«Егер басқаға тұрмысқа шығып кетпесең, баланы алуға (толық)
құқығың бар» , – деп жауап берді» , – деген
1
.
Қамқорлық құқығы иесінің бас тартуымен жойылмайды.
Сәбиді қамқорлығына алу құқығынан бас тартқанымен, оның
сәбиін қайтадан талап етуіне құқығы бар. Себебі қамқорлық
мәселесінде екі хақ бар: а) қамқоршының хақы, ә) баланың хақы.
Егер қамқоршыда бүкіл шарттар толық болса, баланың хақын
ешкім жоя алмайды.
ә) Қамқорлық мерзімі Ұл бала жеті жасқа, қыз бала тоғыз жасқа толған кезде
қамқорлық мерзiмi аяқталады. Мұнан соң қамқоршының баланы
алып қалуға хақысы жоқ. Баланы әкесіне немесе отбасындағы
әкесінен кейінгі адамға тапсырады. Ал баланың әкесі шариғат
бұйырғандай, балаға және баланың тәрбиесіне иелік етуі үшін
баласын қамқоршыдан қабылдап алуға міндетті.
1
Ахмад, Әбу Дауд, әл-Хаким.