"жазушы" баспасы


С Ү Й І К Т І Д О С Ы М !



бет12/17
Дата08.06.2018
өлшемі1,77 Mb.
#41631
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

С Ү Й І К Т І Д О С Ы М !


«Тарас жатыр жарасы жанға батып, Бір сүйек мың сүйекті сырқыратып. Қия алмай жалынды шақ, жас өмірді, Қарайды кейде көзін жаудыратып.»

Қажым.
Қажығали Жұмалиевті мен 1956 жылы июнь-июль айларының бірінде тұңғыш рет көріп таныстым. Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет /осы күнгі «Жазушы»/ баспасына келген екен. Көп сөзге келмей, шығып кетті, жақындасуымыз келте қайрылған сәлемдесуден басталғандай. Бірінші көргенде-ақ, менің бастасым да, тағдырласым да осы бір кескіні жүдеу, киімі жұпыны, тығыршықтай шәпеті денелі, дәл осы жігіт болар-ау, деген ойға тірелдім...

Қажымды мен 1929 жылы жарық көрген «Егізбай мен Ерғожа» атты поэмасынан білуші едім. Әр адам өзіне бұрын таныс емес нәрсені оқып, білуге құмартады ғой. Тәшкенді, өзбек елін 1922 жылдан бері қарай біле тұрсам да, өзімізбен жапсарлас жатқан



қырғыздың елін, жерін бұдан бұрып білмеппін, сондықтан қатты қызығып оқыдым, Соңда: «Қырғыз бенен қазақтың шекарасы Аспара» дейді де, Сусамырды суреттеуден бастайды. Ақын Қажым: «Шөккен нардай жартастарды бұлт қорғап, бозғ ыл тұман арасына тығылып, Сусамырды күндіз-түні қарауылдап, төбесінде қалықтап ұшқан қырандар»,– деп тебіренеді. Қажым шөлейт кұмды өңірде, Қаратөбеде туған адам. Сөйте тұрып, таулы аймақтың қолмен тізгендей қалың талын да, оның жел соқса, тербетіліп ырғақтайтын бұтағын да, сызылтып ән шырқаған бұлбұлын да, баурайында асыр салған аңдарын да әсем жырлайды, жатырқамайды. Шынымды айтсам, туысқан екі республиканың шекарасы Аспара екенін, жер бетінде Сусамырдай жайлы қоныстың барын Қажекең арқылы білдім, сондықтан да оны ұстазымдай сыйлап, «Қажеке» деп кеттім; сөйтсем, ол менен бір жасы кіші болып шықты-ау!

Хамза, Мұхаметжан тәрізді жақын достары, құрдастары оған қатты қалжындайтын. Қажым оны елемейтін, өйткені зілді дыбыстың жоқтығын сезетін, оның үстіне қазақ дәстүрінде құрдас сөзі балаусыз, ашуланса ұтылуы мүмкін. Бұлар да Қажекеңнің кіді мінезін, бір бетінен қайтпайтын ерлігін аса жоғары бағалайтын.



Әдетте Қажымды ғалым, ұстаз деседі, осының бәрі рас, бірақ ол ең әуелі ақын. Оның мінезіндегі кедір-бұдыр да ақындықтан қоздайды, ақылдан сезім ұшқыр, ақын сезімтал, ал ғалымдық салқынқандылыққа саяды.

Өзімізге ұнаған поэма «Махаббат пен достық», бұл қазақ әдебиетіне қосылған үлес еді.

Шіркін-ай, жан қиярлық болса досың! Іргелес қып достықтың тіксең қосын. Жаһанда бар ма қызық одан артық, Келмей ме кемеліне көңіл хошың?

Үстіңе бақытсыздық төнсе қалың, Морт кетсе қысылғанда қармар талың, Сонда дос көрсетеді шын достықты, Аямай бір сен үшін қолда барын, –



дейді Қажекең. Махаббат пен достық жыры да аңсаудан туған нәзік сезімнің жемістері.

Әлі есімде, 1968 жылы май айының орта шені, айлы түнде көшеде жолықтық. Төңкерілген көгілдір қазанның шұңғыл түбіне жабысқан алтын табақтай болып, ай көкте қалқып, жылжып барады. Айнала жым-жырт. Алматының тіл жеткісіз әдемі кешінің бірі еді. Иттің абалап үрген даусы да естілмейді. Сымға тартқандай түп-түзу көшелерді ұйқының жұмсақ, жеңіл мұнары маужыратып әлдилей түседі.

Осындай әдемі кеште екеуіміз ұшырастық та әлгі тылсым тыныштықты бұзып, жамыраса жөнелдік. «Махаббат пен достық» поэмасын оқып шыққанда есімде қалған бір үзіндіні жатқа айтып:

Ойды улап, бойды билеп табындырған Осал деп кім айта алар махаббатты?—



дейсің сен. Бұрын айтсаң, көзің көрмей ме? Кешегі өндір күніңде өзеурей ынтығып, талай күйге түскен боларсың. Махаббат де п таныған мына қазіргі шүйкебасыңмен аулақта кездескенде қызулы ыстық сөздерді, зәру жүректің ынтыққан құпия сырын тілің жеткенше, ақтарған да шығарсың. Жас кезінде бәрі үйлеседі, тіпті сондай сертті мезгілдерде үндеспей қалатын да самалды сағаттарың болды ғой, бәрін де түсінем, қысыр сөз, қандай әдемі болса да, махаббатты ол сұйылтып, қожыратып жіберетінін де білесің сен... дей бергенімде:

  • Сен түк те түсінбейсің, деп кесіп тастады, даусы, өңешінен әріректеу жерден шыққандай, қарлыға сөйледі. Махаббатқа әрбір адам әр-алуан қарайды. Тіпті бір адамның өзі де әр дәуірде әр қилы күй шертеді. Жас күнінде оттай лапылдап жанады да,



кәртайғанда оның жүрегі құштарлыққа ере бермейді, деп еді А. С. Пушкин... Әй, сен осы көп сөзді доғаршы! Нушич деген біреу

«Әйел алғаннан кейін еркектің өмірбаяны болмайды», депті, соны айтпақшысын ғой, мен түсінем... Мақтаудың кейде даттаудан артық екенін білем, онан да мына поэма туралы қандай ілгешегің бар, соны айтсайшы... Оның мінезінде жасандылық жоқ, шын ақын болатын. Жылдам өкпелеп, жылдам жадырайтын. Уәде берсе, сол орнынан табылатын, ол жорғақтамайтын, жек көрсе, бұрыла алмайтын. Жеңілген кезінде қалшия қарап тұра қалатын.

– Поэмаң өте жақсы жазылған, қызғаныш, өшпенділік, күншілдік – бәрі де нанымды берілген екен:

Қызғаныш қызыл көзі оттай жайнап, Өшпендік сақылдата тісін қайрап; Күншілдік күбірткеше іштен кеулеп, Үшеуі Сағынайды досына айдап - Салмақшы! Мерт болғалы тұр ер жігіт, Көмекке үлгірмесе сабыр, қайрат...

дегенің өге-мөте әдемі шыққан. «Жалғыз-ақ, Нинаның Сағынай, Тарастар қызмет ететін полкте жүруі, сөйте тұрып, бірін-бірі білмеуі мүмкін бе? Оның үстіне Нина Тарастың туған қарындасы дейсің. Сенімен дауласқым келмейді, өзің айт деген соң, айттым. Меңсіз қара мысықтай шығарма дүниеге әредік келеді ғой...


  • Дұрыс ескерткенің, үйінің қасына келіп қалыппыз, жүр енді Әбекеңе сәлем беріп шығалық, ол аға ғой, деп оң жаққа бұрылды.

Әбекең қуана қарсы алды. Әрбір тостағанды бата істеп көтеру әдетке айналды ғой, Қажекең өз кезегінде:

– Әбекең өлеңінде жеке өзіне тән жылылық, сыршылдық, нәзіктік бар, маған осылары ұнайды, – дегенді айтып, есен- саулық тіледі...

214

Әр адам жақсы көрер мінездесін, Кісіні хош көрмеген неге іздесін? Қашамын надандардың сұхбатынан, Түсіме, өңім түгіл, кіргізбесін,—



деген халық өлеңі дәл айтады: Қажекең екеуіміз тұзы жарасқан жандар едік.
Ажал тура келген соң, Шыдатпайды берікті. Ғаріптікке көз жетті Алғаннан соң серікті. Өмірін берген кұдайым Ажалын да беріпті

( А б а й )


Қатты қайғы немесе зор қуаныш үстінде өлшеп сөйлеу қиын- ақ! Күнде көрісіп, тату-тәтті әзілдер айтысып, жамыраса сөйлесіп, жадырасып та отыратын ойлы достан мәңгіге айрылу оңайға түспейді екен! Бәрімізге де Қажекеңнің екі қылығы өте- мөте ұнайтын. Соның бірі кіршіксіз адалдығы, екіншісі қажымайтын еңбекқорлығы. Кейде тіпті қателессе де, өз нанымын айтпай бұғып қала алмаушы еді. Сырын білетін шын достары көңліне алмайтын.

Қажекеңді ұшан-теңіз өмір толқыны қағып та, соғып та, сілкілеп те байқады. Алайда бағынбайтын қайсар тұлғаны майыстыра алмады. Сөйтіп, ол талай қиын-қыстау додадан сүрінбей сурылып та шықты.

Айтарым көп-ақ, бірақ қазір сол ойлардың бәрі де бет-бетіне кетіп, бұлдырап бошалап кеткендей. Бәріміздің де түпкі мекеніміз, көрмеген көшеміз сол болары айдан анық. Осы ой жүректі кеміріп, тынысты тарылтады.

Соққан дауыл сияқты өмір өтер, Қайғырмаймын, білемін, көзім жетер. Кеудемде осы жүрек түрған шақта Жақсылық жоқ өзіме, мен дәметер...

Пай-пай-пай! Айтқан-ау! Басыңа қандай қара күн туса да, ақын Абай алып шықпайтын қамал жоқ. Ол жылата да, жұбата да біледі.

Қажеке, сенен қазір кешірім сұрағым келеді. Өзіңе барғанда көңліңді сұрай келмеген кісіше отырушы едім. Кәкір-шүкір уақ әзілдер айтып күлдіруге тырысушы едім; өзімді де, өзіңді де алдаушы едім. Осыны кешір! Бұдан бұрын барғанда да жалған сөйлеппін, жазған хатымда: «Сүйікті, Қажеке! Досыңа достық қарызың ғой, екі күндей кіре алмай қойдым. Аман-есен болайық, айтылатын әңгіме-дүкен көп. Өзім Шымкент-Түркістан, Қаратау барып қайттым. Мәжіліс өткен соң келдім, 19. XII–68 ж. Журналға басылған әңгімең құтты болсын. Әдебиетіміздегі бір белес тәрізді. Осы қуанышқа ортақ болалық, тезірек шық! 23. XII–68ж.», деп жазыппын. Осы хатқа ол:

«Рахмет! Хал шамалы. Қазір мүмкіндік жоқ. Болса, хабарлармын. Кітабыңды басынан аяғына дейін оқыдым. Жақсы екен. Айтарым бар еді. Амал жоқ. Сау болалық. Қажымың. 23. XII 68 ж.»—деп жауап қайтарыпты. Қажымдай қайсар адамның

«Хал шамалы» деуінде жүректі жегідей жейтіп зіл тұрғанын сезгендей болдым. Кейінгі шайып-жуған сөздері әлгі екі сөздің уытын қайтара алмады. Биязы айтылған шындық тебірендіре де, тентірете де алады екен!



Көп адамға ұқсамайтын онда тағы бір мінез бар еді. Ол өзінен бұрын өткен егде ағаларын орнынша сыйлай білетін еді. Осыған куә етіп өз сөзін кел- тірейінші...

«Біз Мұхаңның (Мұхтар Әуезовті айтып отыр – С. Т.) қайтыс болғанын Москваға бір станция қалғанда естідік. Суық хабар жай түскендей әсер етті. Ол кісіні осынша тез, ойламаған жерден қайтыс болады деп кім ойлаған! Көре алмай қалғаныма бір қайғырсам, өз қолымнан топырақ сала алмағаныма екі қайғырып, қазір маған әдебиетіміздің бір босағасы құлап, орны үңірейіп қалғандай, дел-салмын. Өлді деуге тіл бар-

ып, көңіл сенуі мүмкін емес тәрізді. Уланған іш, қамыққан көңіл, қайғылы хал, көзге іркілген жас, ойлаған сайын бір жерге тоғысады да, түнде ұйқыны, күндіз күлкіні (иретіп басыңды мең- зең етеді. Ол мәңгі тірі, артына өлмес еңбек қалдырды, арманы жоқ қой деп, өзімді өзім жұбатпақ боламын. Бірақ, ол сықылды зор талант әлі де өмір сүріңкіресе, көптеген асыл еңбектер бермеп пе еді? Мұхаңның өліміне қайғырмаған жан болмас. Сол қатты қайғырушының бірі мен. Басқаларға көңіл айтып, тірілердің өмірі ұзақ болуына тілектеспін. Жолдастарға сәлем айт.Қажым. 30. У1—М ж.» деп жазған еді-ау!

Сымға тартқандай әдемі сөзді әркім жазады, бірақ кедір-бұдыр шыңдықты айту қолдан келе бермесе керекті.

Мұхтар ағасы жөнінде оның осы айтқандарын мен де Қажымдай сүйікті досымның дәл өзіне арнар едім.


С Ә К Е Н Н І Ң С ЕР І Г І



Әуелден-ақ қазақ халқының қайтпас қара болаттай қайсар адамдары көп болған ғой, солардың ізін суытпай Ұлы Октябрь революциясының алдында өзі батыр және батыл туған азаматымыз Абдолла Асылбеков. Ол 1896 жылқы жылы Нұра ауданында, Құндызды өзенінің бойында, Кеңқияк алқабындағы Қара суда дүниеге келіпті. Абдолланың әкесі Әбдірахман, шешесі Зәуре ұйғыр қызы.

Әбдірахман кедейліктен күнін көре алмай елден кетіп, Ақмола барған, онда Степан Кубрин деген атақты сәудегерге малай болып жалданған екен, ең әуелі қора тазалаушыдан бастап, келе- келе піркәншік дәрежесіне көтерілген. «Ақбайпақ Мүсәпір» атануы да сол кезде. Кейін 1917 жылы піркәншік қызметінен



қуылып елге келген соң «Әбдірахман» да, «Ақбайпақ» та ұмытылып, «Мүсәпір» атанып кете барды.

Үлкен әкесі Асылбек пен Жақып бірге туысады. Жақыптың баласы Ерғали Алматыда тұрады. Абдолланың үлкен ұлы Бәкен Отан соғысында қаза тапқан, өзінің қанды көйлек досы, Омбы абақтысында 1919 жылы өлген революционер Бәкен Серікбаевтың атын қойған ғой. Немере інісі Ерғалидің балаларына да Нұрғайын, Тельман деген аттар қойылыпты.

Нұрғайын Бекмұхамметов 1919 жылы Ақмола абақтысында Колчак өкіметі атып өлтірген кісі, ұлты татар, туыстығы, ой- пікірі бір Абдолла мен Сәкеннің жан қияр досы. Аты шулы революционер Тельманның кім екенін айтып жатуды артық көрдік. Ел ішінде Абдолланың үй ішін «Революция жолына қалтқысыз түгел берілген семья» деп атауы да осы жәйттерден туса керек.

«Біреудің білімі үлкен, біреудің ақылы, ойы үлкен...» деседі, осының бәрі даулы ғой, тек даусыз үлкен жасы үлкен, деп біздің бір ағамыз айтушы еді. Мұндай ескі қағиданы заманымызға қарай жаңғырта айтсақ «Халқына сіңген игілі еңбегі үлкен», дер едік.

Осы Ұлы Октябрьдің елу жылдық торқалы тойының қарсаңында, арамыздан ерте кетіп, сағындырған үлкен ағаларымыз туралы баспа бетінде айтылып жүр, олардың көмескі жәйттерін ашып Совет Отанына таныстырып та жатырмыз. Жасы үлкен, сіңірген еңбегі мол өлген ағаның үлгілі істерін жариялау, тіріні тәрбиелеу үшін керек. Бірақ «азуын айға білеген ардагер аға, табаны таймайтын қайсар аға» деп көбіктей көпіршітіп, сағызша созып көп көңірси бермей-ақ төтесінен қайырғымыз келіп отыр, өз өмірінде қандай елеулі істер істеді, соны ғана айтуға бет алдық.

Абдолла Асылбеков үш жасында шешесі Зәуре өліп жеті м қалған. Әжесі Дәметкен, жеңгесі Әлиман асыраған.

Ақмоладағы бірінші басқыш татар медресесін 1913 жылы бітіріп әрі қарай оқуға талпынады. Көздеген мақсатына жету үшін Абдолла 17 жасында бір сәудегерге жалданады, оның жылқысын айдап Орынбор жетеді. Орынборда Хұсайын атына ашылған медресеге түседі. («Мәдрәсәи Хусаиния» орта мектеп екен). Сонда төрт-бес ай оқығаннан кейін «қазақ-татар жастарын дінге, патша үкіметіне қарсы ұйымдастырғаны үшін» Абдолла медреседен қуылған. Жақын жолдастары ереуіл көтеріп, Абдолланың мектепте қалуын талап еткен. Бірақ, полиция шақырылып, екі тәуліктің ішінде жатақханадан шықсын, Орынбордан кетсін деп ұйғарған.

Тілектес достары 65 сом ақша жинап беріп, Қызылжарға аттандырған.



1914 жылы Абдолла Қызылжар келіп, мұғалімдер дайындайтын қазақ мектебіне түсіп оқыған, алайда, Абдолланы бұл мектеп «шартты» түрде қабылдаған. «Саяси сенімділігі» жөнінде куәлік қағаз әкелсін деп жүктеген. Үш ай оқығаннан кейін ешбір дәлелсіз бұл мектептен де қуған, полиция тағы араласқан екен.

Сол жылы (1914) Ақмолада татар мектебіне мұғалім болған, көп ұзамай-ақ одан да себепсіз шығарылған ғой. Бұдан сон Нұра ауданына барып ауыл мұғалімі болып паналаған. Жолы болмаудың классикалық формаларын басынан қанша кеші рсе де Абдолла қажымады, шымырланып шыңдала берді.

1913 жылдан бастап 1916 жылға дейін қырғыз-татар жастарының арасында ұлт азаттығы жайлы жасырын қызмет істеді. Газеттерге, татар журналдарына үзбей жазып тұрды, құпия листовка таратты, «Яйна» (Айна) журналын шығарысты.

1916 жылы патшаның июнь жарлығына қарсы қазақ халкының ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты, ол кезде Абдолла Жаңаарқа ауданында еді.

1917 жылы февраль төңкерісінен кейін қырғыз комитетінің мүшесі, «Жас қазақ» атты қоғамның



жауапты хатшысы. 1917 жылы Абдолла партияға кірді (ескі партия билетінің номері 1126296, жаңа билеті 1558671), Октябрьде Совдеп құрылды, Абдолла сол Совдептің басты мүшесі, контрибуция жөніндегі комиссияның бастығы, қызылгвардия құратын әскери советтің мүшесі, уездік партия комитетінің мүшесі.

1918 жылы 2 июньде Ақмоланы ақ қазақтар басып алғанда Асылбеков Абдолла абақтыға түсті. Атаман Анненковтың «Өлім вагонінде» Омбы лагеріне барды, содан Қиыр Шығысқа айдалды, Иман абақтысында 1920 жылдың 2 февраліне дейін отырып, Новиков екеуі қашып шықты. Бұлар үш ай бойы Тайга тоғайында жасырынып жүріп, Милохин мен Ярошенко бастаған партизан отрядына қосылды. 1920 жылдан 1921 жылдың март айына дейін Амур, Приморье, Забайкалье облыстарындағы партизандардың ішінде жүрді. Иман, Хабаровск, Красная речка, Нерчинск, Сретенск, Даурия майдандарында ақтың әскерімен қидаласқан азамат та Абдолла Асылбеков. Жоғарыда айтылған ерлік еңбектері үшін Революциялық әскери совет (Реввоенсовет) табанды күрескерге (стойкому борцу) деген жазуы бар қол сағат сыйлаған болатын.

1921 жылы Қиыр Шығыстан Омбыға келіп, Қызылжар, Көкшетау, Ақмола уездеріндегі ақ бандылардың қалдығын жоюға өкіл болып сайланды. Осы көтерілістерді басқаннан кейін Абдолла Қызылжар келді, губчека, губком мүшесі болды, ревкомның орынбасары болып істеді. 1921 жылы май айында Орынбор келіп, бірінші өлкелік конференцияда Киробкомға мүше болды, ал екінші конференцияда Киробкомға секретарь болып сайланды, содан 1932 жылға дейін қызмет істеп, күзді күні Москвадағы Тимирязев Академиясына оқуға түсті. 1926–1927 жылдары Қостанайдың Округтік атқару комитетіне бастық болды.

1928 жылдан 1934 жылға дейін Қазақстан Орталық Комитетінің жауапты хатшысы да осы Абдолла.



1934-1936 жылдарда Қарқаралының Округтік атқару комитетінің бастығы, 1936 жылы Қарағандының облыстық атқару комитетін басқарды.

Абдолла Абдрахманұлы Асылбеков қайратты революционер, езілген еңбекші елінің көркеюі үшін өмір сүрген, Коммунист партиясының, совет елінің адал азаматы еді.



Абдолла Асылбеков Қиыр Шығыста тайга ішінде партизандармен қол ұстасып ақтың әскерімен соғысып жүрген кезінде, Орынборда шығатын «Еңбек туы» газетінде Сәкен Сейфуллин, анау аласапыранда абақтыда айырылып қалған досы Абдолланы жоқтап жазды. Сонда: «1919 жылғы январьдың басында (5 январь) адамды бет қаратпаған 30 -40 градус аяздарда 40-50 кісіні Ақмоладан Қызылжар арқылы Омбыға қан ішкіш Анненковтың отряды жаяу айдады. Соның ішінде сабаз азамат, сабырлы Ғабдулла да (Абдолла) бар еді... Халық үшін қан жұтқан ер Ғабдулла бар еді» дейді, ал 1921 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Бауырым Абдолла келді» деп сүйінші сұраған да Сәкен Сейфуллин болатын.

Қиын-қыстау қанды жолда жалаңаш кездесіп, теткусіз сеніскен достардың біріне бірі ыстық көрінетіні де осындай кезеңде айқындала түседі.



Абдолла Асылбековтың бар еңбегін шағын естелікте айтып жеткізу мүмкін емес. Бәрін тере берсек сөз таусылмас еді. Өйткені ол үздіксіз күреспен өткен азамат. Оның толып жатқан мақалалары мерзімді баспа беттерінде талай рет жарияланған- ды, көркем әдебиетке де ат салысқан.

1922 жылы Абдолла Абдрахманұлы Асылбеков «Біздің де күніміз туды» деп кітап жазды, ол Орынборда басылды.

Партия тарихы институтында сақталған Абдолла Асылбековтың өз қолымен жазғандарын оқып отырсаңыз, ұзын- сонар ойға шомасыз.

Өмірбаянының әрбір жолынан адалдық лебі есіп тұрады.

Біз қаладық қиындықпен Кең сарайға іргені, Біздің тілек сол сарайға Кейінгілер кіргені,

деген Сәкеннің қуатты дыбысы естіледі. Әке сыйлаған, аға сыйлаған елдің балалары, советтің өскелең дәуірінің азаматтары, сендерге арналды бұл әндер! Өткен кездегі табанды күрескер ағаларыңның бірі осы Абдолла. Абзал ағаның құнарлы еңбектерін бағалап, соның ішінен сұрыптап өз керегін алып кәдеге асырар деген үмітіміз зор.

Үшінші бөлім


ӘҢГІМЕЛЕР, МАҚАЛАЛАР , ТОЛҒАНЫСТАР



АДАМ ОЛ!




(Әділбек әңгімесі )
Қоңыр күз. Омбы қаласы. Ертіс өзенінің жиегі, сол қаланың шетін ала, Ертіске итіне төніп, құлазып тұрған жатаған тоқал ағаш үй. Әділбек Елеусізов осы үйді көптен бері мекен етеді.

Сібірге жолаушылап барғаныма біраз болып еді, қайтар алдында сәлем бергелі кірдім.

– Сәлемші болсаң жоғары шық, балам! – деп ақсақалды қарт орнынан бұкжеңдей көтеріліп менің қолымды алды.

Ескі заманда оқыған егде қарт Әділбекті бұрын да естуші едім.



«Әділбек тарихшы, Әділбек шешен...» деген қауесет жүрегіме ерте ұялап, бүгін реті келгенде жеке отырып тыңдауға аңсарым ауды.

Тілдігін талай басқан, үні тозып, жарықшақ тартқан, қайтқан күндей көз жанары солғындап сөнуге айналған Әділбекті көргенде менің бұрынғы өрекпіген ойым су сепкендей басыла қалды. Жүрегімде жүрген әдемі бейне ыдырап сала берді. Көпті көрген көне қарт осы өзгерісті түсінді ме, қалай?

  • Шырағым, аман-есен жүрмісің? Бұл жаққа қашан келіп едің. Қызметпен болар?.. Қашан қайтпақсың? деп жедел сұрақ қойды да, есікке бұрылды.

    • Келгеніме көп болды. Архив ақтардым. Бұрынғы

өткен адамдардың бейнесін ашпақ едім. Енді қайтпақпын, деп, келте жауап қайырдым.
8—2462



    • Дұрыс, шырағым, шешініп отыр, сәлем бергеніңе өте ырзамын, деп бастады Әділбек. Мен осы қалада туып өстім. Кеш оқыдық, бітірген пәлендей мектебіміз де жоқ. Қазір пенсиядамын: жасым сексен асты. Сәкен аған мені ң інім еді. Мен Владимир Ильичтен он бір жасы кішімін,– дегенде көзі күнге шағылысқандай жылтырай қалды.

  • Әділбек аға, сіз Ленинді көрдіңіз бе?

    • Көрдім.

  • Сөйлестіңіз бе?

  • Осы өзің мен өзімдей қатар отырып сөйлестім.

  • Я!.. Қандай адам екенін суреттеп бере аласыз ба?

  • Жоқ, ол маған қиын.

    • Мен Сәкен ағамның өмірін, істеген ісін зерттеп жүр едім. Сол үшін Сәкенді білетін сізге әдейі келдім. Ал енді Сәкенді айтпас бұрын, сол ақын ағаның пір тұтқан ұстазы Владимир Ильичті суреттеп өтсеңіз қайтер еді? деп қиыла сұрадым.

Сонда Әділбек әңгімесін былай бастады.

  • Адамзат кешіп өткен кәрі тарихқа көз жіберсек талай тұлпар, талай сұңқарлар дүниеге келіп, әрқайсысы өзінше сыбағасын жеп, үлесін алып аттанған тәрізді. Сондықтан да, тарих көпті көріп көнергендей ғой, шырағым, деп, бір күрсінді де Әділбек өз ойын әрі қарай соза жөнелді.

  • Христиан дінінің жыл есептеуімен алғанда қазір үстімізде жиырмасыншы ғасыр тұр. Осы жиырма ғасырдан бұрынғы жүз ғасырды да, атап айтқанда, он мың жыл бұрынғы оқиғаны да, тарихшылар болжап жүр. Олар мүлде алыстан бастайды. «Хетта, Мысыр, Қытай, Индия, Шумер, Аккада, тағысын-тағы толып жатқан мемлекеттер мәдениеттер болыпты» дегенді айтады. Осының бәрі де рас шығар, бірақ, мен оларды қанша білсем де, етене түсіне алмаймын. Өйткені мүлде көз түгіл ой жеткісіз алыс жатыр, бұлыңғыр елестейді. Еміс-еміс естуім бойынша біздің заманымыздан төрт ғасыр бұрын Іскендір Зұлқарнайын

Македонияда туыпты, оны сендер Александр Македонский дейсіңдер ғой. Сол Зұлқарнайын, адам үшін қызмет істемей, атақ үшін қызмет істеп, ел шауып өткен сияқты.



    • Зұлқарнайынның атын естігенде менің қарсы алдыма: асау Буцефалды ауыздықтап мінген, «қос мүйізді», дулығалы, қанды көз әзірейіл келіп тұра қалғандай болады. Құлағыма зар илеген жесір ананың, іңгәлеген жетім баланың, бас еркінен айырылып малша сатылып бара жатқан құл мен күңнің шулаған даусы әлі ызыңдап естіліп тұрғандай.

Сонау көне дүниені қойып, өзіміздің осы жиырмасыншы ғасыр ішіне кіргенде де талай-талай жорықтар көз алдыңнан өтіп жатады. Соның ішіндегі әйгілісін алсақ та нахақтан аққан қан аттың тілерсегінен келеді. Бірінші ғасырдағы Юлий Це зарь, он екінші ғасырдағы Шынғыс пен он бесінші ғасырдағы Ақсақ Темір, он тоғызыншы ғасырдағы Наполеондардың қанды жорықтары да бірінен бірі сорақы. Олардың әрекетінде өзбасындық тар пиғыл, құлқын қамы ғана тұрғандай.

«Әділдіктің әрекеті, жауыздықтың берекеті болмайды» деген сөз тегін айтылмаған-ау, сірә! Зорлықпен жасалған сол мемлекеттер әкімдері өлген соң бет-бетімен бытырап кетіпті... Бірақ сол замандарда да әділдікті ұран еткен, адамзат қамын жеген озат ойлы ұлы адамдар болыпты. Іскендірдің ұстазы Аристотельдей ізгі ғалым, қара қылды қақ жарған әділ, кедейліктің тақсіретін қанша тартса да өзінен «зорға» басын имеген. Он алтыншы ғасыр Коперник, Галилейлерді көрді. Он тоғызыншы ғасыр адамзаттың данышпаны Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің жалынды ұранын, дана сөздерін тыңдады, бірақ ол кезде бейбітшілікті бұзақылық жеңді де, теңдік ұраны жауыздар табанында тапталды. Заманының көреген ұлы-қызы көздеген арманына жете алмай кетті. Қан уыстап туған әкімдер өзі үшін аттанысқа шығып, өмірге қызмет етпей, өлімнің шашпауын көтерді...

Міне, кәрі тарихтың бетінде осы қылықтардың да ізі жатыр...



  • Ақсақал, айтқандарыңыздың бәрі рас, бірақ, осылардың ұлы Ленинге қандай қатынасы бар? Осы жақында оқыдым, аға, мына атақты дана драматург Уильям Шекспирдің туғанына үш жүз жыл толған күні 1864 жылы Иван Сергеевич Тургенев сөйлепті. Сонда: «1564 жылы Галилей мен Шекспир дүниеге келді. Осы он алтыншы ғасыр Лютер мен Бэконды, Рафаэль мен Коперникті, Сервантес пен Микельанджелоны... көрген ғасыр...» дегенді айтыпты, деп, өз білгенімді мен де қыстырдым.

Осы арада ашаң бойлы, қара сұр әйел шай әкелді. Әділбектің жұбайы Сара Сергеевна екен...

  • Ал, енді Шекспирді туғызған он алтыншы ғасырды Тургенев қалай жамандасын шырағым? Сол заманның бетке ұстарын, сорпаға шығар имандысын тізіп-ақ тастаған екен! Бірақ сол он алтыншы ғасырды естігенде менің ойыма Парижде болған Варфоломей түні келе қалады. Сол түні қырғын тапқан гугеноттар өзара кескілескен француз жұртының қайғылы халі есіме түседі... Заты, кәртайғанда біздің ойымызға ескінің жа- ғымсыз жағы көбірек елестейтін де болар. Өз заманыңды дұрыс түсініп, шын жақсы көру үшін өткенді еске түсіру залал емес. Салыстырмай айтылатын «жаман», «жақсы» деген сөздер қарапайым әріптер тіркесінен туған сұрқай дыбыстар ғой. Тарихта болған ірі адамдардың Ильичке ұқсас екі жері бар: ол тек қана анасынан бала болып тууы, сонсоң өлімге ара тұра алмауы. Ұқсастығын айтқаннан кейін айырмасын да өзімше көрсетіп өтейін. «Әрбір қызғыш өз көлін қорғайды», әрбір адам өз заманын, өз отанын сүйеді. Бірақ өткен дәуірдің де іске татыр әділ ұлдарын сыйлай да, үлгі етіп ала да біледі...

  • Екі нүктенің арасындағы төте жол-тура сызық, деп бастады Әділбек, суып қалған шайын жұта



отырып: бұл Владимир Ильич тартқан жол. Бұрынғы талай сабаздар көксеп өткен сорап, қазір даңғылданды. Коммунизмге тура апаратын теңдік, бостандықтың қасқа жолы осы. Міне, біз жететін биік мұнара енді көрінді коммунизм сарайының есігі ашылып тұр. Жер шарының тең жартысы қазір осы сапарда. Қалған жартысы ше? Олар ма?! Олар кейбір өресі тар оспадардың айтағына, некен-саяқ итаршылардың бұқпантай митыңына еріп аз-кем кешігер, артынан қатесін мойнына алып, олар да барады. Бұған кәміл сенем.

Міне, осы қасқа жолды бізге сызып беріп кеткен Владимир Ильич Ленин.

Осыдан отыз жыл бұрын «Күн тіл қатты» деген өлеңді оқығанда өрескел көрдік, ақындар аузына келгенін айта береді деп кекеттік те, ал бүгін жер серігі аспан әлемін аралап сол күнмен күнде сөйлесіп жүр. Отанымыздың ракетасы айды өз үйіндей көреді. Совет ракетасы мен совет айының ұшырасқанын біздің фотокорреспонденттеріміз суретке басып алды. Баяғыда алшақтықты айтқанда «жер мен көктей» деп тамсанушы едік, қазір ол теңестіру ыңғайсыз көрінеді. Жер мен көк тұтасып, алақанның аясына сыюға аз-ақ қалып тұр.

Ленин жасап кеткен жиырмасыншы ғасырда, бір кезде арман еткен электр дәуірінен өтіп, атом дәуіріне жеттік. Еркін адамның басын қосқан тобы Коммунистік Отанның абыройын аспанға көтерді. Лениндік Коммунистік партиясының табыстары дұшпанды күйіндіріп, досты сүйіндіріп отыр. Айта берсең табысымыз таусылмайды... Ал, осыған жеткізген кім? Ол Ленин. Мен өзім көзіммен көріп, сөзін кұлағыммен естігем. Орта бойлы, ай мандайлы, тілін тісіне төсеп сөйлейтін, жылдам аяңдайтын елгезек, кішіпейіл, кәдімгі қарапайым адам еді ол!

Мен Ильичтің мәжілісте отырып өз тұстастарымен айтысқанын да естідім. Ол батыл жүректі, терең ойлы, тапқыр тілді, қаймықпайтын қайсар жан екен. Пікір майданында шыңдалған

темірдей адам. Революция жолында қыңыр жүрген дұшпанымен келісімге келмей кескілескен сол Владимир Ильич! Ол жалтақтамайтын, сөзі де сұлу, ойы да құнарлы еді. Шырағым, сонау аласапыранда кім адаспады. Біз де талай жаза бастық қой. Сонда ұсақ ұлттың өкілдері деп аяды ма екен, кім білсін, әйтеуір ол қате мен қылмысты айыра білетін данышпан екенін ұғындырды-ау!.. деді Әділбек.

  • Я, ақсақал, бағанадан бері айтқан тарихыңыздан көрі, маған осы бір сөздеріңіз ұнап қалды. Айта беріңіз, дегенімде Сара Сергеевна:

  • Шалымды шаршаттың ғой, балам, жүрегі жаман еді, біраз дем алсыншы. Көрген-білгенін ақтаратын тыңдаушы таба алмай жүргенде жақсы кездестің, бірақ кәрінің сөзі таусылмайды, деп ескертіп өтті де шайын жинай бастады. Аңырып отырып қалдық.

Сол минутта «Владимир» деп атын тауып қойған ардақты ата- ана да, ұлы сапарда қажымай көмек берген айнымайтын сүйген жары Надежда да, Октябрь таңының жаршысы «Аврора» да бәрі де қат-қабат келіп менің көз алдымда иін тіресе қалды. Бірінен соң бірі жиі ауыса береді.

Енді бір заматта:



«Шіркін, Адам! Менің көкірегімдей күндей жарқырап тұрады да, сол күннің шұғыласына бөленген ұшан-теңіз дүние секілді ылғи алға басады! Жоғары өрлеп, жеппелете аяңдап, үдере тартқан, әлгі орасан әдемі Адам ғой, ол! Қажыған жанның ауыр қалжыраған сағатында, мен шарықтаған қиялымның бар қуатын жұмсап, сол Адамның асқаралы ұлы бейнесін көз алдыма келтірем» деп А. М. Горький көксеген Адам есіме түскендей болды. Ол Ленин еді!..

Өзі үшін емес, өзге үшін, езілген елдерге теңдік әперу үшін ерінбей-жалықпай өмірін сарп еткен Адам – жиырмасыншы ғасырдың ардақты көсемі.



Коммунизмге беттеген теңсіз телегей аттаныста, қару- жарақсыз, қанды жорықсыз, қолына ұстаған шамшырағы табанды идеясы ғана бар жиырмасыншы ғасыр, өткен бұлдыр ғасырларға сауырын да сипатпас-ау деп ұқтым!

Владимир Ильич Ленин жиырмасыншы ғасырда болған пролетариат революциясының данышпан көсемі. Ендеше, ол өзіміздің жақын замандасымыз.

«...Зор майданның ұраны да Ленин, Келешектің қыраны да Ленин.

Алтын сәуле күннің нұры ол таң Қара албасты түннің соры — Шолпан...»

деп жеткізе айтқан Сәкен ақын.


    • Шырағым, шаршаған жоқсың ба? Сара Сергеевна менің ежелгі сырласым, «кәрінің сөзі таусылмайды» деуі кекесін емес, «заманы өтіп кеткен қарттың сөзін жастар түсінбес» дейтін ойдың сарынын аңғартты ғой, Иесін таппаған сөз жесір, күші қайтқан қарттың әңгімесін мылжыңдыққа саяды ғой, деді Әділбек.

    • Шаршағам жоқ, аға, айта беріңіз, сөзіңізді қызығып тыңдап отырмын, шынымды айтсам, мен сізге енді жақындап келем. Бұрынғы ойым бұлай емес еді, дедім.

Осы сөзім қартты қытықтағандай болды да Әділбек серпіле түсіп, көсіле жөнелді.

    • Балам, деді ол маған үңіле қарап, менің сөзімнің бәрі дұрыс демеймін, керегін өзің таңдап аларсың...

...Құмарлық үшін бір күндік, Жүгірдік келіп жүгірдік. Құмарлық оты өшті тез, Жел көңілден түңілдік.

Атаққа бола бір күндік. Аямай жанды жүгірдік. Атақ та қысқа жалт етті, Отырмыз енді күмілжіп...



Міне, шырағым, осы ақын тура мені айтыпты. Кәрі шөңге ғой деп ойлаушы едім, өзі менен отыз жасы кіші
екен. Кейде ақындардың ұшқыр сезімі аңдамай айтып қалса да, алдыңды орап кететіні осындайда, деп, сүйсіне бір қобалжыды да былай толғап кетті. Саған таныс қой, Владимир Ильичті олар: айға да, күнге де, пайғамбарға да, арыстанға да, тұлпарға да, сұңқарға да, альбатросқа да теңестіріп көрді. Аристотель, Диогендерге де апарды. Кеше бір белді сыншымыз Прометей мен Фаустқа да ұқсатты. Бәрінікі де дұрыс. Өмір озған сайын Ленин образын беретін теңестіру де жаңғыра түспек. Бұл табиғи нәрсе. Бірақ осы теңеулердің ешқайсысы да менің ойыма ұялаған Ильичке сай емес. «Ай мен күн» ауыспалы жарық. Ленин бейнесі көз алдыңнан кетпейді. «Пайғамбар, Аристотель, Диоген, Прометей, Фаустар» алыста қалған бұлдыр ертегілердей елестейді. «Арыстан» –жыртқыш аң, үрейінді алады, «сұңқар» кербездіктің ғана белгісі. «Тұлпар» жүйріктің сынын береді.

«Альбатрос» – талмай ұшатын теңіз құсы. Осылардың әрқайсысы сыңар жақ, бәрін қоссақ бір бүтін туғандай...

Заманымыздың егде ақыны Сәбит те бір кезде:

Ленин кім?—Зарыққанда көрінген ұл


. . . . . . . . . . . . . . . . .

Қан майданда күреске талмай түсіп, Тап ісіне барымен берілген ұл.

Ол майданда белінен кешіп қанды

Маңдайдан тер ағызып, қинап жанды. Тар күнде еңбекшінің көшін бастап, Шам ұстап, көш тізгінін қолына алды...—

дейді. Міне, ол осындай ұл.

Арамыздан ертерек кетіп, олқылықты сезіп отырсақ та, келешек ұрпақтың жүрегінде ол Адамның мәңгі өлмейтініне сенемін.

Таудай толқын кездессе жарып өттім, Оттан және сескенбен, өзім отпын. Ленин айтқан... «Еркін өс, еркін жүр!» – деп Қысылуға дүниеге келген жоқпын.

Лениншіл бол, адам бол, еркіндеп бас, Сонда сен бір қамалсың жау ала алмас!



Міне, шырағым, өзіңнің замандасың Қасым ақынның осы тебіренуінде терең сыр жатыр, ойлап көрші, балам, деді де, орнынан тұрды Әділбек. Қош айтысып тұрып: Сұраған жанға сәлем айт, қалқам. Дос әркімде де бар, ол жақсы көреді, сондықтан дос қой.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет