100
ғана талап ете алады. Бұлардың барлығы жеке хақтарға
жататындықтан, еркектің әйелінің мал-мүлкінде
ешқандай хақы
жоқ. Әйелі рұқсат етсе ғана пайдалануға хақы бар. Әйел өз мал-
мүлкін өзi иеленуге ерікті. Ал әйелдің күйеуінде де, оның мал-
мүлкінде де хақы бар (мал-мүлкiндегi мәһр-нәпақадан бөлек жеке
хақтары да бар).
Әйелінің еріндегі хақтары мыналар:
1. Еркек мұсылман игi мінезбен әйелiн қадiрлеп,
жарасымды
өмір кешуге мiндеттi. Оның ешуақытта әйеліне жаманшылық
ойлауына болмайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Сендердің
(араларыңдағы)
ең жақсыларың – әйелдеріңе жайлы
болғандарың»
, – деген
1
.
Тек сырт көзге ғана сыпайы болып,
жеке қалғанда әйеліне
дөрекі мінез көрсету – жақсы еркектің iсi емес. Игi мiнездi еркек
– әйелін қадiрлей бiлетiн кiсi. Ақиқатында, әйел құрметке лайық.
2. Мұсылман еркекке жарының
қате-кемшіліктерін кешіре
алатын кеңпейілдi болуы – сүннет. Өйткенi хадисте:
«Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдері онымен сөз қайтарып
(салғыласатын, тiптi)
бірi күнi бойы
(онымен)
сөйлеспей қойған»
,
– делiнген
2
.
Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ елшісінен
(с.а.с.) артық әйелдеріне мейірімді адамды көрмедім»
, – деген
3
.
3. Ерi әйелiмен шектен аспай, орта дәрежеде ғана ойнап-күлуі
керек. Бұл әйелдің көңіл күйін көтереді.
4. Еркек
әйелінің намысын аяқасты етпей, қадiрiн сақтауға
мiндеттi. Және аяғы келеңсiздiкке апаратын iстен сақтандырғаны
жөн. Алайда арам ойға ерiп, әр қадамын аңдуға болмайды. Аллаһ
елшісі (с.а.с.) мұндай iстен қайтарған. Жәбир (Аллаһ
оған разы
болсын):
«Аллаһ елшісі (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: