Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет51/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

4. Алғашқы қосылу 
«Алғашқы қосылу» деп, жұбайлық өмірдің алғашқы түнін 
айтып отырмыз. Бұл түннiң ерлі-зайыптылар өмірінде ерекше 
орын аларына, олардың санасында мәңгiлiк әсер қалдыратынына 
көңіл аудармақпыз. 
Жігіттің де, қыздың да жұбайлық өмірдің алғашқы түні 
төсекте кездесудiң қалай боларын ойлап алаңдайтыны күмәнсіз. 
Бұл – адам баласының барлығына тән табиғи құбылыс. Бұл 
түннің ойша елестеткеннен мүлде өзгеше болуы мүмкін. 
Сондықтан алғашқы түннен бастап, араларын жалғап тұрған 
«нәзiк жiпке» зақым келмес үшiн, жас жұбайлар бір-бірінiң тiлiн 
тауып, әдептен аспай, үйлесiмдi һәм ұнамды қатынас жасағаны 
ләзiм. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың төмендегі істерге көңіл 
бөлгенi жөн: 


45 
Біріншіден,
ерi әйелiнің «пәктiгiн» алуға асықпағаны игi. 
Тіпті тойдан кейiн бірнеше күн өтсе де, бұл iстi жарасымды түрде 
жасағаны дұрыс. Өйткені асығудың ешқандай пайдасы жоқ. 
Екіншіден,
әйелдiң күйеуіне салқындық танытпағаны жөн. 
Себебi мұндай салқындық еркекке керi әсер етiп, оның өз-өзiне 
деген сенiмсiздiгiн тудырады. Ал мұның ақыры көбінесе 
отбасындағы берекенің бұзылуына, тiптi ажырасуына әкеліп 
соғады. 
Үшіншіден,
әлi «бетi ашылмаған» әйелдің алғашқы түнде 
ерiне деген ынтызарлығын толық көрсете алмасы анық. Бiрден 
«ибадан аттау» – оңай шаруа емес. Сондықтан еркек ойға алған 
iсiн орындағанша сабыр мен икем танытып, онымен үйлесер 
жолды iздегенi жөн. 
Төртіншіден,
жоғарыда айтқандарымызға қоса, ерлі-
зайыптылардың бір-бірімен жарасымды төсек қатынасын 
орнатуы да, осы «өткелден» қиналмай өтуге көмектесерi анық.
Бесіншіден,
жұбайлықтың бiрiншi түні бұл iстiң сәті түспесе, 
оны «белсіздік» деп бағаламаған жөн. Өйткені еркектердiң көбi 
әйелдер сияқты «иба табалдырығынан аттарда» ерекше бiр күй 
кешiп толқып, суып қалатыны шындық. Мұны белсiздiкке 
жатқызуға болмайды. Біршама уақыттан соң, ерлі-зайыптылар 
бір-біріне етене болып, сезімдерін де ашық бiлдiре бастағанда
арадағы көрiнбес кедергі өзiнен-өзi жойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет