Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет127/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

1. Көзді еркіне жiберу 
Аллаһ тағала қарауға тыйым салған ұятты орындардан көзді 
сақтау – адам баласын харам жолға түсуден қорғайтын бірінші 
қалқан. Аллаһ тағала еркектермен бiрдей әйелдерге де көз 
күнәсінен сақтануға бұйырып: 
«… 
(бөгде әйелдерге қараудан)
 
көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін қорғасын. Бұл олар 
үшін өте жақсы. Рас, Аллаһ олардың не істегендерінен 
хабардар. Мүмiн әйелдерге де айт: 
(бөгде ерлерден)
көздерін 
сақтасын. Әрі ұятты жерлерін қорғасын...»
1
, – деген. 
«Бір көру» немесе «қадалып қарау» деген мәселелерге 
немқұрайды қарауға болмайды. Бұл – нәпсiнi оятып, көптеген 
бұзық істерге жетелейтiн амалдардың басы. Осының салдарынан 
айрандай ұйып отырған отбасылардың шырқы бұзылады. Бiреудi 
көрiп, ұнатып қалған еркек те, әйел де әлгiнiң iзiне ерiп, баласын 
тiрi жетiм етедi. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) бөгде әйелге 
қараудан сақтандырып, қадалып көз салудан қайтарған. Жарир 
ибн Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын): 
«Мен Аллаһ елшісінен 
«абайсыз көру» туралы сұрағанымда, Пайғамбар (с.а.с.): 
«Көзіңді бұр»
, – деді»
, – деген
2

Яғни мұндай жағдайда күнәға бармас үшін қадалып қарамай, 
қайта көздi тайдырған жөн. «Байқамай көру» – жалпы адамдарға 
1
«Нұр» сүресі, 30-31 аяттар. 
2
Муслим, Әбу Дауд, әт-Тирмизи. 


107 
қарағандай назар салу ғана. Бұл қарау харам болмағандықтан, 
күнә есептелмейді. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): 
«Аллаһ елшісі (с.а.с.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет