Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет99/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

в) Қолдан емізу 
Сәбиді арнайы сүт қоспаларымен тамақтандыру (емізікпен не 
қасықпен немесе басқа да жолдармен), «емізу» болып 
есептелінбейді. «Емізу» тек қана емізуші әйелдің сүтіне қатысты 
ғана айтылған. Ертеректе мұсылман елдерiнде «баланы жасанды 
1
«Бақара» сүресі, 233-аят. 
2
Кейбір ғалымдар ықтият ретінде үш ай, басқа бір ғалымдар алты ай 
сақтанған жақсы дейді. 


87 
сүтпен тамақтандыру» деген үрдіс болған емес. Бұл әдет бізге 
бала денсаулығы мен өсуіне немқұрайды қарап, өздерінің дене 
пішімдерінің өзгеріп кетуінен қауіптенетiн Батыс әйелдерiнен 
келдi. Ал бүгіндерi Батыс елдерінің өзінде ««емізу» әйелдiң дене 
пішімiне де, сұлулығына да керi әсер етпейдi, керісінше, ананың 
сұлулығын, нәзіктігiн асырады» дегендi айтып, баланы ананың 
өзінің емізуіне үндеуде. Ақиқатында, әрбір мұсылман (еркек не 
әйел болсын) барлығынан бұрын Аллаһ тағаланы риза ететін 
және өзіне сауап болатын істер мен сөздерді алға қою керек. 
Аллаһ тағаланың сауабы, мейірімі және ризалығынан үміт етіп, 
сабырлылықпен бала көтерiп, босанудың қауіп-қатеріне шыдаған 
мүмiн әйел мейірімiнiң бәрiн сәбиiне төгiп емізерi анық. Бұл – 
сауапты iс әрi шексiз бақыт. Аналық бақыттың мәнi мен 
мағынасы тым тереңде жатыр. Аналардың әрқайсысы алдына 
мынадай мақсат қоюы керек: 
Бiрiншiден, «ана» деген атқа лайықты болу үшін сәбиіне 
мейіріммен қарап, оған ақ сүтін мейірімін төге емізу. 
Екiншiден, сәбиін өзi тәрбиелегенi жөн. Оны қызметшіге 
немесе балабақшаға тапсырып, «үйде отырып жалықсаң
жұмысқа шық» дейтін жұрттың сөзіне ермегені жөн. «Ана» деген 
атқа әрқашан үлкен жауапкершілік жүктеледі. 
Үшiншiден, түз тағысы да төлiн тастамайды. Олай болса, адам 
баласына бұлай жасау, тiптi де лайықты іс-әрекет емес екендігін 
түйсіну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет