Ерінің әйеліндегі хақтары мыналар: 1. Әйелі күйеуінің хақын өзінің және туыстарының
хақтарынан жоғары қоюы керек. Өйткені күйеуінің әйеліндегі
хақы өте үлкен.
2. Етеккірі келген және босанған кездерден басқа уақытта,
күйеуі әйелін қаласа, бұған қарсы келуге болмайды. Қай кезде
болсын күйеуі төсекке шақырған сәтте айтқанын орындағаны
жөн. Күйеуінің қалауын орындамаған әйел күнәкар болады әрi
оны періштелер лағынеттейді. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы
болсын):
«Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер ерi төсекке шақырғанда, әйелі бас тартып, күйеуі оған ашуланып жатса, таң атқанша періштелер ол әйелді лағынеттеп шығады» , – деді» ,
– деген
3
.
Талқ ибн Әли (Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер ерi қажетін өтеуге шақырса, әйелі тандыр басында