87
сүтпен тамақтандыру» деген үрдіс болған емес.
Бұл әдет бізге
бала денсаулығы мен өсуіне немқұрайды қарап,
өздерінің дене
пішімдерінің өзгеріп кетуінен қауіптенетiн Батыс әйелдерiнен
келдi. Ал бүгіндерi Батыс елдерінің өзінде ««емізу» әйелдiң дене
пішімiне де, сұлулығына да керi әсер етпейдi, керісінше, ананың
сұлулығын, нәзіктігiн асырады»
дегендi айтып, баланы ананың
өзінің емізуіне үндеуде.
Ақиқатында, әрбір мұсылман (еркек не
әйел болсын) барлығынан бұрын Аллаһ тағаланы риза ететін
және өзіне сауап болатын істер мен сөздерді алға қою керек.
Аллаһ
тағаланың сауабы, мейірімі және ризалығынан үміт етіп,
сабырлылықпен бала көтерiп, босанудың қауіп-қатеріне шыдаған
мүмiн әйел мейірімiнiң бәрiн сәбиiне төгiп емізерi анық. Бұл –
сауапты iс әрi шексiз бақыт. Аналық бақыттың мәнi мен
мағынасы тым тереңде жатыр.
Аналардың әрқайсысы алдына
мынадай мақсат қоюы керек:
Бiрiншiден, «ана» деген атқа лайықты болу үшін сәбиіне
мейіріммен қарап, оған ақ сүтін мейірімін төге емізу.
Екiншiден, сәбиін өзi тәрбиелегенi жөн.
Оны қызметшіге
немесе балабақшаға тапсырып, «үйде
отырып жалықсаң,
жұмысқа шық» дейтін жұрттың сөзіне ермегені жөн. «Ана» деген
атқа әрқашан үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Үшiншiден, түз тағысы да төлiн тастамайды. Олай болса, адам
баласына бұлай жасау, тiптi де лайықты іс-әрекет емес екендігін
түйсіну.
Достарыңызбен бөлісу: