2. Қамқорлық (тәрбиелеу) Қайсыбір ана болсын «бұл iстен әлдебiр пайда табам» деген
оймен ғана перзентіне мейірімі түсіп, қамқорлық жасамайды. Ең
ақыры құстың өзi де жұмыртқасы мен балапанына қамқорлық
етпей ме?! Бұл да – сол секiлдi жүректен шыққан таза сезiм. Ал
ата-анасы қартайған шақта да осы қызықтан көз жазып қалмау
үшiн балаларына деген міндеттерін шариғатқа сай толық
орындағаны жөн. Ажырасқан ата-ананың талас-тартыстарының
зияны көбiнесе балаларына тиiп жататыны шындық. Тiптi
кейбiреулерi балаларын дауға араластырмаудың орнына, оларды
қару ретінде пайдаланады. Мұндай iстiң ақыры жақсылыққа
жеткізбейді. Ұяда көрген жаман өнегенiң кесiрiнен олар ата
діндерінен мақұрым қалып жатады. Негізінде, игі ата-ана
араларында келіспеушілік болып ажырасқан жағдайда, бiр-бiрiне
қояр айыптары мен талаптарын балаларына салмақ түсiрмей
жеткiзедi. Олардың араларындағы кикілжің-келіспеушіліктің
балаларына қатысы жоқ. Керісінше, ажырасудан ең көп зиян
шегетiн тек бала болып қалады. Себебі ол бұдан кейін ата-ананың
бірінен немесе екеуінен бірдей алыста, шын жетім болмаса да,
тiрi жетімнің күйін кешіп, жәутеңдеп өмір сүретін болады. Бұл
жағдай балалардың жүйке жүйесіне әсер етіп, жазылмас жара
қалдыратыны ақиқат.