9. Сауал-жауап Сұрақ: Көптеген елдерде ерлер мен әйелдердің қол алысып
амандасуы үрдiске айналған. Мұсылман еркек пен мұсылман
әйелдер бұл жағдайда не iстегенi дұрыс?
Жауап: Мұсылман ерлер мен әйелдердің қол алысып
амандасу әдетін біртіндеп жою керек. Өйткені бұл бiздiң
арамызға өзгелердiң сығалап жүрiп, елеусiз түрде кiргiзген әдетi.
Сондықтан шынайы мұсылман адам ешкiмнiң айтқанына
жалтақтамай, мұндай жаман әдеттерден батыл түрде бас
тартқаны жөн.
Сұрақ: Егер еркек лифтіде немесе көлікте, тіпті көшеде бiр
әйелмен оңаша кезiксе, бұл харам болған оңаша қалуға жата ма?
Жауап: Иә, бұл харам етілген оңаша қалуға жатады.
Сондықтан мұндай сәттерден барынша сақтану керек.