Екіншісi: Ғұламалар «жаратылыс нышандары айқын көрiнiп
тұрған баланы алдыру – зор қылмыс» деп санаған. Сондай-ақ
«түсiк жасаған (шешеci немесе өзге адам болса да) баланың
құнын төлеуі керек» деген. Бұл жайында ғұламалардың кеңінен
түсіндіріп айтқан сөздерін фиқһ кітаптарынан табуға болады.
«Жаратылыс нышандары айқын көрініп қалған» дегені –
шарананың шашы, саусағы немесе аяғы сияқты мүшелерінің
пайда болып, анық көрінуi. Бұл кезеңде әлі жан кірмегенiмен,
баланы алдыру қылмыс болып табылады. Егер жасанды түсік
ешбір себепсіз жасалынған болса, тiптi харам.