Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет27/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

ә) Ғашықтық 
Ғашықтық – махаббаттың шырқау шегі. Сондықтан да ол 
адамды ізгілікке де, азғындыққа да бастауы мүмкін. 
Ғашықтықтың бәрін жаман, әдепсіздік деп қарастыруға 
болмайды. Махаббат сияқты ғашықтық та – адам баласы әмір ете 
алмайтын жүректің ісі. Бірақ адам баласы өз сезімін тізгіндей 
алмай, азғындыққа салынса, харам істері үшін жауап береді. 
Адам ізгілікпен ғашық болып, оны жүрегіне жасыра білсе, онда 
оған сауап бар. Тіпті имам әс-Суюти: «Ақыретте шаһидтер 
қатарында тұратындардың бірі – себепші болған іс харам болса 
да, ізгілікпен ғашықтығын жасырып өлген адам», – деген. Яғни 
ғашық адам еркек болсын, әйел болсын сүйгеніне қол жеткізе 
алмай, кіршіксіз таза сезімін жұрттан жасырып, оған сабыр етіп, 
тіпті құсалықтан өлсе, Ақыретте оған шаһидтің сауабындай сауап 
беріледі екен. 
Мұндай адамның сабырын шынайы бағалап көрсек, оған 
берілетін сауаптың зор болатынына көз жеткіземіз. Өйткені оның 
ғашықтығы құмарлық соңына түскен, жұрттың абырой-намысын 
аяқасты ететін, орынсыз, төмен дәрежедегі сүйіспеншілік емес. 
Ол – әрдайым жүрегінде лаулаған от жанып тұрса да, өзін пәк 


24 
ұстап, нәпсісін тыйып, ар-ұяттан аттамай, сабырлы бола білген 
адамның сезімі. Алайда жүректегі сезім оның еркінен тыс, оның 
бұл сезімге әмірі жүрмейді, оны өзгерте алмайды. Ол ізгілікпен 
сезімін жасырып, ғашықтық дертіне сабыр етеді. Соның 
нәтижесінде үлкен сауапқа ие болады. 
б) Қызғану 
Қызғану дегеніміз – адамның өзіне тиесілі нәрселерге басқа 
біреудің ортақтасуын қаламауы. Бұл да – махаббаттан 
туындайтын сезім. Адам өзінің сүйіктісін ғана қызғанады. 
Қызғану еркектің бойынан табылса да, әйелдің бойынан табылса 
да, жақсы қасиет деп есептеледі. 
Әйел күйеуінің екінші әйел алуына қарсы тұрып, қатты 
ашуланып, қызғанады. Бұл – әйел затының жаратылысына тән 
қасиет. Ол күйеуінің екінші әйел алуына үзілді-кесілді қарсы 
болады. Күйеуіне өзі ғана иелік еткісі келеді. Себебі ол күйеуін 
жақсы көреді. Жақсы көрмегенде, бұған мән бермес еді. 
Күйеуінің екінші әйел алуын қаламайтын әйелдің «көп 
әйелділікке» рұқсат еткен шариғат үкіміне қарсы келуіне 
болмайтындығын бірінші бөлімде айтқанбыз. Өйткені әйелдің 
қызғаныш сезімі салдарынан шариғат үкімдерін мойындамауға 
хақысы жоқ. Әйел шынайы, ізгі мұсылман болса, күйеуін 
қызғанып, екінші әйел алуын қаламағанына қарамастан, еш 
ойланбай шариғат үкімін қабылдайды. Осы жерде Аллаһ 
тағаланың жұмақта мұсылман ерлер үшін дайындап қойған хор 
қыздары болатынын айта кету керек. Мұсылман әйелдер ерлерін 
қанша қызғанса да, хор қыздарын жоққа шығара алмайды. 
Себебі, біріншіден, жұмақта күйеуімен бірге бола ма, жоқ па, оны 
білмейді. Екіншіден, жаннаттық адамның жан дүниесіне бұл 
дүниедегідей қызғаныш сезімінің жат екендігін әйелдер білуге 
тиіс. Үшіншіден, Аллаһ тағала жаннатта әйелдер үшін де 
көптеген нығметтер, сый-сияпаттар дайындап қойған. Әрине, біз 
ол нығметтерді түгел біле бермейміз. Өйткені жаннатта адам 
баласының көзі көріп, құлағы естімеген, ойына келмеген 
ғажайыптары бар. Бұл жайлы Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет