85
әпке-қарындас, нағашы,
нағашы апа, нағашы әпке, нағашы
қарындас, нағашы аға-іні жақын туыстар саналады. Емізу арқылы
қалыптасқан туыстықтың үкімі де дәл осындай.
Емшектегі бала
бір әйелді (төменде баяндалатын шарттарына сай) емсе, ол
емізуші әйел балаға «емізуші ана», оның күйеуі «әке», балалары
«аға-іні» және «әпке-қарындас», ал аға-інілерi мен әпке-сіңлілері
«нағашы» мәртебесіне ие болады. Сондықтан ол балаға есейе
келе бұлардың бірімен үйленуі харам етіледі.
Шариғаттың емізуге орай үйленуді харам ететiн үкiмдерi
болғандықтан, бұл мәселеге немқұрайды қарамаған жөн. Емізуші
әйел алдымен баланың тегiн анықтап алмай,
оны емізуіне
болмайды. Мұндай істе аса сақ болған жөн. Ал емізіп қойған
жағдайда, «пәленше деген әйел, пәлен-пәлен
деген қыздар мен
ұлдарды емізген» деп, жұртқа жария ету керек. Абзалында, бұл
жолмен туыстасқан адамдар білместiкпен үйленiп қоймасы үшін
АХАЖ (азаматтық хал актілерін тіркейтін бөлім) сияқты құзырлы
орындарда арнайы
бір кiтапқа тіркелетін болса, игi болар еді.
Ислам елдерінiң құзырлы орындарында «Сүт ана» деген бөлімше
ашылып, емізушілер мен емізілгендер тіркеліп отырса, неке қию
iсiнде шариғат талаптарының бұлжымай орындалатынына
септiгiн тигiзерi анық.
ә) Емізу хақы
Емізу – ананың баласы алдындағы бірінші мiндетi. Баланың
ана сүтiн тойып iшуге хақы бар.
Оны өз анасының емізгені
жақсы. Аллаһ тағала Қасиеттi Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: