6. Ашық әңгімелесу, қалжыңдасу, билеу Бұл үш ұғымның әрбіреуі ерлі-зайыптылардың арасына от
тастауға жеткiлiктi себеп болғандықтан, олардың әрқайсысын
жеке-жеке тақырып ретінде қарастыруға болар еді. Бірақ
көптеген адамдар үшін назарға ілінбейтін әңгімелесу, қалжыңдау,
билеудің қауіпті жақтарын ескерту мақсатында бұл үш тақырып
бірге талданды. Қазiргi қоғамда ерлер мен әйелдер сауда-
саттықта не жұмыс бабымен, тіпті ойын-сауық кештері мен
тойларда беталды араласуда ешқандай қымсынбайтын болды.
Әйелдер тiптi бөтен еркектермен ашық әңгімелесіп, саясат пен
түрлi қоғамдық мәселелерді талқылап, қалжыңдасып жүретіні
күнделікті өмірде айқын көрініс тапқан. Ал кейбір орындарда
әйелдер еш қысылмастан, керісінше, мұны кәдімгідей қалыпты
жайға балап, бөтен еркекпен ашық билейтін дәрежеге жетті.
Әрине, мұндай оғаш іс-әрекеттiң ақыры қандай жайға
ұрындыратыны баршамызға мәлім.
Негізінде, әйелге әке, аға-іні сияқты туысқандарымен
әзілдесуіне ешқандай тыйым салынбаған. Өйткені олардың
саналарында туыстығы жоқ еркектер мен әйелдер сияқты ұры
ойлар болмайды. Ал бөгде кiсiлердiң араларында қарау, ұстау,
сөйлесу, тыңдау сияқты зинаға себеп болатын iстер болуы
мүмкін. Сондықтан еркек те, әйел де бір-бірімен қатынас
жасағанда, ар-ұят, әдеп, салмақтылық деген сипаттарды бірінші
орынға қоя отырып, құмарды қоздыратын және бұзықтыққа
бастайтын істерден аулақ болғандары абзал.
7. Қайын жұрт «Қайын жұрт» атауы әйел үшін барған жерiндегi жақындары,
яғни күйеуiнің әкесі, аға-інісі, әкесінің аға-інісі және олардың
балалары мен күйеуінің анасы, әпке-қарындасы, нағашылары,
олардың ұл-қыздары мәнінде, ал еркек үшін әйелінің
туысқандары мәнінде қолданылады.
113
Бұл тақырыптың түпкі негізі Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
хадисінен алынып отыр. Өйткенi Ғұқба ибн Амир (Аллаһ оған
разы болсын):
«Аллаһ елшісі (с.а.с.):