«Әйелдерің – егіндіктерің, егіндіктеріңе қалай қаласаңдар да келе беріңдер...» 1 , – деген.
Бұл аяттан «Ерлі-зайыптылар қосылғанда қандай тәсіл, қандай
түрмен қосылса да күнәсі жоқ. Тек қана бір шарты бар. Ол –
әйелдің артқы мүшесінен аулақ болу», – деген үкiмдi ұғамыз.
Осы
орайда,
ерлі-зайыптыларға,
әсіресе,
дініне
берік
бауырларымызға айтарымыз: қосылу тәсілдеріне жетiк болу,
тақуалыққа еш қайшы келмейді. Мұны ұятсыздыққа жатқызу да
жөн емес. Өйткені еркектiң әйеліне қалаған жағымен еш
қысылмай-ақ келе беруiн Аллаһ тағаланың Өзi рұқсат еткен.
Демек, бұл мәселеде орынсыз қуыстану тақуалықтың емес,
керісінше, дінді білмегендіктің айғағы. Сондықтан иманды,
инабатты әйелдің күйеуіне әсем көрiнуі үшiн сыланып-
сипануына, наздануына және жарының iңкәрлiгiн оятатын барша
әрекеттерді жасауына ешқандай тыйым салынбаған. Керісінше,
бұл iстерi арқылы өзінің және күйеуінің сезiмiн харамға ауып
кетуден сақтағаны үшiн сауапқа iлiгерi анық.