тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар анық тазарса, оларға Аллаһ өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар...» 1 ,
– делінген.
Бұл аяттың мағынасы: «Әйелдің алдыңғы мүшесі етеккір
біткен соң ғана тазарады. Ал тiк iшек арқылы нәжiс
шығатындықтан, тік ішектің таза болуы мүмкiн емес. Сондықтан
еркек қасабасын кіргізгенде, мiндеттi түрде былғанып, нәжiс
болады. Ал мұсылман адамға денесінің қай мүшесін болса да
нәжiспен былғауға болмайды. Керісінше, нәжiстен тазалану
парыз етілген. Осы орайда ғұламалардың: «Еркектің жыныс
мүшесі зәрмен ластанған болса, оны сумен тазалап жумай,
әйелімен қосылуына болмайды. Сол секiлдi әйелдің де жыныс
мүшесі зәрмен ластанса, оны сумен жумай күйеуімен қосылуына
рұқсат жоқ», – деген сөзiн келтiргеніміз жөн.
Демек, ерiнің қасабасын әйелінің артқы мүшесіне кіргізуі
шариғатта харам етілген.
Мұсылман адамның шариғат үкімін аттап кетпесi анық. Ол
Аллаһтың бұйрығына толық бойсұнып, бағынады. Ал қазiргi
қоғамымыздағы дiнсiздердiң арасында зинақорлық, лиуат
(еркектің еркекке артылуы) сияқты харам iстердiң белең алуына
байланысты СПИД секiлдi адам ағзасының иммунитетiн жоятын
аурулардың және жыныс мүшелерінің аса қауiптi жұқпалы
дерттерiнiң орын алғаны кiмге де болса жасырын емес. Ендеше,
мұсылманға тән Аллаһтан бұйырылғанды орындап, Аллаһтың
әміріне мойынсұнсақ, бұл арам ажалға апарар ғасыр сырқатынан
аман боларымыз хақ.
1
«Бақара» сүресі, 222-аят.