Жұбайлар шаттығЫ


«Жақсы көргендер үшін неке қиюдан



Pdf көрінісі
бет26/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

«Жақсы көргендер үшін неке қиюдан 
артық жол жоқ»
, – деген
3

Аллаһ тағала бұрыс жолға түсіп кетуден сақтандыру үшін 
мұсылман адамға әуелі көзге сақ болуды бұйырды. Өйткені көз – 
жүректің кілті. Сондай-ақ бөгде әйелмен жалғыз қалу, қол 
алысып, сүйісіп амандасу сияқты іріткі мен сорақы істердің 
бастамасы болатын амалдардың баршасы да – харам. Өйткені 
мұндай қатынастар жүректегі пәктіктің бұзылуына себепші 
болады. Егер жүрекке шоқ түссе, нәпсіні жүгендеу мүмкіндігі 
жоғалады. Аллаһтың мейіріміне бөленгендер болмаса, басқаның 
бәрі шырмауыққа оралады. 
1
«Әлі Имран» сүресі, 14-аят. 
2
Ахмад, ән-Нәсәи. 
3
Ибн Мәжәһ. 


23 
Қорыта айтқанда, сүюде күнә жоқ. Бірақ махаббат сезіміне 
бөленіп, харам істерге жол беруге әсте болмайды. Дегенмен еркек 
пен әйел бір-біріне көз салса, оңаша қалып қойса немесе 
әңгімелесулері себепті бірін-бірі жақсы көріп қалса, олар бұл 
үшін күнәға батпайды. Өйткені бұл – жүрекке байланысты 
олардың еркінен тыс жайт. Жүрекке ешқандай әмір жүрмейді. 
Алайда олар бірін-бірі жақсы көріп қалуға себепші болған істерді 
орындағаны үшін жауапты әрі күнәкар болады. 
Адал махаббатқа ешқандай кіршік түспейді. Әс-Суюти: 
«Махаббатын жүрекке жасырып, ізгілікпен жақсы көрген адамға 
сауап бар», – дейді. Бұл туралы «Ғашықтық» тақырыбында 
талқыланады. Қорыта айтқанда, жүректің махаббат торына 
шырмалуынан сақтанып, адам баласына тыйым салынған 
әрекеттерден аулақ бола білу нағыз игі істен саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет