104
Сұрақ:
Күйеуінің хақтарына мән бермей, ораза, намаз,
зікір
сияқты ғибадаттармен көп шұғылданатын әйелдің әрекеті дұрыс
па?
Жауап:
Жоқ, әйелдің бұл әрекеті қате. Өйткені парыз
ғибадаттарын жасаудан өзге кезде күйеуінің хақтарын орындауға
бұйырылған. Сондықтан күйеуінің рұқсатымен ғана нәпіл ораза
ұстағаны жөн. Қысқасы, әйел күйеуінің
хақтарын орындауға
міндетті. Бұл – ғибадат әрі сауап.
Сұрақ:
Егер күйеуі «Көшеге шыққанда хижабсыз жүр,
әйтпесе ажырасамын» деп қорқытса, не iстеген жөн?
Жауап:
Әйелдің бұл сөзге бағынуына болмайды. Өйткені
«Жаратушыға күнәкар болатын
істе жаратылғанға бағынуға
болмайды». Күйеуінің талақпен қорқытуы әйелді күнә мен
жауапкершіліктен құтқара алмайды. Айтқанын орындаса, екеуi де
күнәкар болады. Бiрақ күйеуінің күнәсі артық болуы мүмкiн. Ал
әуретін
жабуды жөн санамаса, онда шариғат үкіміне қарсы
шыққаны үшін кәпір болады.
Сұрақ:
Әйелiн жұмысқа шығармауға еркектiң хақы бар ма?
Жауап:
Иә, хақы бар. Өйткенi мұндай жұмыстың пайдасынан
зияны көп. Отбасының берекетiн ойлаған адам күнкөріс
қиындығына шыдап, өзін де, әйелін де қатерге тікпейді.
Сұрақ:
Әйелі немесе қызы харамға барғанын көріп, оны
қайтармаған еркектің үкімі қандай?
Жауап:
Бұл – ар-намысы жоқ дайюс. Арабша «дайюс» сөзі
намысы тапталып жатса да, селт етпейтiн адам дегенді білдіреді.
Өкінішке қарай, ондайлар біздің заманымызда өте көп. Аллаһ
тағаланың Өзі оларға жәрдем берсін!