83
Жауап:
Жоқ, болмайды. Сау
баланы қалай жақсы көргендей,
оған да солай көңіл бөлу керек. Бұл – Аллаһ тағаланың
құзырындағы iс.
Сұрақ:
Жұрттың
көбi қыз балаға қарағанда, ұл туғанда,
ерекше қуанып жатады. Бұл күнә емес пе?
Жауап:
Жоқ, күнә болмайды. Өйткені
перзентке қуану адам
баласына тән мінез. Көптеген ерлі-зайыптылар бірінші
перзенттерінің ұл болуын күтеді. Мұнда ешбір оғаштық жоқ.
Аллаһ
тағаланың бергеніне риза болып, ұл туса да,
қыз туса да
реніш білдірмесе, жек көрмесе болғаны.
Сұрақ:
Жас жұбайларға «Тұңғыш перзенттерің ұл болсын!»
деп тілеу дұрыс па?
Жауап:
Негізінен, игі перзент тілеп, дұға еткені абзал.
Сұрақ:
Жаңа туған баланың ақиқасын
бірталай уақыт өтіп
кеткеннен кейін союға бола ма?
Жауап:
Иә, кейбір ғұламалар «болады» деген пікір айтады.
Сұрақ:
Әйел дәрігер бола тұра,
еркек дәрігерге барып
қаралған жүктi әйел күнәкар бола ма?
Жауап:
Иә, бұл – күнә. Өйткені амалсыз жағдайдан басқа
уақытта денесін бөгде еркекке ашып көрсету харам іс саналады.