25
амалдары үшін көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты
білмейді»
1
, – деген.
Демек, жұмақта еркек те, әйел де қалаған рахат пен
қызықтарын табады. Екеуі де толық риза болады. Олар
жаннаттың осынау нығметтеріне және Аллаһтың мейіріміне қол
жеткізулері үшін бұл дүниеде ізгі амалдарды молынан істегендері
абзал. Еркектің отбасын, әйелін өзгеден қызғануы дұрыс әрі
қажет. Өйткені еркек өз абырой-намысын қорғауы тиіс. Бұл
қызғану үй-ішінде әдепсіздіктің етек алуына тосқауыл қояды.
Әйелі мен қыздарын қызғанған адам бөгде кісілер алдында
олардың әдепсіз, жартылай жалаңаш киінуіне, өзгелермен еркін
сөйлесуіне, қалжыңдасуына жол бермейді.
Бір қызығы, қазіргі заманда көпшілік бұлай қызғануды
«қаталдық» не «артта қалушылық» деп санайды. Алайда
адамдардың Батыстың жағымсыз әдеттеріне үйреніп, соның
тұтқыны болғанын ескерсек, бұған таңданудың реті жоқ. Батыс
қоғамы ұят, ар-намыс, абырой ұғымын білмейтін барлық
жағымсыз істерге рұқсат берген. Батыстың осындай азғындық
мінезін ұнататындардың түсініктері ар-намыс, абырой, құрметке
негізделген ислами қоғамның мінез-құлықтарымен үш қайнаса
сорпасы қосылмайды. Аммар ибн Ясир және Абдуллаһ ибн
Омардан (Аллаһ оларға разы болсын) риуаят етілген хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: