3. Сауал-жауап
Сұрақ:
Ерлі-зайыптылар үйленгеннен кейiн ғана өздерінің бір
емшектен емген туыс екенін білсе, не істегенi жөн? Балаларының
үкімі қандай болады?
Жауап:
Олар тез арада ажырасуы керек. Ал балаларының тегi
дұрыс деп табылады. Араларында болған қатынасты бiлместiктен
жасағандықтан, ол үшін ерлі-зайыптыға күнә тағылмайды.
Сұрақ:
Ерлі-зайыптылардың бір емшектен емген туыс екені
анықталса, оларға бұл туралы айту керек пе?
Жауап:
Иә, бұл бiлген адам үшін міндет болып табылады.
Мұнан кейінгі жауапкершілік ерлі-зайыптылардың өздеріне
жүктеледі.
Сұрақ:
Қамқоршының қамқорлығы үшін немесе емізушінің
емізгені үшін ақы алуына бола ма?
91
Жауап:
Иә, анасы ажырасып кеткен болса, ақысын алуына
болады. Ал ерлі-зайыптылар үшін мұндайға жол берілмейді.
|