Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет100/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

г) Емшектен шығару 
Аллаһ тағала Құранда сүттен шығару жайында:
«...екі жылда омыраудан айыруы бар...»
1

«...Оған жүкті болу, сүттен айыру отыз ай...»
2

«Аналар сәбилерін толық екі жыл емізеді. 
(Бұл үкім)
 
емізуді кемшіліксіз етпекші болғандарға...»
3
, – деген. 
1
«Лұқман» сүресі, 14-аят. 
2
«Ахқаф» сүресі, 15-аят. 
3
«Бақара» сүресі, 233-аят. 


88 
Демек, амалсыз жағдайдан өзге кезде баланы екi жылға дейiн 
емшектен шығармаған дұрыс. 
Дегенмен де, сәбиді емізіп жүрген ана өз бойына келесі 
баланың біткенін білсе, ана сүтiнiң бұрынғыдай болмайтынына 
орай, баланы емшектен шығарғаны жөн. Әлбетте, емізуді тоқтату 
– шешесінің қалауындағы іс. Баласын емшектен шығаруға шешім 
қабылдаған ана ауа райы біраз салқындап, адам өзiн біраз сергек 
сезiне бастайтын күз айларында шығарғаны абзал және сәбиді 
бiрте-бiрте сүттен тамаққа үйрету мақсатында аз-аздан тамаққа 
ауыздандырып, сәби тамақ жеуді үйренгеннен кейін емізуді 
тоқтатқаны дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет