Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет95/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

Үшіншісi:
Кейбір ғұламалар «Жаратылыс нышандары әлi бет-
бейнесінде анық көрiнбеген баланы алдыруға болады» деген. 
Бірақ бұл мерзiм алғашқы қырық күнмен шектеледі
1
. Біз фиқһ 
1
Хузайфа ибн Усайд (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): 
«Ұрыққа қырық екі күн толғанда Аллаһ бір періштені жібереді. Ол 
бейнелеп, құлағын, көзін, терісін, етін және сүйегін жасайды...», – деді», 


81 
ғылымының белгiлi мамандары имам әл-Ғазалидің «әл-Ихия», 
Қазиханның «Фәтәуа» атты кітаптарындағы осы мәселеге орай, 
шариғат үкімдеріне сүйене отырып, берген сөздерін келтірелік. 
Әл-Ғазали «сақтану» мен «жасанды түсiк» арасындағы 
айырмашылықты айта отырып, «жасанды түсiк» үкімiн «сақтану» 
үкімімен теңестiруге болмайтынын былайша түсіндіреді: 
«Жасанды түсiк – жаратылған нәрсеге қарсы қылмыс жасау. Бала 
бiрден жаратылмайды. Бірінші кезеңде жатырға түскен ұрық 
әйелдің бойынан бөлінген сумен араласып, тірілуге дайын 
болады. Оны бүлдіру – қылмыс. Егер ұрық суы ұйыған кезде 
түсік жасалынса, күнәсi одан да ауыр. Жан кіріп, жаратылыс 
белгiлерi толық болғанда жасалынған түсіктің күнәсі тiптi 
ауырлайды. Ал шарананың тірі шығуы қылмыстың ең үлкеніне 
жатады». 
Қазихан түсiк жасатуға болады деп айтқандарға жауап 
ретінде: «Мен бұған келіспеймін. Себебі бұл – ихрам киген 
адамға құс аулау мен жұмыртқасына тиюге тыйым салынғанмен 
бiрдей харам iс», – деген
1
. Баласын алдырған әйелдiң де 
жауапкершiлiгi осы секiлдi. Бірақ ол адам өлтіргендей күнәкар 
болмайды (егер амалсыз жағдайда жасалса ғана). 
Қорыта айтқанда, әлі адам кейпiне енбесе де, баланы алдыру 
харам деңгейіндегі мәкруһ. Ендеше, мұны жасаған адам күнәкар 
болады. Ал балаға жан бiтiп, бет-бейнесi бiлiне бастағанда 
алдырса, бұл тіпті харам. Бұл үкімдер амалсыз жағдайдан өзге 
кездерге байланысты айтылған. 
– деген (Муслим). Кейбір ғұламалар «бұл кезде ұрық әлі су күйінде 
болады, әйел сақтанғысы келсе, шығарып тастауға рұқсат» дегенді 
айтады. Бірақ ғалымдардың көбi бұл сөздің дәлелiн жеткiлiксiз санап, 
«бұны жасаған адам немесе жасауға себепші болған адам күнәкар 
болады» деген. 
1
Қажылыққа немесе умраға деп ихрам киген адам аулануына тыйым 
салынған құстың жұмыртқасын сындырып қойса, құнын төлеуге 
міндетті. Себебі жұмыртқа – құстың негізі. Ана ішіндегі су да баланың 
негiзi болғандықтан, екеуiнiң үкiмi бiрдей. 


82 
9. Жеріктік 
Жеріктік – психологиялық жағдай. Жеріктіктің белгісiн 
әйелдің бойына бала біткен кездiң алғашқы күндерінде байқауға 
болады. Олар: лоқсу, бір тағамнан немесе иістен жиіркену, бір 
асты жеңсік көріп (көбiне-көп қышқылдықтарды) ерекше қалау. 
Бұл жерде біз өзге мәселелерге емес, тек қана жеріктіктің ерлі-
зайыптының ара қатынастарына беретiн әсерiн баяндамақшымыз. 
Жеріктік кезiндегi болатын көңіл күйдiң тұрақсыздығы, жүйке 
мен дененiң әлсіреуі әйелдің сезіміне кері әсерін тигізетіні 
жасырын емес. Тiптi бұл кейде төсек қатынасына да кері әсерін 
тигізіп жатады. Өйткені бұл кезде әйел өз сезiмiне өзi ие 
болмайтындықтан, еркектің иісін жақтырмай, жақындаған кезде 
одан жиіркеніп тұруы мүмкін. Мұны күйеуін жек көргеннен емес, 
көңіл күйінің мазасызданып тұрғандығынан деп білу керек. 
Сондықтан бұл кездерде әйелге жеткiлiктi көңіл бөліп, онымен 
санасқан жөн. Игi мiнездi еркек әйелінің жерік екенін білгеннен-
ақ оның бабын жасағаны абзал. Жерік әйел шамасы жеткенше 
күйеуін риза етуге тырысуы керек. «Жеріктік» дегенiмiз – 
аналықтың алғашқы белгісі екендігін, ал анаға мейірімнің тән 
екендігін ұмытпаған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет