Жұбайлар шаттығЫ


Еркекке тән сақтану тәсiлдерi



Pdf көрінісі
бет84/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

Еркекке тән сақтану тәсiлдерi 
1) Күйек. Бұл – еркектің жыныс мүшесіне күйек киюі. Күйек 
ұрықтың әйелдің жатырына кіруіне бөгет жасайды. 
2) Байлау. Бұл – еркектің мүшесіне ұрық келетін тамырды 
байлап қою әдісі. Мұндай әдiс пішуге жататындықтан, кейіннен 
еркек бала таптыруға жарамсыз болып қалады. 
3) Пішу. Пішу деп еркектің аталық безінің сылынып, ақта 
болуын айтады. Бұл – келешекте балалы болуды қаламауды 
түбегейлі шешкен еркекке жасалатын кіші операциялық әдіс. 
Екеуіне ортақ тәсiл (физиологиялық қалыпты жағдай) 
Аталмыш тәсілдiң нәтижесi ерлі-зайыптының iске жете мән 
беріп, қадағалауына тығыз байланысты. Сондықтан мұндай 
тәсілді «Еркек пен әйелге ортақ тәсіл» деп атадық. Себебi төсек 
қатынасы тек қана белгiлi күндерi (әйелдiң етеккiрi кетiп, 
тазарған кезiнде немесе етеккiрi келер алдында) жасалса, еркек 
пен әйелдiң ұрықтары кездеспейдi (ұрықтану болмайды). Себебi: 


73 
а) Дәрiгер-ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, бәлиғат 
жасынан етеккірі тоқтайтын жасқа дейін әйелдiң аналық безi 
айына бір-ақ рет ұрық (сперма) шығарады. 
ә) Бұл ұрықтың жарамдылығы қырық сегіз сағаттан аспайды. 
Бiрақ әйел жатырына түссе, қырық сегiз сағаттан астам уақыт 
бойына ұрықтануға жарамды. Мiне, осы кезде әйелдің тұқымы 
еркектің ұрығымен кездессе, әйелдің бойына бала бiтедi. Ал олай 
болмаған жағдайда, әйелден бөлiнетiн өзге де сұйықтықтармен 
бірге сыртқа шығып кетеді. 
б) Ұрық етеккір мерзімінен шамамен екі апта бұрын бөлiнедi. 
Алайда әйелдердегі етеккір мерзімі әртүрлі болуына байланысты 
ұрықтың жетiлiп-пiсуi де әртүрлі болады. Сондықтан ұрықтануға 
қолайлы уақытты белгiлеп айту қиын. Дегенмен гинеколог-
дәрiгерлер әрбір әйелдiң етеккір мерзімін есептеп, ұрықтануға 
қолайлы күндерді анықтай алады. Мiне, осы мезгiлде ерлі-
зайыптылар арасында төсек қатынасы болмаса, әйел өз бойына 
бала бiтпейтiндігіне сенуіне болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет