6. Етеккір келгенде, босанғаннан кейін және истихада кезінде әйелмен қосылу Етеккірi келген, босанған яки истихада мерзіміндегi әйелмен
қосылу үкімін айтпас бұрын бұл жағдайлардың қысқа да нұсқа
анықтамасын және оларға байланысты шариғат үкімдерін
қысқаша түсiндiрiп кеткен жөн.
а) Хайыз Әйел ағзасының өзгешелiктерiне байланысты, белгілі уақытта
олардың етеккiрi (хайызы) келiп, жатырынан қан бөлiнiп тұрады.
Бұл қан – ағзаның ауруға шалдыққанының белгiсi емес. Етеккір
бала тууға жарамды барлық әйелге тән. Ол – үш тәуліктен он
күнге дейiн созылатын қалыпты құбылыс (етеккiр мерзімі көбіне
бес немесе жеті күнге созылады). Егер бұл мерзім үш күннен кем
1
«Бақара» сүресі, 223-аят.
47
немесе он тәуліктен көпке созылса, онда истихада болып
есептеледі. Етеккір күндері көрiнетiн қызғылт яки сарғыш түстi
сұйықтық оның әлi бiтпегенiн, ал ақ түстi, қою сұйықтық әйелдiң
етеккiрден толық тазарғанын айғақтайды. Кей кездерi етеккір
қанының уақытша тоқтап, бөлiнбеуi де ықтимал. Алайда бұл да
етеккір күндеріне жатады. Етеккірден толық тазарған әйел
намазын жалғастыруы үшін және күйеуімен жақындасуы үшін
мiндеттi түрде ғұсыл құйынады.
Етеккірi келген әйел шариғат үкiмi бойынша намаз оқудан
босатылады және сол күндердегі намаздың қазасын өтемейді.
Ораза ұстамайды, бірақ сол күндердегі оразаның қазасын өтейді.
Сонымен бiрге оның мешітке кіруiне және Қағбаны айналып
тауап жасауына, күйеуімен жақындасуына рұқсат етiлмейді.
ә) Нифас Нифас дегенiмiз – бала туылғаннан кейін әйелдің жатыры
тазаланғанша көрінетін қан. Бұл қанның бiршама уақыттан кейiн
тыйылуы да, қырық күнге дейiн созылуы да мүмкiн. Босанған
әйелдің үкімдері жоғарыда айтылған етеккірi келген әйелдің
үкімдеріне сай келеді.
б) Истихада Әйел ағзасы кейбiр ауруларға шалдыққанда ағатын қан
«истихада» деп аталады. Яғни етеккір күндерінен басқа уақытта
яки етеккірден тазарғанына он бес күн толмай немесе
босанғаннан соң қырық күннен кейiн әйелден қан кетсе, бұл
истихада қанына жатады (истихада – патологиялық ауру себептi
келетін қан). Истихада қаны намаз оқуға, ораза тұтуға, Қағбаны
тауап етуге және басқа да ғибадаттарға кедергі болмайды. Бірақ
истихада көрінген кезде таһарат бұзылады.
Истихада кезiнде ерлi-зайыптылардың төсек қатынастарын
жасауына тыйым салынбаған. Тек қана әйел жыныс мүшесін
қаннан тазалап, жуып қойса жеткілікті. Өйткені бұл қан ласқа
жатады. Әрине, ластан әрқашан арылған жөн. Жоғарыда бiз
барлық мәзһаб ғұламаларының бiрауыздан етеккір мерзіміндегі
48
немесе босанған әйелмен еркектің төсек қатынасына баруын
харамға жатқызғанын айтып өттiк. Себебi Аллаһ тағаланың
Құранда: