Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет79/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

«Ей, Зәкария! Расында, 
сені бір ұл арқылы қуантамыз. Есімі – Яхия. Бұрын оған 
ешкімді аттас қылмаған едік»
1
, – деген.
Аллаһ Ибраһимді (аләйһис-сәләм) бастапқыда бір ұлмен 
қуантқан. Бұл жайында Құран Кәрімде 
«Оны өте мүләйім бір 
ұлмен қуанттық»
2
делінген. Яғни бұл жолы Исмағил (аләйһис-
сәләм) дүниеге келеді.
Сонан соң бірер жылдан кейін Ибраһимнің (аләйһис-сәләм) 
ұлы Исхақ (аләйһис-сәләм) туылады. Бұл жөнінде де Құранда: 
«...
(Ибраһимнің әйелін)
Исхақ және артынан Яғқубпен 
қуандырдық»
3
деп баяндалады. 
Перзентті болған адамды көргенде бiр кiсi: «Шабандоз құтты 
болсын!» – деген екен. Хасан әл-Басри оған: «Атқа шабарын 
немесе есек мінерiн қайдан білдiң?» – депті. Әлгі адам: «Қалай 
дегенiмiз дұрыс?» – дейді. Сонда Хасан: «Аллаһтың саған берген 
сыйы берекелі болсын! Бұл сыйды берген сыйлаушыға шүкірлік 
ет. Аллаһ саған оның балиғатқа жетіп, жақсылықтарын көруіңді 
нәсіп етсін», – деп айт!» – деген екен. 
ә) Сәбидің құлағына алғашқы естілетін сөз Аллаһтың зікірі 
болуы үшін сәби туған сәтте оң құлағына азан, сол құлағына 
қамат айтылуы керек. 
б) Әкесі немесе бір игі адамның құрманы шайнап, онымен 
сәбидің таңдайын сылауы сүннет амалына жатады. Өйткені 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалардың балаларының бірнешеуіне 
осылай жасаған. Бұл жайлы әл-Бұхари мен Муслимнен және 
1
«Мәриям» сүресі, 7-аят. 
2
«Саффат» сүресі, 101-аят. 
3
«Һуд» сүресі, 71-аят. 


67 
басқа да ғұламалардан риуаят етілген хадистерде баяндалады. 
Әбу Бәкір әс-Сыддықтың қызы әрi Абдуллаһ ибн Зубайрдың 
әйелi Әсма Меккеде көтерген баласын һижраттан кейiн 
Мәдинадағы Құба деген жерде босанады. Баланы Аллаһ елшісіне 
(с.а.с.) алып келгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) алдына алып, оның 
аузына шайнаған құрмасын жағады. Яғни сәбидің ішіне кірген 
алғашқы ауқаты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сілекейі болды. 
Сосын құрманы сәбидің қызыл иегiне жағып, оған береке тілейді. 
Ол – муһажирлер үшін Мәдинада алғаш туылған әрi оларды 
ерекше қуанышқа бөлеген сәби. Өйткені оларға мүшріктер: 
«Яһудилер сендерді сиқырлап тастады, енді бала көрмейсіңдер», 
– дейтін еді. 
в) Туылған балаға арнап, оның атынан ақиқа сою (яғни қой 
сою) ләзім. Бұл көптеген ғұламалардың айтулары бойынша 
сүннет саналады. Салман ибн Амирден (Аллаһ оған разы 
болсын): 
«Аллаһ елшісі (с.а.с.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет