Әйелдерге тән сақтану тәсiлдерi Әйелдер дәрiгердiң көмегiмен ғана жүктiлiктен сақтана алады.
Ол үшiн медицинада мынадай тәсiлдер бар:
а) Жүктілікке қарсы түймедақтарды (таблеткалар) қолдану.
Бұл – әйелдер арасында ең көп тараған тәсіл.
ә) Әйелдерге арналған күйек қолдану. Әйел қосылудан бұрын
осыны қынабына салып алады.
б) Спираль. Бұл – жатырға орнатылатын арнайы медициналық
зат. Спиральдің ұрық пен тұқымшалардың кездесуіне бөгет
жасап, мүлдем ұрықтануды болдырмайтын және ұрықтанған
тұқымшалардың жатырдың шырышты қабығына жабысуына
бөгет болып, сыртқа шығарып жіберетін түрлері бар.
в) Байлау. Бұл тәсiл бойынша әйелдiң ұрық шығаратын безiнiң
жатырмен жалғасатын түтіктері (трубалары) байланады. Бұл
еркек пен әйелдің ұрықтарының кездесуi мен тұқымның жатырға
жетуіне бөгет болады. Бірақ бұл тәсілдің ақыры көп жағдайда
әйелді бедеулікке ұрындырады.