Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет98/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

«Аналар сәбилерін 
толық екі жыл емізеді. 
(Бұл үкім)
 емізуді кемшіліксіз етпекші 
болғандарға...»
1
, – деген. 
Дегенмен баласын мiндеттi түрде өзi емізсiн деген сөз жоқ. 
Сондай-ақ әкесi баласын анасынан өзге әйелге еміздіруіне де 
болады. Бұл – Исламнан бұрын да арабтарда болған әдет. 
Мәселен, Мұхаммедті (с.а.с.) сәби күнінде Халима бинт Сағд 
деген әйел емiзген. 
1
«Бақара» сүресі, 233-аят. 


86 
б) Емізу арқылы туыстық орнау (махрам) шарттары 
Емізу арқылы болатын жақын туыстық (махрам) тек екі 
шартқа байланысты ғана іске асады. 
Біріншісі:
Бала екі жасқа дейін емген болуы керек. Аллаһ 
тағала: 
«Аналар сәбилерін толық екі жыл емізеді. 
(Бұл үкім)
 
емізуді кемшіліксіз етпекші болғандарға...»
1
, – деген. 
Сәби екі жасқа толмаған кезінде бір әйелді емсе, «емізу 
себепті туыс болып қалу» үкімi оған қатысты болады. Оның 
сүттен шығып кеткендігі, екі жыл ішіндегі емізу үкімінің 
орнауына бөгет болмайды. Ал егер сәби екі жасты толтырған 
болса, онда емгендігінің аз-көптiгiн есептеп жатудың қажетi 
жоқ
2
. Жас есептеу күн күнтізбесімен емес, ай күнтізбесімен 
жасалады. Шариғаттың зекет, идда сияқты үкімдері де ай жүйесi 
бойынша есептелінеді. 
Екіншісі:
Бала емген сүт мөлшеріне байланысты. 
Туыс болуға жеткiлiктi сүт мөлшері жайында ғұламалар 
арасында әртүрлі пікірлер бар. Олардың кейбiрi: «Сәбидің ішіне 
бiр тамшы сүттiң жеткені анық болса, үйленуі – харам», – десе, 
екiншiлерi: «Тоятын дәрежеде болмаса да (бір рет сорcа да), бес 
рет емсе жеткiлiктi», – дейдi. Ғұламалардың уәжiнің бірін қолдап, 
таласқа шектеу қойып, ортақ пәтуа, үкім шығарар мұсылман 
басшысы болмағандықтан, бұл iстiң шешiмi әр елде әртүрлi 
қалыптасқан. Сондықтан бұл пікірлердің қайсысына орай амал 
жасалса да оқасы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет