Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет96/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

10. Сауал-жауап 
Сұрақ:
«Толғақ үстiнде қайтыс болған әйелге Ақыретте 
шәһидтің мәртебесі беріледі» деген сөз бар. Осы рас па? 
Жауап:
Иә, бұл рас. Бұл – ғұламалар айтқанындай, Аллаһ 
тағаланың мархабатымен болатын iс. 
Сұрақ:
Ананың өміріне қауіп төнгендiктен, баланы 
бөлшектеп немесе өлі күйінде шығарудан басқа жол қалмаса, не 
iстеген жөн? 
Жауап:
Шын мәнінде, ана өмiрiне қауіп төнген жағдайда 
бұлай жасау – міндет. 
Сұрақ:
Егер дәрігерлер іштегі баланың мертіккенін яки мешел 
екенін анықтаса, баланы алдырып тастауға бола ма? 


83 
Жауап:
Жоқ, болмайды. Сау баланы қалай жақсы көргендей
оған да солай көңіл бөлу керек. Бұл – Аллаһ тағаланың 
құзырындағы iс. 
Сұрақ:
Жұрттың көбi қыз балаға қарағанда, ұл туғанда, 
ерекше қуанып жатады. Бұл күнә емес пе? 
Жауап:
Жоқ, күнә болмайды. Өйткені перзентке қуану адам 
баласына тән мінез. Көптеген ерлі-зайыптылар бірінші 
перзенттерінің ұл болуын күтеді. Мұнда ешбір оғаштық жоқ. 
Аллаһ тағаланың бергеніне риза болып, ұл туса да, қыз туса да 
реніш білдірмесе, жек көрмесе болғаны. 
Сұрақ:
Жас жұбайларға «Тұңғыш перзенттерің ұл болсын!» 
деп тілеу дұрыс па? 
Жауап:
Негізінен, игі перзент тілеп, дұға еткені абзал. 
Сұрақ:
Жаңа туған баланың ақиқасын бірталай уақыт өтіп 
кеткеннен кейін союға бола ма? 
Жауап:
Иә, кейбір ғұламалар «болады» деген пікір айтады. 
Сұрақ:
Әйел дәрігер бола тұра, еркек дәрігерге барып 
қаралған жүктi әйел күнәкар бола ма? 
Жауап:
Иә, бұл – күнә. Өйткені амалсыз жағдайдан басқа 
уақытта денесін бөгде еркекке ашып көрсету харам іс саналады. 


84 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет