44
болмағаны дұрыс. Ғұлама Мұхаммад әл-Абдари «әл-Мадхал»
атты кітабында: «Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ
әкесі екеуіне разы
болсын) егер әйелімен қосылмақ болса, бөлмеден емізулі баланы
да шығарып қоятын еді», – деген. Ал кейбір ғұламалар: «Тіпті
үйде мысықтың да болмағаны жөн», – деген. Яғни мысықтың өзi
де ескерiлгеннен кейін, басқасын сөз етудiң қажетi шамалы.
Әрине, бұл ескертудiң мақсаты –
қарап тұратын бөгде көзден
сақтандыру. Өйткені ұятты орынды міндетті түрде жауып, сырт
көзден сақтау қажет.
Осы орайда, көптеген адамдардың немқұрайдылық танытуы
себептi жете мән берiлмей келе жатқан
мына бір жайтқа назар
аудартқымыз келеді. Көп қабатты пәтер үйлерде тұратын ерлi-
зайыпты адамдар төсек қатынасына
барарда терезелерiндегі
перделерін жаппайтыны, көршілерiнен именбейтін болғаны рас.
Кей жағдайда олардың барлық әрекеттері
жарық жанып тұрған
терезелерінен айқын көрініп тұрады. Мұның барлығы әдепсiздiк
пен салғырттықтың салдары әрi нағыз келеңсiз iске жатады.
Достарыңызбен бөлісу: