов: «Ойпырмай, бұған княгиня Марья Алексеевна не айтар екен?» – деп қорғалақтайды. Полковник Скалозуб бұдан да сорақы.

Бір-біріне ұқсамайды, бірақ бәрі қосылғанда жалғыз-ақ топас бейне қылаң береді. Олардың айтқан сөздері әр жағдайда өздерін танытады. Өмір бойы әскери команда беруден басқа еш нәрседен хабары жоқ, солдафон Скалозуб «гвар-

194


дионы» деп өкіре дүрілдегенде Фамусовтың айызы қанып, әскери шеніне қызығып, қызын беруге дайын отырады. Жарамасақ Мочалиннің «жатық» мінезі де Фамусовқа қатты ұнайды. Күйкі өмірдің шеңберінен шықпаған жеке-жеке бейнелер жұртшылықтың ойында мәңгі қалады.

Біз бүгін Ғабиден Мұстафинге қызыға да, қызықтай да қараймыз. Өйткені кеше ғана, 1921 жылы, көзіміз көрген қарапайым, моп-момақан сары жігіт бүгін жетпіске жетіп ақсақалымыз болып отыр. Ол – бүгінгі мақтанышымыз, жеті классигіміздің бірі. Ғабиден бұл биік сатыға ұлылы -кішілі мектептерді бітіріп жеткен жоқ; оның сүйенері де, сыйынары да

– бір еңбегі.

Ғабиден асып-таспайды, көрінгенге көлденең тұрып, ауыздығымен алыспайды; ақырын жүріп, анық басады.



Иван Сергеевич Тургеневтің 1856 жылы 25 ноябрь күні Парижде отырып, В. П. Боткинге жазған хаты осыған орай ойымызға келіп отыр. Сонда: «Біздің жазушыларымызда, әсіресе менің өзімде де бір үлкен кемшілік бар сияқтанады, себебі, біз шынайы өмірмен қоян-қолтық араласып, тірі жүрген адамдармен бірге өсіп-біте қайнаспаймыз, біз кітапты көп оқимыз да, сырт буын ойларға семіріп, бөгеміз де жүреміз. Біз түбегейлі білімі бар маман емеспіз, сондықтан жетік білетін мамандық бізден шықпайды», деп толғайды. Өз ойын әрі қарай жалғастырып, И. С. Тургенев неміс халқының атышулы сыншысы, Вольфганг Гетенің замандасы, Иоганн Мерктің сөзін келтіреді:

бойына дарымайды», – депті.

Жазушы Ғабиден – совет дәуірінің жыршысы. Совет дәуірі – тарихтың асқаралы асуы. Ендеше, сол


7* 195
асу тұрғанда, оның жыршысы да жасай беретініне кәміл сенеміз. Ғабең қаламынан шыққан «Миллионер» повесіндегі Ахмет ұста өз кезінен өте жоғары тұрған бейне, келешекте коммунизм орнағанда орнын табатын тұлға. Ол: «Ауданға барам! Құтылам малдан... Сенің біріңе колхоз ертең мыңын береді...» дейді. Бұған әйелі Зылиқа қарсы болады: «Малсыз күнім жоқ... Қорамды қаңыратып, қолымды алдыма сыйғызбайын деп пе ең?» дегенде, Ахаң қарқ-қарқ күліп: «Көн қатса қалпына барады» деген осы. Ендеше, малмен қоса кет

фермаға», – деп тойтарады.



Ахмет ертерек туған, ол – болашақтың, қала мен ауыл арасының айырмасы жойылған кездің, бірлескен тіршілікке жетіп «төртеу түгел болғанда төбедегі келетін» мезгілдің жаршысы. Біздің қазақ совет әдебиетіндегі алғаш көрінген Ахмет ұста: «колхозбен менің келіспейтінім жоқ», деп үзілді- кесілді пікірін білдіреді. Ахаң ол уақытта жалғыз бой көрсетсе, қазір сол сықылды азаматтар тобына сан жетпейді.

«Қарағанды» романындағы Мейрам партия қызметінде жүрген өзекті жас. Ол бұрын Щербаковтан үйренсе, кейін ұстазынан оза тартқан қайсар бейне. Құрғақ сөздің иесі емес, істің адамы. Ардақ тәрізді әйелі де өзіне сай.

«Дауылдан кейін» атты романында ұшырасатын Аман мен Шәкен тартысы да бізді қызықтырады, өйткені осы күрес екеуіне де оңайға түспейді. Мұндай кектескен кезеңді бәріміздің де көзіміз көрген болатын.

Бір кезде еңбекші таптың басына қамшы ойнатқан болыс Малқар Аманның алдында бетегеден биік, жусаннан аласа отырады. «Басына бозторғайдың қонса бақыт, самұрық саясында етер қызмет» – дегеннің кері.



Ғабеңнің бар еңбегін тізе беру оқырмандарды жалықтырар, алайда енді бір айтарымыз бар, ол – «Көз көргенде» болсын,

«Жиырма бес» атты туындысында болсын – бәрінде де өз қолтаңбасы

сайрап тұрады демекпіз. Ғабиден Мұстафин бұлаң құйрыққа салып, бұра тартып, бұлдыратып адастырмайды.

Ғабең жетпіс жасқа жеткенше өз маңдайына біткен совет заманына еңбегін сіңірді. Тұстас тұрғыластарының сан-алуан бейнелерін жасады.

Түрлі түсті кейіпкерлерді айқын көрсетіп, жаңғырған жаңа заманының болмыс-бейнесін айшықтап берді. Ғабиден ағаның қарақшы, ұрылары да біріне-бірі ұқсамайды. Таудың үңгірінде тығылған бес қарақшының басшысы Ахмет тұтқынға түскен Жамалға өзін де, ерген жолдастарын да таныстыра келіп:

« – Әуелі бақты алды. Бақтан кейін жерді алды. Екеуінің артынан мал кетті. Малмен қоса қатын-бала, ел кетті. Сонсоң мен тағы болып тауға шықтым, қасқыр болып қойға шаптым...

– Бір болыс ел Ахмет демей, «Аха» дейтін еді...–деп аз ғана отырды да:

Анау отырған Айбас, қандыбалақ ұры. «Ахаң» күнімде аулымның жел жағынан өтсе, жиренетін едім. Енді немді қызғанайын, қасыма қосып алдым. Мынау кісі қанын ұрттаған Жақып қашқын. Өзім қашқын болған соң, бұдан да қашқаным жоқ. Өзіңе тақау отырған мысық мұрт колхозды борсықтай сорған Елемес... Анау жіпсік көз түрмеден қашқан адам, атын Жолдыаяқ деп өзіміз қойдық, деп сөзін бітірді».



Бұлардың қылмыстары да, қылықтары да бөлек-бөлек екенін әрі қарай дәлелдеудің өзі артық.
5

Біздің елімізде сан алуан ығай мен сығай жазушыларымыз бұрын да болған, қазірде де бар. «Өткеннің ұжданы да, келешектің кемеңгері де дарын» дегенде, ойымызда Ғабең тұрды. Өйткені осы табыстардың бәріне оқу арқылы емес, тоқу арқылы, тек дарынның көмегімен жеткенін білеміз... Өнерпаз
Ғабиденнің осы қасиеті ұстазы Горькийге ұқсас.

Ғабиден Мұстафин дербес жазушылық қызметімен ғана шұғылданған жан емес, ол сонымен қатар әлеумет қайраткері. Ғабең шахтер, Ғабең ісмер ұста. Ғабең Қарағандының мыс қазанында қайнап, пісіп шыққан жұмыскер, Ғабеңнің өмірбаяны

«Қарағанды» романында толық айтылған. Ішінде бірге жүріп, әбден қанып жазғандықтан, ол туындының шоқтығы да биік.



Қоғам баспалдағының ең төменгі сатысынан көтеріліп, СССР Жоғарғы Советінің, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты дәрежесіне шейін жеткен қажырлы қайсар, нар мінезді Ғабең! Ол Қазақстан Жазушылар одағын да басқарып, адал еңбек сіңірді. Ғабең кіршіксіз коммунист. Жазушы еңбектерін сарқа біліп, сапыра зерттеуден туған «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» еді бұл. Біздің тілегіміз Ғабең жүз қырқалы қарақшыға жеткенше, шабысынан таңбасын, шабытынан қайтпасын!


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет