б) Ажырасқан ата-ананың хақы Ажырасқан ата-анаға балаларын көріп тұруға мүмкiндiк
берудiң үлкен мәні бар. Өйткені бұл баланың әке-шешесiне деген
сезімін оятып, сағынышын басады. Бірақ көбiнесе жұрт мұның
маңызды iс екеніне мән бермей, мейірімсіздiк пен қаталдық
секiлдi ізгілікке жатпайтын сезiмдердiң жетегiнде кетедi. Тiптi
кейбiр ата-аналар бұрынғы жарынан кек алу мақсатында
балаларын пайдаланатыны да шындық. Екi жаққа тиесілі
хақтардың да мүлтіксіз орындалып жатқанын қадағалаушы
«билік» жоқ болғандықтан, мұндай ата-аналарға «тағдырлары
бөлінген жарларыңа балаларын көруге тыйым салмаңдар» деп
ескерткiмiз келедi. Бұл – оларға да, балаларына да ортақ хақ. Ал
игі мұсылман ұрыс-керіс болса да, бiреудiң хақына қол
салмайтыны анық. Ажырасқан кiсiлер араларындағы жағдайға
қарамастан, бір-бірінің хақына нұқсан келтiрмегенi жөн. Бұл –
мінез-құлыққа, санаға байланысты iс. Олай болса, пенде Аллаһ
тағаланың алдында әрбір ісі үшін жауап беретінін есінен
шығармағаны абзал.